Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тұрмыстық дәстүрлер

Тәлім-тәрбие, үлгі дәстүрлері

Шілдехана. “ Шілдехана ” - жаңа туған балаға арналған той. Кешке жиналғандар сәбиге құтты болсын айтып, ән салып, домбыра тартып тойлайтын болған.

Кіндік кесер. Қазақтарда “ кіндік шеше ” ұғымы бар. “ Кіндік кесу ” рәсімі ең құрметті әйелге, ақыл тоқтатқан әжеге тапсырылады. Бұдан кейін ол әйелге “ кіндік кесер ” жоралғысы тапсырылады. Кіндік кескен әйел ол отбасының ең құрметті адамына айналып, баланың екінші анасы саналады. Жаңа босанған әйел әкелінетін ет тағамы “ Қалжа ” деп аталады.

Ат қою. Қазақтар осы салтанатты рәсімге ерекше мән берген. Әдемі аттар мен атақты адамдардың есімдерін беру арқылы соларға балам ұқсас болса екен деген пиғылды аңғару қиын емес. XVIII – XIX ғасырларда өмір сүрген адамдардың көпшілігі не “ бай ” атын (Мырзабай, Иманбай, Оңайбай, т.б) беру ата – аналардың дәулетке ұмтылысы, балам бай болса екен сияқты армандарының нәтижесі деп түсіну қажет. Сонымен қатар, ат қоюға бала туған кезде қалыптасқан әр түрлі жағдайлардың ықпалы аз болған жоқ. Мысалы, Наурызда туғандар Наурызбай, жайлауда туғандар Жайлаубай, айтта туғандар Айтбай, т.с.с болып кете берген. Баласы тұрмағандар, балаларын құлаққа түрпідей тиетін аттар қойып, ұрпағын сақтап қалуға тырысқан. Күшікбайлар, Түлкібайлар, Қасқырбайлар осыдан келіп шыққан. Ылғи қыз туған ата – аналар ұл көру арманына қыздарына Ұлбосын, Ұлтуған, Жаңылсын, Ұлмекен аттарын қойып жетпек болған.

Бесікке салар. “ Бесік ” - халық ұғымында қасиетті және бала үшін өте ыңғайлы ұя. Салт бойынша бесікке баланы ру анасы, жұрттың бәріне аса құрметті жасамыс ана салады. Салт дәстүрлері “ Бесік жырымен” қабат жүреді. Бесікке бала салынғаннан кейін,әжеге “ бесік салар ” сыйы тарту етілді.

Қырқынан шығару. Туғанынан бастап қырық күн өткен соң, әйелдер баланы суға түсіріп, шашын және тырнақтарын алады. Әйелдерге баланың ата- анасы сыйлықтар тарту етіп, жиналғандарды дастарханға шақырады.

Тұсаукесер. Бұл салтанатты бала жүре бастаған кезде өткізеді. Жіңішке ала жіппен баланың аяғын тұсаулағаннан кейін, шапшаң, пысық, көп балалы салиқалы адамға тұсау кесуді сеніп тапсырады. Салт ән-күймен, игі тілектермен қоса жүргізіледі. Ертеде тұсауды кесілген балаға ат және ер тарту етілген.

Базарлық. Алыстан жолаушылап келген адамның жақындарына және таныстарына әкелетін аса қымбат емес сыйлары.

Бастаңғы. Ата-аналар үйден жолаушылап кеткенде, ересек балалардың өз қатарына ұйымдастыратын жастар кеші. Ол ойын-сауыққа толы болған.

Енші. Әке үйінен бөлініп, отау тігетін балалардың үлесі. Ол дүние және мүліктен тұрған.

Көгентүп. Егер қонаққа туыс адам немесе жақсы таныс баламен келсе, үй иесі балаға мал (бұзау, құлын, қозы) тарту еткен.

Ашамайға мінгізу. Бұл салтанатты дәстүрдің бала тәрбиесі үшін үлкен маңызы бар. Бала 6-7 жасқа келгенде, туысқандар жиналып, оны ерттелген атқа мінгізеді, қолына қамшы береді, оған жігіт болдың дейді. Атасы бата беріп, әжесі шашу шашады, арты үлкен тойға ұласады.

Сүндет тойы. Тақ жасқа (3, 5, 7) келген баланы сүндетке отырғызады. Үлкен тойға көп адам жиналып, салтанат иесіне ат немесе басқа сый тарту етіледі.

Тұрмыстық дәстүрлер

Аманат. Отбасылық қымбат заттардың біреуге берілуін бір уақытқа сақтауға берілуі. Аманат сақтау үлкен адамгершілік белгісі саналған. Халық сөзі “ Аманатқа қиянат қылма ” тегін айтылмаған. Аманат дәстүрі ел басына күн туған “ Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама ” жылдары басталып, өз жалғасын Кеңестік саяси қуғын-сүргін жылдары тапқан шығар деп пайымдауға болады. Ертеде аманатқа балаларын да беріп отырған.

Ат тергеу. Ұлттық дәстүр бойынша келіндер атасының, кайнағасының, кайынсіңлісінің атын атамай, әр түрлі жағымды есімдер қойып “ Бай ата ”, “ Мырза қайнаға ”, “ Еркежан ”, “ Көркем жігіт ”, т.с.с айтатын болған.

Айып. “ Айып, айып төлеу” - кінә, кінәлі болу; соған байланысты айып төленеді. Барымта, қылмыс жасағаны үшін қылмыскерлерге айып төлеткен. Айып түрлері көп, олар жасалған қылмысқа байланысты қолданылады. Ауыр қылмыс үшін “ тоғыз айып ”, яғни түйеден бастап тоғыз мал төлеткен. Әсіресе, ұрлық қатаң жазаланған.

Әмеңгерлік. Отбасында қайтыс болған адамның әйеліне сол адамның інісінің немесе ағасының үйленуі. Бұл шараның астарында балаларды өзге руға жібермеудің амалы жатқанын түсіну қиын емес.

Бата. Елге сыйлы абыздар, ақсақалдар, азаматтар, аналар беретін бағалы рухани тілектер. Олар “ дастархан бата ”, “ алғыс бата ”, “ ел батасы ”, “ жаңа ай батасы ”, “ Наурыз бата”, т.б бөлінеді.

Теріс бата. Қарғыс. Ата-ана үмітін ақтамаған, руды ұятқа қалдырған балаларға теріс бата берілетін болған. Ондай адамдар елден аластатылған.

Дау. Дау – талас. Қазақтар арасында айып мөлшері, жесір, жетім, барымта, ұрлық, жер, су үшін таластар туып отырған. Дауласқан адамдар әділдікті қара қылды қақ жаратын билерден іздеген. Олар дауларды әділ шешіп, төрелік айтқан. Ақсақалдар шешімі екі сөзге келмей, мүлтіксіз орындалған.

Жылу. “ Жылу ”-материалдық көмек. Әр түрлі нәубетке (өрт, жұт, топан су, т.с.с) ұшыраған адамдарға мал, дүние түрінде жиналатын халық көмегі. “ Көп түкірсе көл ” мақалы соңы меңзейді.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
на участие в Городской военно-спортивной игре | Истребители и бомбардировщики
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 833 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2216 - | 2044 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.