Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Екенші кезекте оқитын оқушылардың күн тәртібі

Тақырыбы: Күн тәртібінің гигиеналық негізі

Жоспар

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар

Оқушының күн тәртібі

 

1. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауаада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады. Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршау, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды. Гигиеналық талаптарға сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды. Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт сайын, жоғары сыныптғылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек.

¨ Жұмыс орны таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талаптарға сай болу керек: температура –20-220С, ылғалдылығы 50-70%, жарығы мол.

¨ Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 7 жаста 10,5-11 сағат, 10 жаста 10-10,5 сағат, 11-13 жаста 9,9,5 сағат, 14-17 жаста 8-9 сағаттан кем болмау керек. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұруға дағдыланғаны жөн. Бастауш сынп оқушылары кешкі сағат 9-да, ортанғы сынп оқушылары 10-да, жоғарға сынып оқушылары 10-11-ден бастап ұйықтағаны жөн.

¨ «Ас-адамның арқауы» демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуге болады.

¨ Күн сайын бос уақытта әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану, кино-театрға бару және т.б.).

Күн тәртібі

Қазіргі кезде техниканың қатты даму адам организміне, өмір қарқанына, жүйке-жүйесіне көп талап қояды. Сондықтан жұмысқа, оқуға дұрыс көңіл аудару, күш-қуатыңызды дер кезінде қалпына келтіру өте маңызды.

Ағзаны дұрыс қалпына келтіруге күн тәртібінің жеке гигиенасы қажет, болмаса аптасына, айына және жылына – жылдық жүкремелерді ескере отырып демалысты, каникулды пайдалану керек.

Күн тәртібін дұрыс қолдану дағдылықты, жүктемені дұрыс бөлуге, бос уақытты дұрыс пайдалануға әкеледі. дұрыс күн тәртібі жүйке жүйесін күйзелуден, шаршаудан, тұйыққа тірелуден сақтайды. Дұрыс қарастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты, жұмысқа қабілеттілігінді арттырады.

Күн тәртібін құрастыру келесі кезендерден тұрады

 

А) дұрыс ұйықтау мен демалуды қалыптастыру.

Б) қысқа уақытты таңғы жаттығу және сумен шынықтыру.

В) қалыпты тағамды қабылдау.

Г) күнделікті серуен.

Д) физикалық жаттығуларға, жүгіруге, шынығу жаттығуларына арнайы уақыт бөлу.

Е) демалыс және жұмыс күндерді тиімді тынығуды ұйымдастыру.

Егер біз күн тәртібі өте пайдалы болуы қажет десек, онда оны күнделікті орындауға, өмір салтына дағдыға айналдыруымыз керек.

Тәртіпке үйренуді бала күннен бастау керек. Ал, сауықтандыру шараларын қандай жастан болса да бастауға болады. Ең қызығы, екі-үш ай тәртіпті үздіксіз орындап жүріп қойып кетсе, адам өзін жаман сезініп, режимнің жақсы қасиеттерін сезіне бастайды.

Қандай да қол бос болмай, уақыт тығыз болған күнде де бәрін жасап үлгеру қажет: сабақты дайындау, физикалық дене жаттығуларымен айналысу, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, үй шаруашылығына көмектесіп, теледидар көруге немесе кітап оқу. Егер бұл іс-әрекетті жауапсыз орындайтын болсақ, онда уақыт жетіспейді.

Мынаны есте ұстау керек: барлық жетістіктерге жеткен адамдар, негізінен үш нәрсеге борышты:

1. Таланта.

2. Жоғары жұмыстық қабілеттілікке.

3. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек және демалыс уақытына.

4. Егер ерте кезден бастап еңбекті дұрыс ұйымдастыруды әдетке айналдырсаңыздар, жоғарғы жетістіктерге жетуге көптеген мүмкіндіктеріңіз бар.

5. Дұрыс ұйымжастырылмаған күн тәртібі, оның қайта-қайта бұзылуы, созылмалы эмоциялық стреске алып келеді, оның арты ауруға әкеліп соғады.

 

Адамның биологиялық ритмі (ырғазы)

 

Күн тәртібін енгізгенде ағзаға биологиялық ритмді қалыптастыру керек. Адам үшін ең маңызды ритм – тәуліктік. Көптеген үрдістер, яғни кіші биохимиялық реакциялардан бастап, жоғарғы жүйкелік қызметтер оған бағынады.

Мысалға адамның дене салмағы – 18 – 19 сағаттарда, температурасы – 16 –18 сағаттарда, жүрек – 15 – 16 сағаттарда, тыныс жиілігі – 13 – 16 сағаттарда, артериалдық қысым – 15 – 18 сағаттарда жоғарылайды.

Апталық ритмде сейсенбі мен сәрсенбіні, жұмысқа қабілет-тіліктің жоғарғы күні ретінде атап өтуге болады. Қысқа периодты ритмге 90-нан 100 минуттық орталық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғарлауы жатады: адам ұйықтап жатыр ма немесе ер кін сезініп жүр ме, физикалық дене еңбегімен немесе ой жұмысымен айналысуда ма, оған қарамайды,- әрбір 1.5 сағат сайын төмен, не жоғары қозуды, төмен, не жоғары еңбекке қабілеттілікті, жайбарақаттылықты, не қобалжуды сезінеді.

