Лекции.Орг


Поиск:




ИСО 9000 сериялы сапа стандарты

ИСО 9000 бойынша сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) негізгі

Жайы

Халықаралық деңгейде ИСО 9000 сериясының стандарттары сапа менеджмент жүйесінің негізін құрайды.

Сапа менеджмент дегеніміз - сапа жүйесін бірыңғай басқару. Сапа жүйесі - тұтынушыларға жоғары сапалы өнімді шығаруына кепіл беретін техникалық шаралар.

Халықаралық ИСО 9000 сериялы шаралар сапа жүйесі қалай болуына

әдістемелік нұсқау болып табылады. Сапа жүйесі мекемелердің

экономикалық жағыдайына себеп болып келеді.

Сапа жүйесінің мақсаттарын орындау техникалық және адам факторларына байланысты.

Сапаны басқару халықаралық тәжірибесі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар пакетінде негізделген, ол 1987ж. наурызда стандартизация бойынша халықаралық ұжыммен қабылданды және периодты

түрде жаңарады. 1994ж.

Осы сериядағы стандарттардың екінші басылымы шықты, 2000ж. Бұл стандарттардың үшінші басылымы шықты. ИСО 9000 сериясындағы стандарттар талаптар жиынын құрайды, олар әр түрлі дәрежеде барлық өнеркәсіптерде орындалады (контракт анализі, құжаттаманы жүргізу, шығарылатын өнімді бақылау). Бұл жұмыстар жүйелі түрде емес, бөлім ретінде өткізіледі. Стандарттар бұл жұмыстардың жүйелі түрде өткізілуін, құжаттандырылған үрдістер негізінде нәтижелердің бекітілуін талап етеді.

Бұл стандарттардың ерекшелігі еркіндік болып табылады, дайындаушы ИСО 9000 бойынша сапа жүйелік құру немесе құрмауды өзі біледі, бірақ мұндай шешім қабылданғаннан кейін стандарттың талаптарын орындауға міндетті.

Егер тиімді тапсырыс болса, контракт құру талабы сертификатталған сапа жүйесі бар болса, жиі өнеркәсіп басқарушысы сапа жүйесін тапсырыс беруші талабымен енгізеді. Ал сертификаттау бір нәрсеге сәйкестендіру бойынша жүргізіледі. ИСО 9000 сериясындағы стандарттар өнеркәсіптің жеке жұмыс сферасынан. Бұл стандарттардың маңыздылығы олардың әмбебаптылығы, яғни жұмыстың шектеусіз барлық түрінде қолданылуы.

ИСО 9000 стандарттарында минималды талаптар қойылған, өнеркәсіптің көрсететін қызметтері немесе өндіретін өнімдеріне қарамастан ұжым сапаны қамсыздандыру талаптарына сәйкес болу керек. Егер сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда ол өнеркәсіптің көрсететін қызметтерінің немесе шығарылатын өнімдерінің сапасы талаптарға сай екенінің нақты дәлелі болып табылады.

ИСО 9000 стандарттарының ерекшелігі сапа жөнінен ұжым басшылығының жауапкершілік дәрежесі болып табылады. Ұжым басшылығы сапа жағынан саясаттың жүргізілуіне, сапаны басқару жүйесінің жұмыс істеуіне, енгізілуіне, құрылуына жауап береді және осының бәрі құжаттарда нақты хатталуы керек. Басшылық міндеттеріне кіреді: мамандарды таңдау және өнімді, өлшеуіш, бақылауын, сынау жабдықтар үшін қажетті ресурстардың бөлінуі, сонымен қатар ақпараттық қамту үшін компьютерлік техника. Сонымен қатар осының бәрі құжаттарда нақып хатталуы керек. Басшылық біліктіліктің керекті деңгейін орнату керек және мамандардың уақытылы мамандығын жоғарлатуды бақылау керек.

-халықаралық ИСО 9000 стандарттары Қазақстанда СТ РК ИСО 90002001

жеке стандарттары ретінде барлық жерде енгізілуде.

Қазіргі таңда стандарттар санын едәуір азайтты. ИСО 9001: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - Талаптар.

ИСО 9004: 2000 Сапа менеджменті жүйесі - жұмысты жақсарту үшін

ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу және

жетілдіру үшін негізгі болып табылады.

ИСО 9000: 2000 Сапа менеджменті жүйелері - Негізгі жайлары және

сөздік.

ИСО 10011: 2000 Сапа жүйесінің құжаттарының құрылымы. Сапа

менеджменті жүйесінің құжаттамасына кіреді.

Сапа менеджмент жүйесінің құжатнамасына мыналар кіреді:

1. Сапа облысындағы мақсат пен саясат туралы арыз. Өндірістің сапа аумағындағы қызметі және жалпы бағытттары және ол жоғарыда негіз

ретінде енгізілген.

Ереже бойынша ол келесі аумақтарда қолданылады.

