Лекции.Орг


Поиск:




Практикалық сабаққа арналған




 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Қызылорда, 2016

Практикалық жұмыс № 1 (1 сағат)

 

Тақырыбы: Суды пайдалану мен қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі нормативтік құжаттар.

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк
бақылауды ұйымдастыру әрi жүргізу Ережесі.

1. Осы Ереже су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру әрi жүргiзудiң тәртiбiн белгілейдi.

2. Мыналар: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы; жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган; өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган; ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган; фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырушы органдар болып табылады.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi және олардың қызметiн үйлестiредi.

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекарасының және ерекше қорғалатын су объектілерiнде белгiленген шаруашылық қызмет режимiнiң сақталуын;

2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдер шарттары мен талаптарының орындалуын;

3) су объектiлерi бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң, су тұтыну мен су бөлу лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;

4) су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерi мен су қоймаларын пайдалану ережелерi сақталуын;

5) су объектiлерiнен алынатын әрі оларға ағызылатын су мөлшерiн бастапқы есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн, су сапасын анықтаудың, су тұтыну мен су ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратураның болуы әрі олардың жай-күйiн, су пайдаланушылардың есептiліктiң және осы жабдықтар мен аппаратураны мемлекеттiк аттестаттаудың белгiленген мерзiмiн сақтауын;

6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға лицензиялар мен рұқсаттарда белгіленген шарттармен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (cу тасқыны, су басуы, топан cу, жағалауды қиратуы және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi іс-шараларды орындауын;

7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң заңнамада белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;

8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргiзудiң заңнамада белгiленген тәртiбi сақталуын және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алудың жүзеге асырылуын;

9) белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық құжаттаманың болуын әрi экономика салалары объектiлерiн, салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандырудың және су объектiлерiн, оларды қорғау аймақтары және белдеулерiн пайдалану мен қорғаумен байланысты өзге де қызметтiң оларға сәйкес болуын;

10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су объектiлерiн қорғау аймақтары және белдеулерiнің аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берілмеуiн

11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiн, озық тәжiрибенi су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шараларды кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзудi бақылауды жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілеттi орган, өнеркәсiптік қауіпсiздiк саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салуаттылығы саласындағы уәкілетті орган, ветеринария саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган, фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және жергiлiктi атқарушы органдар: өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; су қорының сапалық әрi сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргізудi ұйымдастырады; су заңнамасының бұзылуын жоюға шаралар қабылдайды; су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады; белгiленген талаптар бұзылып жүргiзiлген су объектiлерiне сарқынды суларды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ судың жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiстiк объектiлер, цехтар мен кәсiпорындар қызметiн тоқтату туралы белгіленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.

Мақсаты: Суды пайдалану мен қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі нормативтік құжаттармен жұмыс жасап үйрену.

 

Сұрақтары

1. Су қорын пайдалану дегенімізді қалай түсінесіз?

2. Су қорын қорғау саласындағы уәкілеттi органдар?

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармалары?

4. Су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелерi мен су қоймаларын пайдалану ережелерi?

 

 

Практикалық жұмыс № 2 (1 сағат)

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Су Кодексі.

 

Қазақстан Республикасының Су Кодексі (қорытынды және өтпелі ережелерді қосқанда ) 11 - бөлімнен, 32-тараудан, 146-баптан тұрады.

1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

5-бап. Су объектiлерi

6-бап. Су ресурстары

7-бап. Су қорының жерлерi

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар.

2-тарау. Су қатынастары объектілері

11-бап. Су қатынастары объектiлерi

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

13-бап. Жер асты су объектiлерi

14-бап. Теңiз сулары

15-бап. Трансшекаралық сулар

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері

20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Су Кодексімен, негізгі ережелер және су қатынастары объектiлерiмен танысу. Баптарды жеке талдау.

Сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасының Су Кодексі?
  2. ҚР Су Кодексінің негізгі ережелері?
  3. Су қатынастары объектiлерi?

 

Практикалық жұмыс №3 (1 сағат)

 

Тақырыбы: Су объектілерін пайдалану құқығы.

 

Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар.

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

23-бап. Су сервитуты

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің жауапкершiлiгi

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Су Кодексі. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтарымен танысу. Баптарды жеке талдау.

Сұрақтары

  1. Су объектiлерiн пайдалану құқығы?
  2. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы?
  3. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу?

Практикалық жұмыс № 4 (1 сағат)

 

Тақырыбы: Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу

Кіріспе. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті.

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу

5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті

36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

37-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті.

Мақсаты: Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті. Баптарды жеке талдау.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 499 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

1467 - | 1431 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.112 с.