Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Балық өсіру мен аулау кәсібіне мемлекеттік реттеу мен көмек көрсету -негізгі мемлекеттік саясатының мақсаты




ОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

ТӘШІБАЙ ЖАНАР

УиА – 14-1 оқу тобының студентінің

ЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА

ЫЛЫМИ ЗЕРТЕУ ЖҰМЫСЫ

 

Ылыми жетекшісі, «Есеп және аудит» кафедрасының менгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, ассоциациялық профессор м. а. Наурызбаев А.Ж.

Ызылорда қаласы – 2016

Мазмұны

 

Кіріспе

 

1. Балық өсіру мен аулау кәсібін Қызылорда облысында дамыту – аймақтын дамуына және әлеуметтік-экономикалық саласына келтіретің тиімділігі

 

1.1. Балық өсіру мен аулау кәсібіне мемлекеттік реттеу мен көмек көрсету -негізгі мемлекеттік саясатының мақсаты

1.2. Балық саласының стратегиялық дамуының манызы мен аулау кәсібін жіктеуі

 

2. Қазақстанда Арал өңіріндегі балық шаруашылығының экономикалық тиімділігі мен проблемалары

2.1. Қызылорда облысы аймағындағы балық шаруашылығының қазіргі жағдайы

2.2. Аймақтағы балық шаруашылығының экономикалық тиімділігі

2.3. Арал өңіріндегі балық шаруашылығын дамыту проблемалары мен оны шешу жолдары

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

Қазақстанда балық аулау кәсібі және балық шаруашылығының халық шаруашлылығындағы маңызы аса зор, өйткені бұл сала тұтынушы нарығына әртүрлі түрде қажетті балықты балғын және сүрленген түрінде жеткізіп отырады.Қазақстанда балық аулаумен әуесқой балықшылар және кәсіби балықшылар да айналысады, кәсіби балықшылар өз жұмыстарын балық аулауға арнайы рұқсат қағазы негізінде өндірістік кооперативтер және тиісті бөлімшелер ретінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар республикада балық аулаумен арнайы мамандандырылған балық аулайтын мекемелер айналысады.

Қазақстанда балық аулау кәсібі екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

- балық өсіру(балықтарды жасанды су қоймаларында өсіру);

-балық шаруашылығын жүргізу.

Балық аулау шаруашылығындағы 90 жылдардың басында орын алған дағдарыс әлі күнге дейін жалғасып отыр. Балық нарығының жартысынан көбісін импорт (сыртан әкелінетін) балық құрап отыр.

Қазақстанда балық шаруашылығы, питомникер мен жеке шаруашылықтардың саны елуге де жетпейді. Көп мекемелерде жабдықтары мен балық сервисі де ескірген. Қазіргі кезде республикадан балық консервілерінің болмашы көлемі экспортталады, ол балық шаруашылығының субьектілерінің жұмысындағы әртүрлі қиындықтармен, балық қоймаларына қатысты жағдайдың күрделігімен байланысты, өйткені бұрынғыдай су қоймаларын толтыру режимдері сақталмай отыр.

Республикамызда халықтың тұтынатын балық және балық өнімдерінің жалпы көлемі шамамен 5 пайызды құрайды, ол сырттан балық өнімін алуды талап етеді.Республикамызға жақын шетелдерден балық консервілерінің көптеген түрлері әкелінеді.

2014 жылдың 1 қаңтары бойынша Қазақстанда 390 жасанды су қоймалары жалға берілген.Бұл балық шаруашылығын жүргізуге балық аулауға арналған жарамды жерлердің 60% ғана құрайды.

Қазіргі кезде, республикамызда елімізде шығарылатын балыққа қарағанда, сырттан әкелінетін балық көлемі 8 есе артық.Жекешелендіру және реформалау процесінде елімізде көптеген балық зауыттары жабылып қалды, соңғы жылдары ғана бұл салаға мемлекеттік қолдау көрсету және реттеу,саланың жағдайын біршама жақсартуға мүмкіндік берді, әртүрлі балық аулайтын бригадалар мен өндірістік кооперативтер құрылды.

Республикамыздағы қазіргі кезде өндірілетін негізгі балық түрі карп болып табылады.Оған елімізде өндірілетін балықтың 90 пайызы тиесілі. Балық өсірудің қазіргі жүйесі 1970 жылдың аяғында негізі қаланған.