- жаңа техника мен технология;

- өнімді жаңарту немесе жаңа өнім;

- тұтынушыны қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;

- әлеуметтік сұрақтар және қызметкерлердің канағаттануы;

- жабдықтаушылар, қалдықтарыдың төмендеуі, ресурстардың экономикасы.

Мақсаттар тек қана декларация ғана болмау керек ол нақты, қол

жетуге мүмкіншілігі бар, тексерілген болу керек. Оның жан жақты

бағыттарын «Саясатқа» қоса бермеу керек. Жоғарғы басшылықтар

приоритеттерін анықтап 3-4 мақсат беру керек. Осыған қарай басқа да

бағыттарын қарастырмауға болмайды деген емес жәй ғана саясатқа кірмеу.

Егер «Саясатқа» кірген жағдайда ол бірінші орында болатытына күмән

болмайды. Осыдан кейін жоғарғы басшылықтар қол койғаннан кейін сол

«Саясаттың» міндеттерін орындауға мұқтаж болады.

2. Сапа басқармасы.

Барлық сапа жүйелерін жалпылай мәлімет беру. Құрылымдары ИСО

9001 стандарт құрылымына сәйкес болу керек.

Сапа басқармасын тағайындаудың маңыздысы оның жүйе

құраушыларынан тұрады. Сапа басқармасы-концепті басты құжат, ол мекеме

жайлы түсініктеме беретін визит картасы болып табылыды. Сапа басқармасы

сапа жүйесін енгізуде әрдайым анықтамалық функциясын орындайды,

жұмыс күйін қолдайды. Ірі мекемеде сапа басқарма иерархиясы болуы

мүмкін:

- жалпы сапа басқармасы;

- әр түрлі бөлімдерге сапа басқармасы;

- әр түрлі өндіру үрдісімен, сонымен байланысты жобалау функциялары,

материалды-техникалық жабдықтау сапа бсақармалары.

ИСО 9001 стандартына сай, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрып, әр

қайсысы сапа басқармасының (4 пункті) бөлімінде жазылады:

1. Басқарманың жауаптылығы;

2. Ресурс менеджменті;

3. Өмірлік циклдың үрдісі;

4. Өлшем, анализ, жақсару.

Процедуралар

Процедуралар, бөлімдермен орындалатын, сапа жүйесі документтерінің 2-

деңгейін құрайды. Әрбір процедура құжат болып табылып, жалпы

процедураны сипаттайды. Мұндай құжат бөлімнің құрылымдық схема мен

функционалдық міндеттері кіреді. Құрылымдық бөлімдер бір-бірімен

функционалдық байланысы мен міндеттілігін көрсететіндіктен, мұндай

процедураларды енгізу өте пайдалы.

ИСО 9001 стандарттарының талабына сай мекеме міндетті құжаттық

процедураларды тағайындап, жұмыс барысында қолдау керек:

1. Құжаттаманы басқару;

2. Сапа жазбаларын басқару;

3. Ішкі аудиттерді өткізу;

4. Сәйкес келмейтін өніммен басқару;

5. Жөнделетін амалдар;

6. Алдын алатын шаралар.

1. Құжаттаманы басқару

Мекемеде құжаттаманың тәртібін басқару қамтамасыз етеді. Олар

анықталған жүйемен жасалынып,бір-біріне төлнұсқау және бір-біріне қарма-

қарсы болмауы керек.

3.Нақты халықаралық стандарттарының талаптарына міндетті

құжаттамалар үрдістерді (құжаттама деңгейі (түсініктеме жазбаның

тереңдігі мен нақтылығы) өз мекеменің айналысатын қызметі мен көлеміне

байланысты анықталынады, процестің қиындығы және өзарақызметтері

және қызметкерлердің дәрежесіне байланысты). Құжаттамаларды басқару,

сапа жайындағы жазбалар, ішкі тексерулердің өтуіне, өнімнің сәйкестік

еместігін, ескерту қызметі және тағы басқалары процестерге енеді.

4.Мекемеге үнемді жоспарлау үшін қамтамасыз ететін құжаттамалар,

процестермен жұмыс істеу және оларды басқару; (бөлімшелер туралы

жағдайлар, қызметкерлердің нұсқаулары, регламенттер, технологиялық

нұсқамалар).

5.Сапа туралы жазбалар, оларды қатаң түрде мекеме талап етеді,

жиналған тәжірибені яғни мекеме жиналған жинақтарды қандай түрде

сақтайтынын өзі біледі. Кестеде бір шама мысалдар келтірілген яғни сол

жазбалар ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін көрсетеді.

ИСО 9000 сериялы сапа стандарты

ИСО 9000 сериялы сапа стандарты ұжымдар мен мекемелерде шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер жинақталған нормативті құжат.

Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде бұл стандарттар ұлттық деңгейде қабылданып, фирмалар мен өндірушілер арасында келісім-шарттар жасаудың бұйым сапасын қамтамасыз етудегі негізгі моделі ретінде қабылданған.

Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ИСО стандартына сай келуі бұйым өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы сапаға жасалған контракт кепілі болуы шарт.

