Лекции.Орг


Поиск:




Намиб шөлі, Оңтүстік-батыс Африка




Кезең.

Ежелгі заманнан бастап ХІХ ғасырдың басына дейін созылып, туризмнің тарихи басы деп аталады. Бұл кезеңге сауда мақсаттарындағы, білім ой-өрісті кеңейтуге, емдеу және қажылыққа байланысты сапарлар тән. Бұл кезеңнің ерекшелігі — саяхаттардың элитарлығы және қозғалыс құралдарының онша дамымағандығы.

Кезең.

Бұл ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде бай адамдар ғана саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге, жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.

ХІХ ғасырдың басында пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының пайда болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.

Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:

-қоғам жағдайының өсуі;

-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы төленетін демалыстардың пайда болуы;

-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер ғана емес, сонымен оның арзандауына да себепші болды.

Алғашқы ұйымдастырған турды 1841 жылы ағылшындық Томас Кук ұйымдастырды. Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук ұйымдасқан туризмді дамытудың негізін қалаушысына айналды. Ол туризмнің көмегімен ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырды.

Сапар Франциядағы көрмеге ағылшын халқына арналып ұйымдастырылды. Жолдаманың құны барлығ 14 шиллингті құрады. Бірақта Томас Кук бұл кезде туризмді пайда алу үшін қолдануға болатынын білмеді.

1855 жылы алғашқы саяхат бюросы құрылды. Бұл бюро алғашқы турларды қалыптастырып, оларды тұтынушыға өткізді. Бұл кезең үшін өзіндік туризмнен басқа туризмнің ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән. Томас Кук алғаш рет 1856 жылы туристік агенттік ұйымдастырды. 1870 жылы өзінде «Томас Кук» фирмасының 500 мың клиент-туристі болған. Бұл компанияның клиенттерінің арасында әйгілі адамдар да болған. Мысалы, Марк Твен – ол өзінің саяхатын толық жазған. Томас Кук сонымен бірге жерді айналып шығу саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол турисерге жол чектерін қолдануды да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол ақшаларды өзімен тасымас үшін. 1882 жылы «Томас Кук» қоғамы алғашқы жерді айналып шығу турын ұйымдастырды. Томас Кук 1892 ж. қайтыс болды. Оның ісін оның ұлы мен компаньондары жалғастырды. Қазіргі кезде «Томас Кук» компаниясының әлемнің барлық елдерінде 12 000 туристік фирмасы бар және 20 млн туристерге қызмет көрсетеді.

Бұл кезеңді жеке сапарлардан ұйымдасқан туризмге көшу кезеңі деп атауға болады. Саяхат бюроларын құрылуы басталды. Алғашқы отельдер мен қонақүйлер іске қосылды.

Кезең.

ХХ ғасырдың басынан ІІ дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде жаппай туризмге ауысу жүзеге асырылады және әлеуметтік туризм даму алды. Бірақта 30-жылдардағы дағдарыс пен І дүниежүзілік соғыс туризмнің дамуына кері әсерін тигізді.

Кезең.

Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, қазіргі кезге дейін кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде институттар, өнімдер, өндірістік циклдерді ұйымдастыру және өндірістік әдістері бар туризмнің мықты индустриясы қалыптастырылды.

 

3. Әлемдегі саяхаттарға талдау жасаңыз

 

Әлемдік туризмдегі шөл далаларға саяхаттар жөнінде, оның ішінде аты дүниеге танымал ең үлкен шөлді аймақтар жөнінде таныстыратын боламыз.

Намиб шөлі, Оңтүстік-батыс Африка

«Намиб» сөзі жергілікті «нама» халқының тілінде «Тақыр, еш нәрсе жоқ» деген мағынаны білдіреді. Бұл әлемдегі ең құрғақ және ежелгі шөл дала болып табылады. Жауын-шашынның өте аз жауатындығы себепті (жылына 10-13 мм) бұл аймақ тіршіліктен ада деп айтсақ та болады. Ғалымдар бұл даланың жасын 80 миллион жыл деп есептеп отыр. Яғни ол динозаврлар дәуірінде түзілген.

Ал мұнда ат басын бұрған туристерге саяхаттың бірнеше түрі көрсетіледі. Оның ішінде жол талғамайтын көліктермен сафариге шығу, әуе шарларымен биікке самғау және қорықтарды тамашалау бар.

Намиб шөлінің басым көпшілік аймағын әлемдегі ең үлкен қорықтардың бірі Намибияның Науклюфт ұлттық бағы алып жатыр. Мұнда туристер Намибтің таңғажайып пейзажын тамашалау үшін ағылып келіп жатады. Бұл аймақтың ең кереметі болып Соссусвлей жері саналады. Бұл дегеніңіз желдің соғуымен түзілген биік құм таулар. Олардың биіктігі кей жерлерде 300 метрді құрайды. Жерден бөлек оларды көк аспаннан да әуе шарларының көмегімен тамашалауға болады.

Бақ аумағында одан да басқа көптеген ландшафттық жерлер бар. Олар Науклюфт таулары, «құс жұмағы» аталған Сэндвич-Харбор, Сесрим шатқалдары, Вельвичия-Плейнс жазықтығы және т.б.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1337 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

612 - | 622 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.