Егер сіздің күн тәртібіңіз күнделіктік ритммен сәйкес болса, егер сінде белгілі бір тәртіпке дағды қалыптасқан болса, онда сіздің биологиялық ритміңіз тәртіппен жақсы байланысқаны: ұйқы мен сергектік кезеңімен, төменгі не жоғарғы жұмыс қабілетіңізбен, тамақтану жәнеспортпен айналысатын уақытыңызбен.

Тәртіп қоғамдық-әлеуметтік қөзқарасқа ғана емес, сонымен бірге биологиялық жағынан да дұрыс. Мысалы, ас ішетін түскі не кешкі уақыт келсе, онда қарын мен барлық асқорту жүйесінде асты қорытуға дайындық жүре бастайды. Егер ұйқының уақыты келсе, сол уақыт шартты түрде ұйқыға жатуды қалайды. Егер сіз белгіленген уақытта сабақты дайындауға дағдылансаңыз, онда сінде жұмысқа ынталық биоритм қалыптасады. әрбір сабақтан кейін, сол сияқты мектептен соң, 10 – 15 минутқа қысқа мерзімді үзіліс жасап, бірнеше физикалық жаттығу жасаған жөн.

Оқушының күн тәртібі

Мектепте сабақ (бірінші кезекте) 8.30 минутта басталады. Егер оқушы 1 сағат 30 минут ерте тұрса, онда ол таңғы жаттығуды жасауға, сумен шынығуға, төсегін түзеуге, таңғы асын қабылдауға, киімдерін тәртіпке әкелуге, (оны кешке де жасауға болады), оқылықтарын қажетті дәптерін дайндауға, кешікпей мектепке баруға, бәріне де үлгіреді.

Мектептен келген соң тамақтану және демалу қажет. Демалу – диванда жату, не телевизор көру емес. Бірнеше сабақтан соң, отырып түрлі ойындар немесе физикалық дене жаттығуын жасаған дұрыс. Тамақтанып болғаннан кейін, бір ден дене еңбегімен айналысып, күш түсірмеу қажет.

Табиғатта серуендеп немесе велосипедті айдаудан бастаған дұрыс. Содан кейін футбол, волейбол, баскетбол немесе хоккей ойнауға болады. Ойын ойдағы ауырпалықты алып, эмоциялық жеңілдікке әкеледі.

Ойын кем дегенде 2 – 2.5 сағат болу керек, сосын үй тапсырмасын орындауға отыруға болады. Бұл тағы ұзаққа созылған қозғалыссыздық, ақыл-ой еңбегінің күйзелуі. Жақсы сезімді қалдыру үшін, сабаққа дайындалып болғаннан кейін тағы таза ауада болып, ойындар ойнаған пайдалы.

Кешкі астан кейін әдеби кітаптарды оқып, теле хабарлар көруге, музыка тыңдау, сурет салумен айналысқан, компьютермен, жан-жануарларды кермек етумен, тадиомен немесе басқа өзіңе ұнайтын нәрселермен айналысқан дұрыс.

Ұйқыға өз уақытында жату қажет, басқа жұмыстармен айналыспаған дұрыс. Егер сіз өз уақытында ұйқыға жатпасаңыз, онда ұзақ уақыт ұйқтай алмауыңыз мүмкін. Осы түн аралығында бір кезендер болады, ханша ұйқтайын десеңіз де, ұйқы келмейді.

Мысал ретінде күн тәртібі бойынша мекткпке бір інші және екінші кезекте оқитындарды алуға болады. Көріп отырғандай кейбір істер кейінге ығыстырылғанымен, жұмыс демалыспен алмасып, қозғалыссыз кезеңдер – қозғалысты ойындармен ауыстырылып отырады.

 

Бірінші кезекте оқитын оқушылардың күн тәртібі

 

7.00-7.15 – ояну.

7.15-7.45 – таңғы жаттығу, жуыну.

7.45-8.00 – таңғы ас.

8.00-8.20 – мектепке бару.

8.30-14.30 – мектептегі сабақ.

14.30-15.00 – үйге қайту.

16.00-17.00 – ауада болу.

17.00-20.00 – үй тапсырмасын орындау.

20.00-21.30 – кешкі ас және бос уақыты.

21.30-22.00 – ұйқыға дайындау.

22.00-7.00 – ұйқы.

 

Екенші кезекте оқитын оқушылардың күн тәртібі

7.15-7.30 – ояну.

7.30-8.00 – таңғы жаттығу, жуыну.

8.00-8.15 – таңғы ас.

8.15-11.30 – үй тапсырмасын дайындау.

11.30 -13.00 – ауада болу.

13.00-13.30 – түскі ас.

13.30-14.00 – еркін жұмыс.

14.00-14.20 – мектепке бару.

14.20-20.00 – мектептегі сабақ.

20.00-20.30 – үйге бару.

20.30-22.00 – кешкі ас және бос уақыт.

22.00-22.30 – ұйқыға дайындаулу.

22.30-7.30 – ұйқы.

 

 

Әдебиет: Жумабаев С. Жас ерекшелік физиология мен мектеп гигиенасы Алматы, 1996

Белецкая В.И. Гигиена детей и подростков М. 1982 Куценко Г.И. Основы гигиены М. 1980

Хрипкова А.Г. Гигиена и здоровье школьника М, 1988

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Расписание занятий по нижнетагильскому филиалу гбпоу сомк ацмо на 2016-2017 УЧ. Год
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1376 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.