Лекции.Орг


Поиск:




Андай жағдайларда iргетастарды бетон, шойтас және шойтасты қалаулардан жасаған жөн?




1) Іргетастардың негiзгi пiшiнiнен шығып тұратын бөлектерiн жасағанда;

2)Іргетастың иілетін жерлерiн жасағанда;

3)Іргетастың тік сығатын қысымдарды қабылдайтын жерлерiнде;

4)Іргетастың созылып жұмыс iстейтiн жерлерiнде;

5)Құйма иілгіш iргетастарды орнатқанда.

Андай жағдайда аралары ашық тақталы құрама таспалы iргетастардың пайдаланылуы жөнсiз?

1)Негiз түспелi топырақтың II түрiнен немесе аққыштық көрсеткiшi IL >0,5 саздан құралғанда;

2)Негiз тастан құралғанда;

3)Тығыз құмда;

4)Мәңгiлiк сазда;

5)Тоңданған топырақта.

Кірпіштен қаланатын қабырғалар астына жеке орналасатын iргетастарды қалай жасауға болады?

1) Жеке iргетастардың аралығын қыш қалаумен жалғайды;

2)Іргетастың арқалығын пайдаланады;

3)Жеке орнатылған iргетастар кірпіштен қаланған қабырғалар астына салынбайды;

4)Өзiнiң салмағын қабылдайтын қабырғалардың астына тоғыспа тәрiздi қалайды;

5)Әр түрлi әсерлердi қабылдайтын қабырғалардың астына тоғыспа тәрiздi қалайды.

168. Тайыз орналасатын iргетастар төмендегідей бөлінедi:

1)Кессондар;

2)Қадалы iргетастар;

3)Жыралық iргетастар;

4)Бұрғыланып жасалған тiректер;

5)Дара, таспалы, жиналмалы, құймалы, иілгіш және шомбал.

Iргетастың биiктiгi мен салу тереңдiгiнiң арасында қандай айырмашылық бар?

1)Іргетастың биiктiгi дейтiнiмiз iргетастың табанынан iргетастың жотасына дейiнгi өлшем, ал iргетастың салу тереңдiгi топырақтың бетiнiң деңгейiмен iргетастың табанының орналасқан деңгейiнiң айырмашылығы;

2)Іргетастың биiктiгi iргетастың салу тереңдiгiмен бiрдей;

3)Іргетастың биiктiгi iргетастың салу тереңдiгiнен кемдеу;

4)Іргетастың биiктiгi iргетастың салу тереңдiгiнен артықтау;

5)Іргетастың биiктiгi, iргетастың салу тереңдiгi iргетасқа берiлетiн жүктеменiң ауырлығымен байланысты.

Жердiң бетiнен бастап тереңге тараған негiздiкке арналған тұтас тас болса, iргетастың ең аз салу тереңдiгi қандай болмақ?

1)Іргетасқа берiлетiн жүктеменiң салмағымен байланысты тағайындаған жөн;

2)Инженерлiк жүйелердiң салыну деңгейлерiнен төмен;

3)Топырақтың тоңданатын мөлшерiнен төмен;

4)0,5 м;

5)Нөлге тең

Iргетасты орналастыру тереңдiгi құрылыс алаңы топырақтарының қандай түрлерiнiң тоңдануымен байланысты?

1)Майдатастың, шақпақтастың;

2)Майдатасты құмның;

3)Тастың;

4)Сазды, тозаңды және ұсақ құмды топырақтардың;

5)Ірi және орташа iрi құмның.

Iргетас табанының ауданы оның жотасы деңгейiндегi ауданынан неге үлкен?

1) Іргетастың отыруы шекті мөлшерден аз болуы үшiн;

2) Іргетастың қабылдай алатын жүктеменiң мөлшерi негiздiктiң қабылдай алатын жүктеменiң мөлшерiнен әлдеқайда артық болғандықтан, негiздiкке түсетiн қысымның ауданы үлкен болуға тиiс;

3) Құралымдау тиiмдiлiгiн арттыру үшiн;

4)Сәндiк үшiн;

5) Іргетас табанынан төменгі топырақтардың қысымның әсерінен ығысып жер бетіне шықпауы үшiн.

Iргетастың табанының ауданы қандай жағдайларда үлкейтiледi?

1) Іргетас материалы бұзылып iстен шықса;

2) Жер асты суларының деңгейi өскен жағдайда;

3) Жөндеу және қайта құралымдау кездерiнде салмақтық күштер елеулi өскен жағдайда;

4)Жер асты суларының деңгейi төмендеп кеткенде;

5) Іргетасты топырақ пен судың жегiштiк әсерлерiнен қорғаған жағдайда.

Ішкi және сыртқы ылғалданудан қорғаныштар не үшiн жасалады?

1)Болат арқауды сақтау үшiн;

2)Ылғалданудан қорғанышты жобаланған күйінде ұстау үшін;

3)Бетонды мүжiлуден сақтау үшiн;

4)Сульфаттық жегiштiктен қорғау үшiн;

5)Жер асты суы қысымының әсерiнен сақтау үшiн.

Iргетас пен қыш қабырға араларына оралған күйiнен жазылып төселетiн арнайы материал түрiндегi гидрооқшаулау не үшiн жасалады?

1) Ылғалдың капиллярлық көтерiлуiн тоқтату үшiн;

2) Сор шықтырмау үшiн;

3) Іргетастар материалдарын жегi әсерлерден сақтау үшiн;

4)Жылу сақтау үшiн;

5) Ішкi бөлмелердi ылғалдан қорғау үшiн.

Жер асты суларының деңгейi төленiң еденiнен төмен болса, әдетте гидрооқшаулау қалай жасалады?

1) “Сазды құлып” түрiнде гидрооқшаулау жасалады;

2) Сақтағыш қабырға түрiнде жасалған сыртқы гидрооқшаулау жасалады;

3) Іргетастың сыртқы жағына гидрооқшаулайтын қара май (мастик1)жағылып, ал қабырға мен еден арнайы сылақпен сыланады;

4)Ішкi темiрбетонды жабынмен қысылған гидрооқшаулау жасалады;

5) Бастырғыш бетон қабаты құйылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1183 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

888 - | 796 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.