Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЗМБҰ негізгі тұжырымдамасы




 

Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы қысқартылған түрде «ВОИС» - орыс тілінде, «WIPO» (Wоrld Organization Intellect Property) – ағылшын тілінде, «UIРО» (Universal Organization Intellect Proprieties) – француз бен испан тілдерінде, 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмда қол қойылған конвенциямен белгіленген және 1970 жылы күшіне енді. Қазіргі таңда ұйым мүшелігіне 100-ден астам мемлекет, оның ішінде Ресей мелекеті кірген.

ЗМБҰ келесі мақсаттары бар: бүкіл әлемде зияткерлік меншікті қорғауға мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы жәрдемдесу және зияткерлік меншікті қорғау бойынша одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

ЗМБҰ қызмет көп қырлы. Ол ұлттық заңнамалардың үйлесімділігі бойынша халықаралық жаңа келісімдер мен жобаларды әзірлеумен, зияткерлік меншік нысандарының кейбіреуін халықаралық тіркеуді қамтаамсыз етумен, техникалық, ғылыми және басқа ақпараттарды жинақтаумен және таратумен айналысады. ЗМБҰ зияткерлік меншікті қорғау саласында дамыған елдерге осы елдерге кадрларды дайындау, зияткерлік өндіріс меншігі нысандары бойынша тұрпатты заңдарды жасауға, осы салада және басқа да сұрақтар бойынша тиісті мекемелердің қызметін жасау және жетілдіру арқылы көмек көрсетеді.

Ақпараттық қызметті белсендендірудің жалпы тенденциясы кейбір ерекшеліктері бар патенттік ақпарат саласына әсер етті, ойлап табу қоғамдық қатынастардың арнайы сұранысынан, сонымен қатар патенттік ақпараттың техникалық-құқықтық табиғатынан туындаған.

Қазіргі уақытта мемлекеттердің аса кең ауқымы патентті-ақпарттық қамтамасыз етуді болатын зерттеуге тапсырыстармен жұмыс істейтін сарапшылар үшін ғане өзекті емес, сонымен қатарғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрастырушылық қызметепен айналысатын мамандар үшін де өзекті қарастырылады. Мұның негізінде әлемде жылсайын пайда болатын жаңа технологиялар бойынша мөлшермен 0,5 млн. патенттік құжаттардың тек 10-15% ғана баслымдық және арнайы техникалық әдебиеттерде жарық көреді. Мұндай жағдай патенттік құжаттағы техникалық ақпаратқа қол жетімділікті пайдаланушыларға жеңілдету сұрағына көңіл бөлуді талап етеді, бұдан патенттік ақпарат саласын халықаралық деңгейде стандарттау бойынша жұмысты бірінші орынға жіберу керек.

ЗМБҰ стандарты

 

Патенттік ақпарат саласында стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүргізетін негізгі халықаралық ұйым болып ЗМБҰ табылады. 2000 жылға қарай ЗМБҰ патенттік ақпаратқа қатысты барлық сұрақтар бойынша, патенттік құжаттар деректерінің коды мен жеке библиографиясын, жинақтау мен сақтау, ЭЕМ немесе басқа құрал арқылы патенттік құжаттарды іздестірудің 40-қа жуық стандартын әзірледі.

Патенттік ақпаратты пайдаланатындар үшін анағұрлым тиімдісі ST.9 «Патенттік құжаттарға қосылатын библиографиялық деректер» стандарты (патенттік құжаттың библиографиялық сипаттамасы) және ST.3 «Патенттік құжаттарды шығаруды немесе тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттердің, басқа да әкімшілік бірліктердің немесе халықаралық ұйымдардың атауларын беретін екі әріпті кодтар» стандарты болып табылады. Патенттік құжатты пайдаланатындар ондағы библиографилық деректерді жекелеуде қиындықтарға тап болады. Стандарттарға қаржы көзделген, оның көмегімен басылымда көрсетілген тілді білмесе де және зияткерлік өндірісі саласындағы заңнамаларға сәйкес патенттік құжаттағы маңызды ақпараттарды алуға болады. Осыған байланысты, ST.9 стандартында патенттік құжаттың беткі парағында басылу керек библиографиялық деректердің минимумына қатысты ережелер бар. Стандартта патенттік құжаттың беткі парағында және басқа құжаттарда кеңінен пайдаланылатын библиографиялық деректердің 50-ге жуық атауы бар. Олар сандық кодтар арқылы жекеленген, ол «ИНИД коды» деп аталады (деректерді жекелеу үшін берілетін сандық кодтар) және серия болып әзірленген.

