Лекции.Орг


Поиск:




Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері




Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

1. Оттегін ингаляциялық әдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді, сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.

Профилактикалық шаралар:
Балаларда бронх демікпесі асқынуларының профилактикасы себептік маңызды аллергендермен қатынасты, аллергиялық емес триггерлерді жою негізінде құрылады, мүмкін болса толық элиминацияда:
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар пофилактикасы;
- мұздауды болдырмау;

- қосарланған ауруларды анықтау жəне санациялау;
- организмді шынықтыру;

-қосымша тамақтандыру,жасанды тамақтандыру кезінде аллергия тудырмайтын түрін таңдау;
- бақылау реттілігі ауру кезеңінің ауырлығына байланысты, ремиссия кезінде 6 айда бір рет, орташа ауырлықта 3 айда бір рет.
Диспансерлік бақылау – БД кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші БД мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демкпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- антигендік режим;
- гипоаллергендік;

- диета, дренаждық функцияны жақсарту жəне бронх терегін санациялау үшін массаж жəне ЕДШ қолданылады;
- базистік препаратты ұзақ қабылдау;
- пикфлоуметриямен бақылау;

- тыныс алу функцияларын қалпына келтіру;
- иммуномодуляторлар.

Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.

Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:

— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.

— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.

— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.

— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.

— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Ол хабардар болған сұрақтарды қойған лазым. Негізгіні қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы, темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.

-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.

— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.

2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.

3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.

4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.

5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.

Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.

6. Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.

Маркетингтік зерттеулерде стандартты ашық сұрақтар жиі пайдаланылады, мұндағы сұрақтар да, жауаптар да стандартты және көп нұсқалы болып келеді. Олардың басты артықшылығы – сауалнамадағы жауаптар кестеге қатысты бастапқы ақпараттарға онша қажет емес, бірақ адамдардың талғамы, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жөніндегі мәліметтерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Стандартты жабық сауалнамалар бірыңғайландырылған әдіспен алынған жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді (мотивтерді) табу артықшылықтарын біріктіреді. Стандартты емес ашық сауалнамалар зерттеу мақсаты айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде қалады. Ашық жауабы бар сұрақ нысанды емес тереңдетілген сұхбатқа әкеледі. Терең сұхбат – бұл респондентпен жеке әңгімелесу, мұнда ол ойы мен жауаптарын өз еркінше білдіреді. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде респондеттер ашып айтпайтын мотивацияны зерттеуде пайдаланылады. Мұнда жобалық әңгіме, яғни әңгіме құрастыру және сөйлемді аяқтау әдістері қолданылады.

7. Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.

Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.

САЛЫСТЫРУ

Салыстыру - объектілердіңұқсастықтары және немесе айырмашылықтарын белгілеу арқылы жүргізілетін зерттеу әдісі болып табылады.

 

Бірізді салыстыру əдісінің мәні келесіде. Эксперт зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы ретімен орналастырады. Әр объектіге алдын ала белгілі бір балл беріледі, мысалы, 0-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша. Ең маңызды объектіге 1 балл, ал қалған объектілерге олардың маңыздылығының кему реті бойынша 1-ден 0-ге дейінгі балл беріледі. Содан кейін эксперт 1 рангі бар объектінің маңыздылығы қалған объектілердің баллдық бағалануының қосындысынан артық болады ма деген сұраққа жауап береді. Егер болса, бірінші объектінің баллдық бағалануының шамасы осы шарт орындалғанға дейін артады, ал болмаса, эксперт сол шаманы барлық қалған объектілердің бағасының қосындысынан кем болатындай сандық мәнге дейін

кемітеді.

Екінші, үшінші және содан кейінгі объектілердің маңыздылығы бойынша бағасының шамасы рет-ретімен, бірінші объекті сияқты анықталады.

Бірізді салыстыру әдісі эксперт үшін өте қолайсыз, әсіресе зерттелетін объектілердің саны 6-7-ден артық болған оны жүргізу үшін өте көп уақыт пен еңбек жұмсау керек.