Дәстүрлі технология карпты тоғандардың табиғи азық қорын пайдалана отырып, құрама жеммен карптарды тамақтандыру және екі үш жылдық өсіру жүйесіне негізделген.

 

 

Сондықтан ұлттық маңызы бар ерекше сала ретінде балық аулау және халықтың азық-түлік торына кіретін балық өнімдерін есепке ала отырып,балық өсіру және балық аулау салаларының мүмкіндіктерін арттырып, қалпына келтіру қажет, ол біріншіден,жергілікті халықтың денсаулығын жақсартуға, екіншіден, тұтынушылар торын кеңейтуге, үшіншіден,елдің сыртқы нарыққа тәуелдігін төмендетуге, төртіншіден,артық өнімдерді сыртқы нарыққа сатуға, бесіншіден,осы саланы дамыту және аймақтан тыс жерлерге балық өнімдерін сату бойынша аймақтардың мүмкіндіктерін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Осының барлығы таңдалған тақырып пен менің жүргізген зерттеулерімнің маңыздылығын көрсетеді.Сонымен қатар балғын түріндегі, және конверві түріндегі балық өнімдерін шығару және сату өндірісін кеңейту бойынша мүмкіндіктері мен өзінің тарихи тамыры бар Қызылорда облысы аймағында осы саланың жұмысын жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды ұсынуға мүмкіндік береді.

.

 

Балық өсіру мен аулау кәсібін Қызылорда облысында дамыту – аймақтын дамуына және әлеуметтік-экономикалық саласына келтіретің тиімділігі

Балық өсіру мен аулау кәсібіне мемлекеттік реттеу мен көмек көрсету -негізгі мемлекеттік саясатының мақсаты

 

Отандық балық аулау кәсібінің балықтың аз аулануы мен балық өнімін сатудың төмен деңгейінде сыртық нарыққа шығу еркіндігі, балық аулау кәсібін көлеңкелі экономика саласына айналдырды.Қазіргі күні тиісті саланы реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілердің болуына қарамастан, республикамызда балықтың көп бөлігін әртүрлі аймақтарда жекелеген ұйымдасқан топтардың тарапынан заңсыз аулауы туралы айтпағанда, қолданыстағы табиғи балық ресурстары жойылып жатыр. Балық ресурстарын заңсыз аулау және заңсыз сыртқа шығару әдістері әртүрлі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан тиімсіз әкімшілік ықпал ету тәсілдерімен жетілдіріліп отыр.Және қадағалау органдары мен браконьерлердің өзара келісім фактілерін де байқауға болады, ол заңсыз балық аулаушылардың білгендерін жасауларына және уылдырық шашу кезінде майда шабақтардың қырылуына әкеп соқтырады.

Заңсыз балық аулау мотивациясы су биоресурстарын реттеудегі тиісті мемлекеттік инициативаның жоқтығынан және балық аулау кәсібін басқарудағы олқылықтың орын алуы жағдайында өмір сүруге қажеттіліктен туындайды.Белгіленген квотадан жоғары балық аулау және осы балық өнімдерін тұтынушылар нарығына шығару жергілікті бюджетке түсетін салық түсімін, республикамыздың Атырау, Ақтау сияқты портты қалаларында порт жарналары, әртүрлі бақылаушы қызметтердің жарналары айтпағанда, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне әкеп соқтырады.

Қазіргі кезде балық өнімін өндірушілерді заңсыз балық аулаудан келетін экономикалық шығынды төмендетуді көздей»тін заңға бағынатын кәсіпкерлерге және көлеңкелі табыстарды қосқанда, аймақтар мен елімізге орасан зор экономикалық шығын каелтіретін заңсыз балық аулаушылар деп бөліге болады.

Осыған байланысты мемлекет тарапынан табиғи су қоймаларын қалпына келтіру, балық қорын көбейтуге және аймақтың жергілікті мүмкіндіктерін есепке ала отырып, майда балықтарды өсіруге қаржылық көмек беруге, балық ресурстарын дамытуға қатысты ғылыми негізделген тәсілді пайдалануға қажетті жағдай жасау талап етіледі.Сонымен қатар бірінің әсерін арттырып, екіншісінің зиянды ролін төмендету талап етіледі, ол экономикалық бақылау және басқару моделінің негізгі міндеті болып табылады.

Табиғи көлдер мен су қоймаларын жекешелендіру және мемлекет меншігінен алып тастау әртүрлі облыстар ішінде балық қорының азаюына және көптеген көлдер мен табиғи су қоймаларының жойылып кетуіне әкеп соқтырды.