Серия (10). Құжатты жекелеу. Бұл кодтар құжаттың түрін анықтау үшін берілген (патентке берілген әр түрлі тапсырыстарға сипаттама) және олардың қандай да бір елдің патенттік ведомствосына қатыстылығы берілген.

Серия (20). Ұлттық тіркеу туралы деректер. Код сериясы бұл ведомствоға бірінші рет құжаттың күні мен нөмері үшін арналған.

Серия (30). Басты деректер (приоритет). Тек осы серияның деректері бойынша нысанның жаңашылдық дәрежесін және «оның туған жері» туралы білуге болады.

Серия (40). Жалпыға мәлім болу үшін тапсырыс материалдарын беру күні. Бұл серияның деректері приоритет туралы даулар туындаған кезде өте маңызды.

Серия (50). Техникалық ақпарат.

Серия (60). Басқа заң жүзінде бір-бірімен байланысты ұлттық патенттік құжаттарға, басылмаған оларға берілген тапсырыстарды қоса, сілтемелер.

Серия (70). Құжатқа қатысы бар тұлғаларды жекелеу, мекен жайларының көрсетілуімен.

Серия (80). Халықаралық келісімдерге қатысты деректерді жекелеу.

ST.3 стандарты патенттік құжаттарды шығаратын немесе тіркейтін мемлекеттер мен әкімшілік бірліктердің, соынмен қатар халықаралық ұйымдардың атауларын көрсету үшін екі әріпті кодтарды білдіреді. Стандарт үш бөлімнен тұрады:

- Мемлекет пен басқа әкімшілік бірліктің атауы алфавит тәртібі және оны білдіру үшін екі әріпті коды;

- Мемлекет пен басқа әкімшілік бірліктің екі әріпті коды алфавит тәртібінде, оның бір бөлігі 6.1 кестесінде берілген;

- Халықаралық ұйымдар және оларды белгілеу үшін арналған екі әріпті кодтар (6.2 кестені қара).

6.1 кесте. Мемлекет пен басқа әкімшілік бірліктің атауы және оны білдіру үшін екі әріпті коды

Мемлекет Кодтары Мемлекет Кодтары
Аргентина AR Италия IT
Австрия AT Жапония JP
Бельгия BE Лихтенштейн LI
Бразилия BR Люксембург LU
Қытай CN Нидерланды NL
Германия DE Норвегия NO
Дания DK Польша PL
Испания ES Румыния RO
Финляндия FI Ресей RU
Франция FR Швеция SE
Ұлыбритания GB Швецария CN
Венгрия HU Канада CA
Испания ES АҚШ US

 

6.2 кесте. Халықаралық ұйымдар, мемлекет топтары және оларды белігілеу кодтары

Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (ЗМБҰ) WO
Еуропалық патенттік ведомство (ЕПВ) EP
Халықаралық патенттік институт IB
Зияткерлік меншіктің Африкалық ұйымы (ЗМАҰ) OA
Тауарлық белгілер мен өндірістік үлгілер бойынша Бенилюкс бюросы BX
Еуропалық қоғамдастықтың Патенттік конвенциясының қатысушы-мемлекеттірі одағы EF
Өндірістік меншіктің Африкалық аймақтық ұйымы (ӨМААҰ) AP

 

Өзіндік тескеру үшін сұрақтар

1. Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы қашан құрылды?

2. ЗМБҰ қызметтің қандай түрлерін жүзеге асырады?

3. ЗМБҰ стандарттарын не үшін білу қажет?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 623 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2227 - | 1965 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.