Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі
Лекции.Орг

Поиск:


Б) мысал. Ақпарат жинаудың ұжымдық әдісі




Мәліметтерді интерсубъективтік жинау мен қорытындыны бақылау үшін, өз сабағыма

сыншы дос және бақылаушы ретінде қарым-қатынасымыз жақсы қалыптасқан, осы сы-

ныпта басқа пәннен дәріс беретін мұғалімді шақыру туралы шешім қабылдадым.

Сөйтіп, триангуляцияны қамтамасыз ету

үшін зерттеу материалы үш дереккөзден жиналды:

1) Сыныптағы мұғалім:

а) Журналдағы және сыныптағы жұмыс бойынша әріптесімен және оқушылармен

талқылаудан кейін дәптерлердің шетінде жазылған ой-түйін, белгілерді зерделеу.

ә) Сабақта іріктеліп алынған үзінділердің жазбасы.

2) Оқушылар:

а) Үдеріс (зерттеу жобасы) аяқталған соң мұғаліммен (іс-әрекетті зерттеушімен) және

сыншы доспен жартылай еркін нысандағы әңгіме.

ә) Сынып жұмысынан кейін таратылған және төмендегі сұрақтарды қамтыған сұрау

парақтары:

• Жіктелетін тақырыптарды талдау кезінде Сіз қандай қиындықтарға кездестіңіз?

• Сіз үдерісті қалай сипаттар едіңіз? (бәрібір, іш пыстырады, қызықты, өзге)

• Оны жетілдіру жөніндегі Сіздің ұсыныстарыңыз қандай?

• Жіктелетін тақырыптар бойынша оқушылардың жұмыстары.

3) Сыншы дос:

а) Қызметін бақылау және үдеріс барысында жазылған жиектердегі белгілер.

Мұғалімдер пайдалана алатын деректерді жинаудың басқа құралдары төмендегі кестеде

келтірілген.

Кесте.

Күнделікті зерттеу жүргізуге арналған құралдар

Сыныптағы карточкалар

*Сынып дизайні мен ұйымдастыру жұмысына сыни көзқараспен қараңыз. Қабырғада кімдердің жұмыстары орналастырылған?

Суреттер және фотосуреттер

*Шапшаң жасалған нобай, белгілер.

Нобайлар мен фотосуреттерді жекеле-

ген оқиғалар мен уақытша таңдауларды

тіркеу үшін пайдаланылатын дәптерге

орналастырыңыз.

Жағдаяттық жазбалар

* Күнін әрдайым белгілеп отырыңыз.

*Уақытын жүйелі түрде белгілеңіз.

Сұхбат және әңгімелер

*Әрқашан күнін, уақытын, орнын және

сұхбат беруші адамның (адамдардың) атын

жазуды ұмытпаңыз.

*Әңгіменің немесе сұхбаттың мақсатын күні

бұрын ойластырып алыңыз. Нені білгіңіз

келеді?

Жауап алу

*Егер салыстырмалы деректер алғыңыз кел-

се, үлкен топ немесе тұтас сыныпта жауап

алу жүргізуге болады.

*Берілетін сұрақтардың түрлеріне назар ауда-

ру өте маңызды.

Социограммалар

Социограмма сыныбыңыздағы әлеуметтік

желіні таныстыруға көмектесетін сараптама-

лық құрал болып табылады.

Ртүрлі уақыттарда жүргізілген

Бақылаулар

Жоғарыдағы мысалды қараңыз.

Мұғалімнің зерттеу журналы

Әрбір зерттеуші-мұғалім өзі жүргізетін зертте-улерге арнап журнал жүргізуге тиіс.

Деректерді жүйелейміз

Түрлі көзқарастарды қарастыру үшін ең болмағанда үш түрлі құралды қолдану оң нәтижелі тәжірибе болып табылады.

Деректерді талдаймыз

Талдау – зерттеу жүргізуде қолданылатын өз тәжірибеңізді ұғыну негізі. Талдау көзі дерек-

терден басталады. Деректер ешқашан өздігінен сыр ашпайды. Мұны есте сақтау аса маңызды.Тәжірибені жетілдіреміз

Бұрын пайдаланылған мысалда автор тәжірибенің өзі өзгерткісі келген жеке аспектісін анықтады. 4-мысал: Циклдік үдеріс

Бумердің пайымдауын- ша, талқылау аса маңызды рөлге ие болған кезде білім беру бағдарламасының кезеңдері іс-

әрекеттегі зерттеу циклінің кезендерімен барынша ұқсас:

Жоспарлау → Талқылау → Оқыту және үйрету → Оқытушылық қызмет → Бағалау

(Boomer et al., 1992).

Жоспарлау → Іс-әрекет → Бақылау → Талдау → Бағалау (Kemmis & McTaggart, 1988).

Іс-әрекеттегі зерттеу оқушылар қалай оқитындығы немесе тәжірибені жетілдіру үшін

мұғалімдер не істей алатындығы туралы біздің барлық сұрақтарымызға жауап бере алмайды.

Алайда, іс-әрекеттегі зерттеу осы сұрақтар туындайтын жерде, нақты іс-әрекет қолданылатын

жерде жүргізіледі және ол дереу іс-әрекетке кірісуге мүмкіндік береді.__

 

 

78-83 «Тәлімгерлік» пен «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте сино-ним ретінде қолданылады, Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, иде-ялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

«Тәлімгер» (ментор) ұғымы грек мифологиясынан алынған: өзінің аңыздағы саяхатына аттанар алдында Одиссей кішкентай ұлы Телемахты ең жақын досы – Ментордың бауыры-на салып, асырауға қалдырады. Содан бері Ментор атауы құнын жоғалтпай, ең сенімді адам ретінде қабылданады, ол өзара сенімділік жағдайында неғұрлым тәжірибелі адам ретінде өзінің білімімен бөлісуге дайын болады.

Коучинг, керісінше, тренерде міндетті түрде біршама мұғалімдік тәжірибенің болу-

ын көздемейді, сонымен бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік дағдыларды беруге бағытталады.

Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның бары-

сында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:

• тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;_ стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;

• тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға

көмектеседі.





Дата добавления: 2017-01-21; просмотров: 1261 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.