Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру




Лекцияның мақсаты: Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыруды оқып-үйрену.

Негізгі сөздер: Ұзақ мерзімді міндеттеме, несиелеу, кредиторлық қарыз, лизинг

Негізгі сұрақтар:

1. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қаржыландыру

2. Несиелеу мәні мен қажеттілігі

3. Несиелеулің жаңа әдістері

 

1. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қаржыландыру.Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың бапрлығының да міндеттемелері болады. Кез-келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын корпорация сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын корпорациялардың өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбектері үшін, сонымен қатар бюджетке әр түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі кезде қаржының жетіспеушілігіне байланысты банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіндіктері болмай жабылып, аукционға салынып, сатыолып жатқан корпорациялар көптеп кездесетіні белгілі.

Корпорациядағы міндеттемелер жүйесіне келесілер кіреді:

· несиелер;

· алдағы кезең кірістері;

· дивиденттер бойынша есеп айырысулар;

· бюджетпен есеп айырысулар;

· бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысулар;

· жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар;

· алынған аванстар;

2. Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып бөлігнеді.

Коммерциялық несие – бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдыруына байланысты туындайды.

Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түріндегі кірісін ұлғайтуға,ғ ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкпен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім шарттарының негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, проценттік өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы басқалары көрсетіледі.

Корпорация банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оның уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктің несие беру, өтеу, өсім проценті ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып және басқа да талаптарды алдын-ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді. Ол үшін корпорациядан тиісті бухгалтерлік есеп материалдарын алып танысады. Берілген уақыт аралыға байланысты банк несиесі қысқа мерзімді /бір жылға дейін/ және ұзақ мерзімді /бір жылдан астам уақытқа/ болып бөлінеді.

Несиенің объективті қажеттілігі - бұл корпорацияның өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.

Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіліп коммерциялық негізде беріледі. Несие алу үшін корпорациялар банк мекемесі атына өтініш жазады. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну, яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалынған бизнес-жоспар және тағы басқадай құжаттар табысталуы қажет.

Жалпы корпорацияларға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары субъектінің өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан соң несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісім-шарттың орындалуына сәйкес беріледі.

Банк мекемесі мен несие алушы корпорация арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісім шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалынады. Егер келісім шарт бір жылдан артық уақытқа жасалынған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісім-шарт негізінде беріледі. Несиелік келісім-шарт банк мекемесі мен әрбір несие алушы субъекті /клиент/ үшін жеке жасалынады.

Қысқа мерзімді банк несиеленрі 12 айдан артық емес мерзімге беріледі /яғни бір жылдан кем уақытқа/. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты мұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Банк несиесі корпорацияның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне /көлеміне/ байланыссыз беріледі және қолма-қолсыз тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта қарастырылады. Егер несие алушы келісім-шартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын-ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

Сонымен қатар, ішкі кредиторлық қарыздар қалыптасатындығы белгілі. Ішкі кредиторлық қарыздар корпорацияның заемдық құралдарды пайдалануының ең қысқа бір түрі болып табылады. Кредиторлық қарыздарды қолдану корпорацияда күнделікті болып отырады, ал оларды өтеу белгілі бір уақытта, яғни көбіне бір ай ішінде өтеледі. Ішкі кредиторлық қарыздар корпорацияның өз капиталы түрінде емес қолданылатын заемдық құралдардың бір түрі болып табылады.

Корпорацияның шаруашылық қызметіндегі процессте қолданылатын заемдық капитал түрі ретінде келесі негізгі ерекшеліктерге ие болады:

1. ішкі кредиторлық қарыз корпорация үшін заемдық құралдарды қолданудың уақытша тегін қайнар көзі болып табылады.

2. Ішкі кредиторлық қарыздар көлемінің бір күндегі айналымы корпорацияның қаржылық циклінің жылдамдығы немесе үздіксіздігіне әсер етеді.

3. Корпорациядағы ішкі кредиторлық қарыздарждың сомасы корпорация шаруашылық қызметінің көлеміне, дәлірек айтқанда өндіріс көлемі мен өнімді сату куөлеміне тікелей байланысты болады.

Корпорацияның ішкі кредиторлық қарыздарына кіретіндер: еңбек ақы төлеу бойынша қарыздар, әлеументтік сақтандыру, зейнетақы қорына қарыз, бюджетке салықтар төлеу бойынша қарыздар, корпорация мүлігін сақтандыру бойынша төлемдер аудару, жеке персоналдарды сақтандыру бойынша төлемдер және т.б. ішкі кредиторлық қарыздардың құрамына кіретін төлемдер кіреді.

