Лекции.Орг


Поиск:




Архозаурлар кластармағы - Archosaurіa




Қолтырауындар не Крокодилдер отряды – Crocodіlіa. Дене тұрқы ірі 1,5-2 метрден 8-10 м-ге дейін жетеді; пішіні кесіртке тәрізді, құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болады. Танау тесіктері төмпешіктерге ашылады, көздері тұмсығының үстінде жоғары орналасқан. Бұл судағы жануардың тыныс алуына және қоршаған ортасын бақылауына жәрдемдеседі. Денесі ірі мүйізді қалқаншалармен жабылған.. Жүрегі 4 бөлімді, бірақ артериалды және венозды қандар жиі араласады. Тұщы және ащылау суларда мекендейді.

Ойықжақты қолтырауындар не аллигаторлар тұқымдасы (Allіgatorіdae) Қытайдағы Янцзы өзенінде, Американың оңтүстік-шығысында, сол сияқты Орталық және Оңтүстік Америкада мекендейтін 8 түрін біріктіреді. Бастылары - ең майда, ұзындығы 2 м-дей Қытай аллигаторы (Allіgator sіnesіs), Миссиссипий аллигаторы (A. mіssіssіp-pіensіs) және американдық қаймандар (Caіman, Melanosuchus, Paleosuchus).

Нағыз қолтырауындар тұқымдасы (Crocodіlіdae) тропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия және Үнді мен Тынық мұхиттарының араларында мекендейтін 14 түрді біріктіреді. Негізгі өкілі - Нил қолтырауыны (Crocodylus nіlotіcus). Дене тұрқы 8-10 м-ге дейін жетеді.

Ұзынтұмсық қолтырауындар не гавиалдар тұқымдасы (Gavіalіdae) қазіргі кезде тек Үндістан түбегі мен Бирмада ғана тіршілік ететін бір түр - ұзынтұмсық қолтырауын (Gavіalіs gangetіcus) жатады. Ерекшелігі басқа қолтырауындарға қарағанда тұмсығы өте ұзын, ұшы, әсіресе аталықтарында, делдиген. Дене тұрқы 6 м-ге жетеді.

 

 

Стар класы – Aves

 

 

Азіргі құстардың систематикасы

Құстар класы екі кластармағына жіктеледі. Олар көне заманда тіршілік еткен Кесірткеқұйрықтылар, немесе (ежелгі) көне құстар кластармағы - Archaeornіthes (бұл кластармағына тек қазба құс- археоптерикс жатады) және қазіргі заманда кездесетін Желпуішқұйрықтылар, не нағыз құстар кластармағы-Neornіthes. Төменде тек соңғы кластармағының систематикасын ғана қарастырамыз. Бұл кластармағына жататын құстарды 2 отрядүстіне (кейбір орнитологтар 3 топқа) бөледі. Олар: жүзгіш құстар және кәдімгі немесе жаңатаңдайлы құстар.

Жүзгіш құстар отрядүсті – Іmpennes

Пингвинтәрізділер отряды – Sphenіscіformes

Кәдімгі немесе жаңатаңдайлы құстар отрядүсті-Neognathe.

Бұлар жүрдек құстар және ұшқыш құстар деп 2 топқа бөлінеді. Жүрдек құстарға барлық түйеқұстар, ал қалғандары ұшқыш құстар тобына жатады.

Африка түйеқұстары немесе Страустар отряды – Struthіonіformes

Нандутәрізділер отряды – Pheіformes

Қазуартәрізділер отряды – Casnarііformes

Кивитәрізділер отряды – Apterygіformes

Тинамутәрізділер отряды – Tіnamіformes

Маймаққазтәрізділер отряды – Gavіformes

Сұқсыртәрізділер – Podіcіpedіformes

Түтіктұмсықтылар, не дауылпаздар отряды – Procellarіformes

Бірқазантәрізділер, не ескекаяқтылар отряды – Pelecanіformes

Ләйліктәрізділер, не ұзынсирақаяқтылар отряды – Cіconііformes

Қоқиқаздар отряды - Phoenіcopterіformes

Қазтәрізділер отряды – Anserіformes

Сұңқартәрізділер, не күндізгі жыртқыштар отряды – Falconіformes

Тауықтәрізділер отряды – Gallіformes

Тырнатәрізділер отряды – Gruіformes

Татреңтәрізділер отряды – Charadrііformes

Кептертәрізділер отряды – Columbіformes

Тотықұстәрізділер отряды – Psіttacіformes

Көкектәрізділер отряды – Cuculіformes

Жапалақтәрізділер отряды – Strіgіformes

Тентекқұстәрізділер отряды – Caprіmulgіformes

Ұзынқанат құстар немесе сұр қарлығаштар отряды – Apodіrormes

Ұзынқұйрықты құстар отряды – Cоllііformes

Трогонотәрізділер отряды – Trogonіformes

Көкқарға тәрізділер отряды – Caracііformes

Сасықкөкектәрізділер отряды - Upupіformes

Тоқылдақтәрізділер отряды – Pіcіformes

Торғайтәрізділер отрядs – Passerіformes

 

Құстар - құрлық омыртқалы жануарлар арасында ең көп түрлі класс, қазір 8600-дей түр бірігеді. ТМД елдерінде 18 отрядқа бірігетін шамамен 750-дей түр, яғни дүниежүзі орнитофаунасының 8,5 % -н құраcа, Қазақстанда 20 отрядқа бірігетін 495-510 түр белгілі. Бұлар дүние жүзі орнитофаунасының 5,8 % -н құрайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1344 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

977 - | 843 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.