Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азіргі заманғы инверторлы нәрлендіргіштер




«Торус-200» инверторлы пісіру аппараты көміртекті және легірленген болаттардан жасалған бұйымдарды қаптамалы даналы электродпен қолмен пісіруге және кесуге арналған. Электрод диаметрі 2 мм-ден 4 мм-ге дейін, пісіру жұмысы тұрақты токпен жүргізіледі. Мұндай пісіру инверторлары өндірістің кез-келген саласында (ауылшаруашылығында, автошеберханаларда, тұрмыстық жағдайда және т.б) қолданыла береді. Жабдықтың жалпы сыртқы көрінісі 37-суретте көрсетілген. Техникалық сипаттамасы 10-кестеде берілген.

 
 

 


Сурет. Торус-200 инверторы

«Форсаж -250» инверторы даналы электродпен тура және кері полярлықты тұрақты токпен пісіруге арналған. Доғаның оңай тұтандырылуын, орнықты жалындануын және созымталдығын қамтамасыз етеді. Пісіру тогын жатық реттеуге және пісірудің оптимальды режімін қалыптастыруға, доғаның жылдамдатылып жану режіміне келтіруге, кез келген элеткрод түрімен пісіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл аппаратпен пісіру барысында металл шашырауы аз және пісіру сапасы жоғары болып шығады. Басқа нәрлендірігштерден ерекшелігі: бос жүріс кезінде электр энергиясын аз тұтынады, қызып кету мен асқын жүктеуден қорғанысы мықты, салқындатылу жүйесі сенімді және құрамындағы электрондық жүйесінде ең жетілген технологиялармен жасалған элементтер пайдаланылған. «Форсаж-250» инверторының сыртқы көрінісі 38-суретте көрсетілген

 
 

 

 


38-сурет. «Форсаж-250» инверторы

 

 

 

ФЕБ-350М инверторлы пісіру түзеткіші мынадай пісіру жұмыстарын орындауға арналған:

- диаметрлері 1,5 – 6 мм даналы элеткродтармен көміртекті және легірленген болат бұйымдарды қолмен пісіруге;

- қорғаныстық газ ортасында балқымайтын электродпен (ФЕБ-11, ФЕБ-12 басқару блогымен бірге) қолмен пісіруге;

- диаметрлері 0,8 – 2,0 мм электрод сымымен ФЕБ-05, ФЕБ-02 сым беру блогымен бірге белсенді және инертті газдар ортасында жартылай автоматты пісіруге;

- металды көмір және металл электродпен кесуге арналған.

«ФЕБ-350 М» аппаратының сыртқы көрінісі 39-суретте көрсетілген.

 

 
 

 


Сурет. ФЕБ-350М инверторы

 

Кесте

Техникалық сипаттамасы

Параматерлер атауы Мәндері
Торус-200 Форсаж -250 ФЕБ-350М
Нәрлену желісінің кернеуі, В 187-242 3 х 380 3х380+10%-15%
Нәрлену желсінің жиілігі, Гц     50...60
Номинальды пісіру тогы, А (ПВ, %) 160 (100)   350 (40); 250(100)
Пісіру тогын реттеу шегі, А 40 – 200 70 - 250 40 – 350
Бос жүріс кернеуі, В, кем емес      
Желіден тұтынатын қуаты, кВА, артық емес      
Габариттік өлшемдері, мм 300*150*200 280*400*616 415*190*350
Массасы, кг, артық емес      

Негізгі әдебиет: 2 [147-149]

Бақылау сұрақтары:

1. Инверторлы пісіру жабдықтарының пісіру өндірісінде алатын орны қандай?

2. Инверторлы нәрлендіргіштің жұмыс принципі қандай?

3. Қандай инверторлы жабдық түрлерін білесіз?

4. ФЕБ-350М инверторлы түзеткішінің техникалық көрсеткіштері қандай?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 726 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2456 - | 2270 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.