Лекции.Орг
 

Категории:


Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...


Агроценоз пшеничного поля: Рассмотрим агроценоз пшеничного поля. Его растительность составляют...

Жер төлемдерін бекіту әдістері.



Жер үшін төлемдер жер салығы негізінде жүзеге асырылады. Жердің ақылығы оның шектілігі мен құнарлы жерлердің аздығына байланысты. Жоспарлы экономика жағдайында жеке және кәсіподақтық салада салық болды. Жер рентасы мемлекет пайдасына алынып отырды.

Жерді қолдану құқығы негізінде төлем төлеулер төмендегі әдістеме арқылы есептеледі:

 

(8.8)

 

 

мұндағы Y -жер үшін нормативті төлем j-аймағы үшін жылдық ақшалай көрініс тапқан көрсеткіш;

R - j-аймағы үшін жердің халықшаруашылық құндылығы;

Ен - мезгіл факторын есептеу факторы,

Жердің халықшаруашылық құндылығы былайша есептеледі:

 

(8.9)

 

мұндае m - қоғаммен жасалған өндірістік қосымша өнім (теңге/жыл);

S -салық салынатын жер қоры;

g -қосымша өнімге жердің салған салымы ретіндегі фактор;

Kj - j- аймағы мен бүкіл елдегі бонит коэффициенті

 

 

Жер үшін төлем құнын анықтауд (g)-коэффициенті өндірілетін өнімдегі жердің қатынас фактор ретінде анықтау қиынға соғады. Бұл жағдайда ұлттық табыс үш факторлардың жиынтығы ретінде қарастырылады: өндірілетін қорлар табиғи ресурстар, жұмыс күші. Тек содан кейін ғана жердің сыбағалық үлесін анықтауға болады. Сондықтан көптеген зерттеушілер жер төлемін есептеуде оңтайландырылған әдісті қолдануды ұсынады. Жердің құны оны игеруге қажетті шығындар сомасымен өлшену тұжырымы да ұсынылды, онда жердің сапасына қарамастан кеткен шығындар жер үшінгі төлем ретінде қарастырылады

К. Каргажанов ұсынған жер үшінгі төлем(RП) нормативті табыстың (ПН) алтыдан бір бөлігі ретінде қарастырылады:

 

(8.10)

 

Алынған төлем сомасы төмендегідей негізделеді. Нормативті табыс үш негізгі факторлардың жиынтығы болғандықтан ол көрсеткіш 1/3 төлемінде болуы тиіс, сосын бұл көрсеткіш мемлекет пен жер қолданушы арасында бөлінеді, нәтижесінде жер үшін төлем 1/6 көрсеткішіне теңгеріледі.Бұл қағида нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдерде келісім-шарттар жасасу үшін қолданылады.

Формула негізінде түрлі сапалы жер үшін салық мөлшері анықталады. Мысалы ауыл шаруашылық жерін қолдану үшін төлем төмендегідей формуламен анықталады:

 

(8.11)

 

мұндағы - j-аймағы үшін (теңге/га) ауыл шаруашылық жер үшін салық

 

- жерді қолдану мен иелік ету құқығы үшін нормативті төлем:

 

(8.12)

 

мұнда Rjmin - - жердің халықшаруашылық мақсаттағы жердің құндылығы;

Sj - j-аймағының барлық жерінің ауданы (га);

Sj(C/X) - j-аймағының ауыл шаруашылық жерлерінің барлық аумағы (га);

j-түріндегі жер-судың нормативті төлемі төмендегідей анықталады .

 

(8.13)

 

Ауыл шаруашылық жерге салық жекелеген жер иеленуші мен жердің сипатына орай жергілікті әкімшілік нұсқауымен анықталады, салық мөлшері белгіленген көрсеткіш аумағында болады.

Егер жер тұрғылықты жер немесе өндірістік нысан ретінде қолданылса, оған ерекше күрделі салық салынады. Оған жерді қолдану мен жердің экологиялық ахуалын жақсарту сияқты салықтар енеді. Жаңа немесе бар кәсіпорынды кеңейту үшінгі жер салдығы нақты ауданның жер салығына сәйкес төлем алынады.

Жер салығын өңдіріп алу процесі транспорттық, инженерлік қызметтердің қызметінің шығындарының 3% теңгеріледі. Инфрақұрылымның ренталық бөлімі аймақтың өзгешілігіне байланысты анықталады. Шығындары шектеулі аймақтар үшін жер үшін салық белгіленген норматив негізінде жүзеге асырылады.

Қалалық жердің аймағын бағалау төмендегідей формуламен

 

(8.14)

мұнда F - і- факторына бағалау;

К - / факторы үшін территорияның маңыздылығы;

I -бағаланатын нысандардың сапасы (факторлар).

Интегральды көрсеткіштің үлесі балл арқылы сарапшылардың бағасымен анықталады. Қалалық жердің төлем мөлшері төмендегідей формула арқылы:

 

(8.15)

 

мұндағы Р - жер үшін жылдық төлем;

Ki -аймақтық қалалық құрылыс индексі;

Fi - кәсіпорынның алып тұрған территориясы;

s - сәйкес территория үшін салық.

Жерді тиесілі емес түрде қолдану үшін төлем экологиялық зиян көлемімен анықталады, тәжірибе жүзінде әр қосымша игерілген жер үшін төлем 3-еселік көлемде көрініс табады.

Қала құрылысы үшін жердің салық мөлшері жердің құнына қатысты болмайды.

Өтемақылық төлемдер жерді ауыл шаруашылық жерді мақсатына сай емес қолдануға байланысты. Егер кен өндіруші кәсіпорын (S1) жерді Т уақытқа алса, ал ауыл шаруашылық кәсіпорын (S2) жерін жоғалтқан жердегі өнімді өтемақылау көрсеткіші төмендегідей есептеледі:

 

(8.16)

 

мұнда R • S1 - дифференциалды рента соммасы;

d - уақыт аралығындағы шығындарды өзгерту;

D - таза табыс;

С • S2 -жаңа ауылшаруашылық жерді игеру үшін қажет шығындар.

 





Дата добавления: 2017-01-21; просмотров: 488 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.005 с.