 

Сыңарлармен салыстыру кезінде зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы бойынша сыңарларымен салыстырып, әр сыңардан маңыздырақ объектіні таңдап алады.

Кей жағдайларда эксперттер сыңардың әр объектісінің эквиваленттілігі туралы шешімге келеді. Әр сыңардағы реттеу барлық қарастырылатын объектілерді реттеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан, салыстыру нәтижелерін кейіннен өңдеу қажеттілігі туындайды. Объектілердің барлық мүмкін болатын сыңарларын эксперт әр комбинацияның жазбасы ретінде (объект 1 — объект 2, объект 2 — объект 3 т.б.) немесе матрица түрінде келтіреді.

Сыңарлармен салыстыруды және оларды өңдеуді құрал ретінде матрицаны қолданып жүзеге асырған ыңғайлы.

Зерттелетін объектілердің саны өте көп болғанда нәтижеге психологиялық факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, таңдау матрицада жоғарырақ орналасқан немесе сыңарлардың тізімінде бірінші жазылған объектіге түсуі мүмкін. Сондықтан, психологиялық әсерді жою үшін кейде қос сыңармен салыстыруды, яғни жалпы объектілердің немесе әр сыңардағы объектілердің керісінше орналасуын жүргізеді.

Сыңарлармен салыстыру әдісі өте қарапайым және объектілердің үлкен көлемін, үлкен дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.Оның мақсаты ғылыми теория мен болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай- ақ эмпирикалық заңдылықтардыңактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.

 

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу- тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

 

эксперименттің бірнеше түрі бар:

қалыпты — оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық — оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады.

Сондай- ақ эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі - зерттеу объектісінің байта құруға бағытталған.

 

Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза күйінде» зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер шамалы, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін оңтайландыру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: табиғи, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу объектісінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы — зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған. Эксперимент жаңа зерттеу материалын танып білуді болжайды. Ол теориялық болжамдарды тәжірибелі тексеру, бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі — зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді сондықтан оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына құқығы жоқ, өйткені зерттеупгінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапа шегуі мүмкін.

Эксперименталды жұмыстың жоспары, мақсаты болуы, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс объектілерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу саймандарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болулары қажет.

 

 

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);

- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);

- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.

 

 

Зерттеуді жүргізу

Зерттеу объектісі: Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері.

Сауалнама

Рметті студент!

Біз балалардағы бронхиалды астманың таралу жиілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз.Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып,өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты (+) белгісімен белгілеңіз.Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз.

1.Сіздің жасыңыз қаншада?

___________________________

2.Жынысы

Ер Әйел

3.Сіз бронхиальды астма туралы білесіз бе?

Иә Жоқ Аздап

4.Бронхиальды астма туралы мәліметті қандай да бір ақпарат көздерінен оқып көрдіңіз ба?

(оқып көрсеңіз мәлімет алған жерді көрсетіңіз _______________)

Иә Жоқ

5.Туыстарыңыз бронхиальды астмамен ауырады ма?

Иә Жоқ

6.Жылына жедел респираторлы аурумен неше рет ауырасыз?

Жылына 1 рет Жылына 3 реттен көп Ауырмаймын

7.Сізде себепсіз мұрын бітелу,тұншығу сезімі болады ма?

Иә Жоқ

8.Қалыпты жағдайда тыныс алу жиілігі қанша болатынын білесіз бе?

Иә Жоқ Толық емес

9.Сіздің тағамға,дәріге,тұрмыстық заттарға,шаңға,жәндіктерге аллергияңыз бар ма?

(Аллергия болған жағдайда жоғарыда келтірілген мысалдардағы сәйкес келетін сөздің астын сызып көрсетіңіз)

Иә Жоқ

10.Сіз бронхиальды астманың алдын-алу шараларын білесіз бе?

Иә Жоқ Толық емес

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 6032 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

826 - | 743 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.