ИСО 9000 стандарт сериялары бес стандарттан тұрады, оның ішінде:

ИСО 8402 стандарт сөздігіне бес өзекті термин кірген, олардың әр қайсысына төмендегідей анықтамалар және түсініктемелер берілген.

Сапа саласындағы саясат-бұл негізгі бағыт мекеменің сапа бағытындағы мақсаты, мәселелері; бұлар ресми түрде жоғарғы басшылармен бекітіледі де, жалпы саясаттың құраушы элементі болады.

Сапаны жалпылама басқару-сапа бағытындағы басқарудың жалпы функциясының аспекті; мұнда сапа бағытындағы саясатты анықтау және іске асыру болады.

Әрине бұйым сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін мекеменің барлық қызметкерлерін іске тарту қажет, бірақ түбінде жалпы жауапкершілік жоғары басшы үлесінде қалуы тиіс.

Сапаны жалпы басқаруға кіретін шаралар-оперативті жоспарлау, ресурстарды бөлу және тағы да басқалай сапа бағытындағы жүйелік жұмыстар-сапаны жоспарлау, жұмыс жүргізу және бағалау.

Ұйымдық құрылымдар жиынтығы, жауапкершілік, процедуралар, процесстер мен ресурстар, жалпы сапа басқару жүйелеріне жатады.

Мұндағы сапа жүйелерінің масштабы, сапаны қамтамасыз ету мәселесіне себеп болуы тиіс.

Сапаны басқаруға оперативті тәсілдер мен іс-қимылдар қолданып, сапа талаптарын шешуге жол ашуы керек.

Сапаны қамтамасыз ету үшін жоспарланатын және жүйелі түрде ылғи жүріп тұратын іс-шаралар, бұйым сапасын күдіксіз қамтамасыз етуге әкеледі.

Әлбетте, сапа жүйелілігіндегі істеліп жатқан шаралар тұтынушының талабына сай болмаса, онда сапа мәселесі толық шешілмеген болады.

Сапаны қамтамасыз етудің тиімділігі, өндіріс процесінде туатын факторларды ылғи тексеру, техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін анықтау, техникалық бақылау жүргізу сияқты қағидалардан тұрады.

Өндіріске сенім арту, сапа мәселесінің дәлелелі болады. Өндіріс мекемесінің аумағында сапаны қамту басшылықтың жалпы аспабы болады.

Белгілі бір контрактық шарт жасауда өндіріске сенім арту өндірушінің беделін арттырады.

9000 сериялы ИСО стандарты сапа жүйесінің модельдерін мекемеде іштей қолдануға нұсқаулар ретінде, ал сапаны жалпы басқару мәселелерінің (ИСО 9004), сапа қамтамасыз етудің сырт мекемелермен қатысуында (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003) пайдаланылады.

Айта кететін бір жайт, ИСО 9000 стандарттары мекемелерде қолданылатын сапа жүйелері стандарттауға арналмаған, сондықтан әрбір өндіруші өздерінің бейімді сапалы бұйымдарын шығара беруге құқылы.

9000 сериялы сапа жүйесінің ИСО стандарттарын екі жағдайда қолданады: контракт жасарда және оның сыртында (2.1-суретте).

9001 сериялы ИСО стандарты сапа моделі жүйесін қамтамасыз етуде жобалауда, құруда, өндіруде, монтаждауда және қызмет көрсетуде қолданылады, демек өнімнің толықтай өмірлік кезеңдерінде.

9002 сериялы ИСО стандарты сапаның модельдік жүйесін өндіруде және монтаждауда, ал ИСО 9003-өнімді біржолата тексеруде және сынауда қолданылады.

ИСО 9004 стандартында сапаны басқарудың жалпы нұсқауы және сапа жүйесінің элементтері келтірілген.

Сонымен көрсетілген ИСО стандартының сериялары төменгі

жағдайларға икемделген екі түрінен тұрады:

- ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 контракттық жағдайда сырттық

сапаны қамту мақсатында;

- ИСО 9004-сапаны жалпы басқаруда барлық мекемелер үшін ыңғайлы

стандарт.

ИСО 9004-басқарушы құжат ретінде, бұйым сапасының барлық

сатыларында қолданылады, әсіресе техникалық, әкімшілік және адами

факторлардың сапа жүйесіне тигізетін үлестерінде, өндіруден бастап

тұтынуға дейінгі мезеттері.

Бұл стандартта, тұтынушының талабы орындалуы, функционалды

жауапкершіліктің орнау және пайда мен шығынның бағалануы өте мұқият

қадағаланған. Осы келтірілген барлық аспекттерді сапа жүйесін құруда

тиімді пайдаланған жөн.

Осы екі жағдайда да өндіруші-ұйым сапа жүйесін сауатты ендіріп,

оның деңгейін бірқалыпты ұстап тұруы қажет.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Нижневартовский общественный фонд | Во имя Аллаха, Милостивого, Милосердного!
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2762 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

1245 - | 1194 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.