Лекции.Орг


Поиск:




Сурет-2 – Электромагниттік күшпен сығымдалған фрикционды ілініс схемасы




1.2. Гидравликалық іліністің жетекші және жетектегі бөлігі бар.

Жетекші бөлігі дөңгелек сорабы 3(3-сурет) және қақпақтан 2 тұрады және ол аз тұтқырлықты майы бар жұмыс сұйықтығын толтыратын резервуарды жасайды. Жетектегі бөлігіне турбиналық дөңгелек 1 жатады. Сораптық және турбиналық дөңгелектердің қалақшалары болады, олар ішкі және сыртқы торлардың арасына орнатылған және жұмыс сұйықтығына арналған қалақша аралық түтіктер жасайды. Гидромуфтаның қалақшаларын әдетте жазық радиалды етіп жасайды. Турбиналық дөңгелек сорапты дөңгелекке шекті жақын орналасқан.

Егер қзғалтқыш жұмыс істесе онда сорапты дөңгелек айналады. Оның қалақшалары қалақша аралық түтіктерде орналасқан сұйықтыққа күштік әсер етеді және оны периферийге лақтырып тастайды. Сұйықтық сорапты дөңгелектің қалақша аралық түтігінен шығып турбиналық дөңгелектің қалақша аралық түтігіне түседі. Оларды өтіп ол қайтадан сорапты дөңгелектің қалақша аралық түтігіне түседі. Қалақша аралық түтікпен жоғары жылдамдықпен қозғала отырып және бір уақытта сорапты дөңгелекпен(немесе турбиналық) бірге айналатын сақиналы сұйықтықтың жабық ағыны пайда болады. Сұйықтық сорапты дөңгелек қалақшасынан энергия алып, оны турбиналық дөңгелек қалақшасына беріп оған күштік әсер етеді,соның нәтижесінде осы дөңгелекке айналдырушы момент береді. Сорапты дөңгелек қанша көп айналса, гидромуфта сонша көп айналдырушы момент береді.

Қалақшалы дөңгелек айналып тұрған кезде гидромуфтаның толық өшуі үшін оның ішінен сұйықтықты шығарып тастау керек, ал қосқан кезде сұйықтықпен толтыру керек. Бұл үшін босату клапандары 7, бак 11, сақтық клапаны 9 бар қоректендіру сорабы 10, толтыру клапаны 7, ал кейде сұйықтықты салқындату үшін радиатор 8 керек. Мұндай гидромуфтаның қосу – өшіру уақыты үлкен.

Автомобиль трансмиссиясында гидромуфтаны автомобильдің орнынан қозғалуының бірқалыптылығын жоғарылату үшін және трансмиссия мен қозғалтқыштың ұзақжұмыс істеуі үшін қолданады. Оларды фрикциондық ілініспен бірге орнатады,ол құрылғының толтырылуы және босатылуын болдырмауын қамтамасыз етеді.

Автомобиль қозғалмай тұрғанда және беріліс қосылып тұрғанда қозғалтқыш өшпейді, егер трансмиссияда гидромуфта қолданған болса. Бұл жағдайда сорапты дөңгелек айналады, ал турбиналық қозғалмайды. Жанармай беру педалін басқан кезде сорапты дөңгелектің айналу жиілігі өседі,сонымен бірге гидромуфта арқылы берілетін айналу моменті де бірқалыпты өседі. Автомобиль орнынан бірқалыпты қозғалады.

Турбиналық дөңгелектің айналу жиілігі сорапты дөңгелекке қарағанда көп болуы мүмкін, мысалы еңістікпен қозғалып бара жатқанда. Ол кезде циркуляция бойынша қозғалып жатқан сұйықтықтың бағыты кері бағытқа өзгереді. Айналу моменті турбиналық дөғгелектен сорапты дөңгелекке беріледі.

 

1.3. электромагнитті ұнтақты ілініс негізгі 3 бөліктен тұрады: ілініс картеріне бекітілген қыздыру орамасы 14 бар қозғалмайтын тұрқыдан 14 (3,б-сурет),қозғалтыштың иінді білігімен қосылған жетекші 13 бөлігі және айналу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне беретін жетектегі 16 бөлігі.

Қыздыру орамасымен электр тогы өткен кезде, оның айналасында А,Б және В саңылауы арқылы өтетін сақиналы жабық магнит өрісінің ағыны пайда болады. Магнит ағыны арқылы өткен және саңылаулармен қиылысатын, бөлшектердің өзара күштік әсері өте аз, бірақ оларды арнайы темір ұнтақ пен толтыратын болса олар бірнеше есе өседі. Бұл ұнтақ пен іліністің жетектегі және жетекші бөлігінің арасындағы А саңылау толтырылған. Ұнтақ арқылы магниттік ағынмен өткен кезде олардың бөліктерінің бойымен магниттік күш сызықтар шоғырланады,ол жетекші және жетектегі бөліктерін қосатын «қатты тізбек» құрайды. Электромагнитті өшірген кезде ұнтақ қайтадан қозғалысқа ие болады және ілініс ажыратылады.

 

Сурет-3 – Ілініс схемасы:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

866 - | 779 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.