Сондықтан мемлекет табиғи су қоймаларын қалпына келтіру және күзгі-қысқы мерзімдерде оларды толтыру бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.Бұл мәселе әсіресе көл су қоймаларына қатысты күрделі күйінде тұр.

 

Үкімет көл су қоймаарын келешекте сақтау үшін халықаралық маңызы бар шаралар қабылдауы тиіс.

Бұндай қатынастарды қалыптастыру көршілес елдер арасындағы өзара пайдалы жағдайға негізделген экономикалық қатынастар механизміне байланысты.Қазіргі кезде табиғи су қоймалары мен балық ресурстарын иемдену үшін бәсекелестік күрестегі қатынастарды реттеудің үш нұсқасы бар:әкімшілік, аукциондық және үлестік.

Бірінші нұсқаның қазіргі күні көптеген кемшіліктері анықталған,өйткені қоғамда сыбайлас жемқорлық кең жайылған.Бұл аспектіде, әкімшілік бақылаудағы негізгі векторды мемлекеттік қадағалау мен мемлекеттік аудиттің ролін арттыра отырып, билік құрылымдарына қарай бұру қажет.

Аукциондық реттеу, табиғи су қоймалары мен балық ресурстарын иемдену үшін бәсекелестік күрестегі сыбайлас жемқорлықтың ықпалын төмендетеді, мұнда билік пен бизнес қатынастары су қоймаларын иемдену және шектеулі ресурстарды өндіру экономикасын қадағалау саласына ауысады.Балық аулау шаруашылығын мониторингтеудің ақпараттық жүйесіндегі оперативтік (жедел) және статикалық мәліметтерді бұрмалау және басқа да теріс құбылыстар дәстүрлі балық аулау тәсілдеріне қол жетімді жаппай қордың және кәсіпшіліктің аса маңызды обьектілерінің азаюына ықпал етеді.

Үшінші нұсқа, квоталарды бөлудің үлестік принципі ретінде, әкімшілік және аукциондық нұсқалардан артықшылығы бар балық аулайтын мекемелердің басымдықтарын бекітеді.

Тиімді ұйымдық шешімдерді іздеуде балық аулаудың принципін өзгеріссіз қалдырудың маңызы зор-бұл шикізатты дамыту стратегиясы.Бұндай тәсілдеинновациялық шешімдердің пайда болуы балық қорының артуына және балық қорын толық тұтынуды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізуге ықпал етеді.

Көптеген экономистердің пікірі бойынша, шикізат өндірісін жалпы факторлық бағалауды, бағалық, технологиялық және инновациялық бәсекеге қабілеттілік сияқты параметрлердің үш тобы бойынша жүргізген жөн- ол өз кезегінде фирмалар мен кооперативтердің стратегиясына қарамастан табиғи құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді және ресурсты бақылауда бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Өз кезегінде технологиялық артықшылықтар- бұл сапалы капитал құрайтын инвестициялар үшін күрес, ал инновациялық артықшылықтар-адам капиталы,зияткерлік меншікті және авторлық құқық үшін күрес.

Қазіргі күні осы саладағы кәсіпкерлік қызметті, Қазақ балық шаруашылығын зерттеу институты сияқты арнайы отандық ғылыми мекемелер,кәсіпкерлік қызметтің осы саласымен тікелей байланысты университеттер ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуінің маңызы зор.

Әсіресе балық аулау шаруашылығында жинақталған басымдықтар (ғылымды қажетсінетін технологиялар), ЕУ көптеген елдері, Норвегия және АТЭС, Қытай, Жапония т.б тән.

 

Олардың тәжірибесі, балық аулау кәсібін ары қарай дамыту үшін, мемлекеттің негізгі басымдық халықты экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді бағдарламасына негізделетін, балық өсірудің және балық аулаудың оңтайлы және қалпына келтірілетін технологияларын пайдалануы тиістігін көрсетеді.

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың шикізатттық стратегиясы, мемлекеттік қолдаудың жаңа әдістері мен тетіктерін іздеуді және балық бизнесіне кедергі келтіретін факторларды анықтауды қарастыруы тиіс.

Балық қорын қайта өңдеу және аулаудың көп деңгейлі және нәтижелі технологиясын пайдаланатын, майда шабақтардың әртүрлі түрлерін өсіретін өндірушілерге демеу қаржы бөлудің маңызы зор.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 592 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2239 - | 2103 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.