Әр түрлі елдердің патенттік ведомстволары жұмысының сипаты бірдей, сондықтан бірнеше елдер аумағында қызмет ететін құжаттарды қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз ететін бір қатар елдер үшін бірыңғай патенттік ведомствоны ұйымдастыру дұрыс болар еді. Бұл идея алғашқы рет еуропалық елдердің экономикалық интеграцияға қозғалысына байланысты Еуропада жүзеге асырылды. 1973 жылы Мюнхенде 16 ел Еуропалық патенттік конвенцияға қол қойды. 1977 жылы еуропалық патентке тапсырыс қабылдайтын Еуропалық патенттік ведомство (ЕПВ) құрылды. 1994 жылға қарай ЕВП-ға Австрия, Бельгия, Швейцария, Германия, Дания, Испания, Франция, Ұлыбритания, Греция, Ирландия, Италия, Лихтенштейн, Люксембург, Монако, Нидерланды, Португалия және Швеция қатысты. ЕПВ өзіндік өнідіріп алуда. ЕВП-ның басында президент жіне бес вице-президенты тұр. ЕВП құрамына «Іздеу», «Сараптама», «Арыз», «Әкімшілік», «Халықаралық қатынастар» директораты, сонымен қатар президент аппараты кіреді.
Еуропалық патенттік жүйесін пайдалану келесі басымдықтарды береді:
- патенттеуге уақытты және қаржыны үнемдеу
- құқықты қорғауды жеңілдететін қатысушы-елдердің барлығы үшін патенттеудің жалғыз нұсқасы
- «мықты» патентті алу, себебі еуропалық патент тек мәніне қарай сараптамадан кейін беріледі, ал басқа елдерде ұлттық заңнамамен сараптаманың көптеген жүйесін көзделген.
Еуропалық патенттік конвенцияның қатысушы елдері келесі басымдықтарды алады: қызмет етуді рационализациялау және жұмысты қайталаудан құтылады, патенттік құжаттау және ақпараттау саласында кооперация.
Өтініш беруші ЕПВ-ға бір өтініш береді, онда Еуропалық патенттік конвенцияның қатысушы елдерін көрсетеді. Осы тапсырыс бойынша еуропалық патент беру жағдайында осы елдерде автономдық тәртібі болады, яғни бір елде патентті қайтару басқа елдерге әсер етпейді. Патент беру туралы өтініш ЕВП бланкісінде ағылшын, француз немесе неміс тілдерінде, немесе конвенцияның қатысушлы елдерінің иілінде жасалады.
Еуропалық патентке тапсырыс ЕПВ (Мюнхен, Гаага немесе Берлин) немесе ұлттық патенттік ведомствоға беріледі, одан ЕВПға жіберіледі. Еуропалық тапсырыс берген кезде бергені, іздеу, әр бір ел үшін бөлек патенттік формулалардың әрбір тармағы үшін төлем төленеді.
Еуропалық тапсырысты қарастырудың бірінші кезеңінде формальды сараптама және патенттік іздеу жасалады. Оның қорытындысы бойынша Еуропалық патенттік бюллетенде еуропалық патенттік тапсырыс пен іздеу есебі басылады.
Еуропалық тапсырыстың екінш кезеңі – мәні бойынша сараптама – өтініш берушінің тілегі бойынша жасалады. Басылым күнінен бастап 6 ай ішінде өтініш беруші мәні бойынша сараптама жасау туралы қолдау хат береді, яғни іздеу қорытындысы бойынша патенттік қабілеттілік критерийлеріне сәйкестігіне және оны өткізу үшін төлем төлейді. Осыдан кейін ЕВП сарапшысы тапсырыстың іздеу қорытындысы бойынша патенттік қабілеттілік критерийлеріне сәйкестігіне сараптама жасайды.
Тапсырыс бойынша шешімді сарапшылар міжілісі енгізеді. Егер тапсырыс патенттік қабілеттік талаптарына сәйкес болса патент беріледі. Еуропалық патент еуропалық патент бюллетенде оны беру туралы мәліметі басылған күннен бастап берілген деп саналады. Патенттің иесі еуропалық патент грамотасын алады.
Патентті беру туралы мәлімет басылғаннан соң тапсырыс бойынша іс жүргізудің үшінші кезеңі басталады. Бұл уақттан бастап үшінші тұлғалар (бәсекелестер) 9 ай көлемінде төлемді төлеп ЕВП-ға патент беруге қарсылық беруі мүмкін. Қрсылық бойынша шешімді ЕВП арнайы бөлімі қабылдайды.
Тапсырыс қабылдау, сараптаушы бөлімнің, қарсылықтард қарау бойынша арнайы бөлімдердің және заңгерлік бөлімдердің шешімімен келіспесе арыздануға болады. Арыз негізді деп шешсе бір ай көлемінде жаңа шешім қабылдайды. Егер арыз негізсіз болса ЕВП Апелляциялық палатасына жіберіледі, оның шешімі соңғы болып есептеледі.
Тапсырысты еуропалық патент күшінде қалдыру үшін әр бір қарастыру жылына төлем төлеу өажет. Еуропалық патент беру туралы басылым шыққан жыл төлем төлеу үшін соңғы жыл болып есептеледі.