Лекции.Орг


Поиск:




Бап. Объектiнi жекешелендiруге дайындау




1. Объектiнi жекешелендiруге дайындауды сатушы жүзеге асырады.
2. Объектiнi жекешелендiруге дайындау процесiнде сатушы:
1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес жекешелендiру объектiсiнiң құнына бағалау жүргiзедi;
2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын болып табылса, жекешелендiрiлетiн кәсiпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындайды және ұсынады;
3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға объект жекешелендiрiлгенге дейiн осы материалдық құндылықтарды одан әрi орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн алдағы жекешелендiру туралы алдын ала хабарлайды;
4) жекешелендiру жүргiзудiң талаптарын, нысандары мен түрлерiн айқындайды, оны өткiзуге дайындықты жүзеге асырады;
5) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
6) жекешелендiрудi жүргiзуге қажеттi басқа да iс-шараларды өткiзедi.
3. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiң акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi сату объектiсi болатын заңды тұлғалардың лауазымды адамдары объектiнi сатуға дайындау үшiн қажеттi мәлiметтердi сатушының сұратуы бойынша ол айқындайтын мерзiмдерде табыс етуге мiндеттi.
Табыс етiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық осы тармақта санамаланған заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына жүктеледi.

108-бап. Есеп айырысу тәртiбi

1. Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi.
2. Сатып алынатын объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
3. Ақыны бөлiп-бөлiп төлеуге ықтимал бөлiп-бөлiп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткiзiлген жағдайларда ғана жол берiледi.
4. Жекешелендiрiлетiн объектiнiң ақысын бөлiп-бөлiп төлей отырып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал ақыны бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.
Келесi сомаларды төлеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 282-бабында белгiленген ақшалай мiндеттеменi орындау қағидалары қолданылады.
Ақысын бөлiп-бөлу төлей отырып сату кезiнде әлi төленбеген сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми ставкалары негiзге алынып, пайыздар есептеледi.
5. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзгеше тәсiлi көзделмесе, сатып алушы сатып алған мүлiкке сатушының кепiл салу құқығы төлемдердi уақтылы өтеудiң қамтамасыз етiлуi болып қызмет етедi.

109-бап. Жекешелендiруден алынған қаражат

1. Жекешелендiруден алынған қаражат тиiстi бюджетке жiберiледi.
Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiмен белгiленедi.
2. Жекешелендiру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткiзу бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

110-бап. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау

1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты талаптарының тиiсiнше орындалуын кейiннен бақылауды сатушы жүзеге асырады.
2. Шарт талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындауы аяқталған кезге дейiн жүргiзiледi.
Сатушы бақылауды жүзеге асыру үшiн сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады.

111-бап. Жекешелендiрiлген кәсiпорынның меншiк иесiнiң
қоршаған ортаға келтiрiлген залал үшiн
жауаптылығы

1. Алдыңғы жекешелендiрудiң шаруашылық қызметi салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген залал үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бұрынғы меншiк иесi – мемлекет жауаптылықта болады.
2. Қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды, сондай-ақ экологиялық тәуекелдi жаңа меншiк иесiне бөлу немесе аудару оның келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.
3. Жекешелендiруден кейiн қалдықтарға меншiк құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу және оларды жою, жердi рекультивациялау мен қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттемелер жаңа меншiк иесiне өтедi.
4. Қоршаған ортаға жаңа меншiк иесiнiң шаруашылық қызметiнен келтiрiлген зиян үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және
бұзу

1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына:
1) объектiнi сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға оны сату;
2) сатып алушыға заңсыз жеңiлдiктер мен артықшылықтар беру;
3) сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн елеулi түрде бұзу;
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негiздер негiз болып табылады.
2. Сатып алушы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғанға дейiн жекешелендiру объектiсiн кейiннен иелiктен шығарған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 260 - 262-баптарында көзделген қағидалар бойынша оны иеленушiден талап ету мүмкiн болады.
3. Егер тарап талап-арызды шартта келтiрсе, сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылуына байланысты даулар бойынша талап қоюдың өту мерзiмi оған қол қойылған күннен бастап алты айды құрайды. Өзге мүдделi тұлғалар не прокурор талап-арыз келтiрген жағдайда, даулар бойынша талап қоюдың өту мерзiмi шартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын мән-жайлар туралы талапкер бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап алты айды құрайды, бiрақ ол шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кеш болмауға тиiс.
4. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша және тәртiппен бұзылуы мүмкiн.
5. Сатып алу-сату шартының бұзылуы тараптардың шарт бұзылғанға дейiнгi мiндеттемелерi бойынша өздерi орындағандарын қайтаруына және шартты бұзған тараптың залалдарды өтеуiне әкеп соғады.

113-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiн
жекешелендiру

Мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiн жекешелендiру ерекшелiктерi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

3-параграф. Мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарудың өзге де тәсiлдерi

114-бап. Мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiктердiң жарғылық капиталына не
акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алу
ақысына мүлiктiк салым ретiнде беру

1. Республикалық мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғам акцияларын төлеуге беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
2. Коммуналдық мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғам акцияларын төлеуге беру туралы шешiмдi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң жергiлiктi атқарушы органы қабылдайды.
3. Стратегиялық объектiлерге жататын мемлекеттiк мүлiктi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамдар акцияларын төлеуге беру стратегиялық объектiлермен мәмiлелер жасау жөнiндегi талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк меншiкте ғана болуы мүмкiн мемлекеттiк мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес иелiктен шығаруға жатпайтын мемлекеттiк мүлiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғам акцияларын төлеуге мүлiктiк салым ретiнде пайдаланылмайды.
Егер осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде өзгеше көзделмесе, жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген жағдайларда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге берiлуi мүмкiн. Сондай-ақ жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 59-бабы 1-тармағының және «Акционерлiк қоғамдар туралы» және «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына немесе акционерлiк қоғам акцияларын төлеуге мүлiктiк салым ретiнде берiлуi мүмкiн.

115-бап. Жер учаскелерiн иелiктен шығару

Жер учаскелерiн жеке меншiкке беру Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде көзделген арнайы рәсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылады.

116-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне
бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен
шығару

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

117-бап. Жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң
құрамына түскен мүлiктi иелiктен шығару

Осы Заңның 210-бабында көзделген жекелеген негiздер бойынша мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен мүлiктi иелiктен шығару осы Заңның 213-бабында белгiленген рәсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылады.

118-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгiне ғибадат үйлерiн
(ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы
өзге де мүлiктi беру

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекет меншiгiндегi ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктердiң меншiгiне беруге құқылы. Дiни бiрлестiктердiң өздерiне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) iргелес жатқан аумағымен қоса берiлуiне басым құқығы бар.
2. Алынып тасталды - ҚР 2011.10.11 № 484-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 118-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.10.11 № 484-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 445 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

816 - | 694 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.