Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып 12 Корпорацияларды қаржылық жоспарлау




Лекцияның мақсаты: Корпорацияларда қаржылық жоспарлаудыоқып-үйрену.

Негізгі сөздер: қаржылық жоспарлау, құрастыру, бекіту, талдау

Негізгі сұрақтар:

1. Корпорацияларда қаржылық жоспарлау

2. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері

3. Қаржылық жоспарлау процесі

1. Корпорацияның қаржысын тиімді басқару тек шаруашылық субъектісінің барлық қаржы ресурстарын, олардың қалыптасу көздерін жоспарлау арқылы ғана мүмкін.

Қаржылық жоспарлау корпорацияның дамуын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақтағы оның қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қаржылық жоспарлар жүйелерін және жоспарлық (нормативтік) көрсеткіштерді жасау процесі болып табылады.

Қпржылық жоспарлау жоспардан тұрады, ал ол болса бірнеше кезеңнен. Олар келесідей:

1. құрастыру

2. қару

3. бекіту

4. жүзеге ас ыру /орындау/

5. талдау

Осы аталған кезеңдердің орындауына қарай қаржылық жоспармен жоспарлау нәтижелігі және тиімділігі анықталады. Неғұрлым жоспар нақты болатын болса, соғұрлым компанияның алыңғы кезеңдегі стратегиясының орындауы нақты және жақын.

2. Қаржылық жоспарлаудың мәні келесілерден айқындалады:

-жасалған стратегиялық мақсаттарды нақтылы қаржылық көрсеткіштер нысанына өзгертеді;

-дамудың экономикалық үйлесімін өндірістік жоспарда қарастырылған қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді;

-бәсеке жағдайында Корпорация жобасының өмір сүру қабілетін анықтау мүмкіндіктерін көрсетеді;

-сыртқы инвесторлардан қаржылық көмек алудың құралы болып табылады.

Корпорация қаржысын жоспарлаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

-өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

-капитал салымының тиімді жолдарын анықтау, оның ұтымды пайдалану деңгейін анықтау;

-ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалану есебінен табысты жоғарылатудың ішкі шаруашылық резервтерін айқындау;

-бюджетпен, банктермен және контрагенттермен ұтымды қаржы қатынастарын белгілеу;

-акционерлер мен бсқа да инвесторлардың мүделерін сақтау;

-корпорацияның қаржы жағдайын, төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін бақылау.

Қаржылық жоспрлауда келесі әдістер қолданылады:

-экономикалық талдау әдісі;

-нормативтік әдіс;

-баланстық есептеулер әдісі;

-ақшалай аындар әдісі;

-есептеулердің көп варианттылығы әдісі;

-экономикалық-математикалық модельдеу әдістері.

3. Қаржылық жоспарлау бірнеше сатыдан тұратын күрделі процесті қамтиды:

Бірінші сатыда өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіштер бағаланады. Бұл ретте корпорацияның негізгі қаржылық құжаттары – бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру қолданылады.

Екінші сатыда бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру сияқты негізгі болжамды құжаттар дайындалады. Олар өз кезегінде перспективалық қаржылық жоспарға жатады және корпорацияның ғылыми негізделген бизнес-жоспарында қамтылады.

Үшінші сатыда ағымдағы қаржы жоспарын жасау арқылы қаржылық құжаттардың болжамды көрсеткіштері нақтыланады.

Төртінші сатыда оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асады.

Қаржылық жоспарлау процесі жоспарлардың тәжірибелік енгізілуі және олардың орындалуына бақылау жасау арқылы аяқталады.

Корпорациялардағы қаржылық жоспарлау үш шағын жүйеден тұрады:

-перспективалық (стратегиялық) қаржылық жоспарлау;

-ағымдағы қаржылық жоспарлау;

-оперативтік қаржылық жоспарлау.

Бақылау сұрақтары:

Корпорацияның қаржысын тиімді басқару тек шаруашылық субъектісінің барлық қаржы ресурстарын, олардың қалыптасу көздерін жоспарлау арқылы ғана мүмкін. Қаржылық жоспарлау корпорацияның дамуын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақтағы оның қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қаржылық жоспарлар жүйелерін және жоспарлық (нормативтік) көрсеткіштерді жасау процесін түсіндіріп берініз.Қаржылық жоспарлаудың мәні қалай айқындалады? Корпорация қаржысын жоспарлаудың негізгі міндеттерін атап берініз. Қаржылық жоспарлауда қандай әдістер қолданылатынын айтып берініз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 854 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

596 - | 604 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.