Ішкі кредиторлық қарыздарды реттеудегі негізгі мақсат – оның құрамына кіретін құралдарды өз уақытында төлеу және аудару болып табылады.

Қаржы мамандары ішкі кредиторлық қарыздарды реттеу үшін келесі этаптарды қарастырады:

· алдағы кезеңдегі ішкі кредиторлық қарыздарды бағалау;

· алдағы кезеңдегі корпорацияның ішкі кредиторлық қарыздарының құрамын анықтау;

· ішкі кредиторлық қарыздардың әр түрі бойынша төлем үздіксіздігін қалыптастыру;

· ішкі кредиторлық қарыздардың әр түрі бойынша аударылған төлемдердің орташа сомасын болжау;

· жалпы корпорация бойынша ішкі кредиторлық қарыздардың әр түрі бойынша орташа сомасын және өсім көлемін анықтау;

· алдағы кезеңдегі корпорацияның ішкі кредиторлық қарыздар өсімінің тиімділігін бағалау;

· ішкі кредиторлық қарыздар бойынша төлемдерді уақытылы аудару бойынша бақылауды уақытылы қамтамасыз ету;

Сонымен жалпы корпорациядағы ішкі шаруашылық кредиторлық қарыздароды өтеу арқылы әр түрлі көздерден жұмылдырылатын заемдық құралдардың жалпы құрылымын өңдейді.

2. Несиелеулің жаңа әдістері.Көптеген коммерциялық банктер тапсырыс берушілерге бір жылдан астам уақытқа, яғни ұзақ мерзімге несие беру іс-әрекеттерін іске асырады. Мұндай несиелер әдетте корпорацияның капитал салымын қалыптастырумен байланысты, яғни құрылысқа, оны кеңейту, реконструкциялау, өндірістік бағыттағы объектілерді қайта жабдықтау, ғылыми-техникалық өнімдерді қалыптастыру және тағы сол сияқтыларға жұмсалады.

Ұзақ мерзімді несиелер капитал салымын қаржыфландырудың негізгі қайнар көзі және олар корпорацияның барлық меншік түрлеріне ыңғайлы әрі тиімді болып табылады. Ұзақ мерзімді несиені тапсырыс беруші несие ұйымымен белгілі бір келісім-шарт негнізінде ала алады. Несие келісім-шартында келесі шарттар қарастырылады:

· берілетін ссуда көлемі;

· оны қолдану тәртібі және мерзімі;

· екі жақтың экономикалық жауапкершілігі және міндеттері;

· міндеттемелерді қамту формалары /мүліктік кепілдік және т.б./;

· несие алу үшін банкке берілетін құжаттар;

Кез-келген корпорацияға ұзақ мерзімді несие беру үшін банк келесіллерді ескереді:

1. несие алушының баланс ликвиттілігі және төлемқабілеттілігі;

2. несие тәуекелділігінің деңгейі;

Осы мақсатта банк несие алушы корпорациясынан келесі құжаттардың көшірмесін алады:

1. бухгалтерлік баланс /соңғы есепті кезеңге/

2. табыс және зиян туралы есеп беру;

3. техника-экономикалық түсініктемелер;

Несителеудің жаңа бір формасының бірі – лизинг болып табылады.

Лизинг – бұл мүлікті ұзақ мерзімге жалға берумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі. Басқаша айтқанда, лизинг – бұл мүлікті қалыптастыру немесе оны заңды және жеке тұлғаларға лизингтік келісім шарт негізінде, белгілі бір мерзімге, белгілі шарттарға байланысты және келісім шартқа сәйкес ары қарай лизинг алушы мүлікті сатып алуға құқығы болу негізінде берілетін инвесторлық қызметтің бір түрі деп түсіндіреді.

Лизингтік қызмет – лизинг келісім шарты бойынша лизинг берушінің орындалатын функциялары. Лизингтік қызметті лизингттік компаниялар Қ.Р.заңына сай арнайы лицензия негізінде жүзеге асырады. Резидент емес лизингтік компаниялардың қызметін лицензиялау олар салық органдарына есепке тұрғаннан соң қалыптастырады.Лизинг заты ретінде кез-келген жылжитын және жылжымайтын мүлік жатады. Кәсіпорындар мен басқа да мүліктік комплекстер,жер участкілері,табиғи обьектілер және тағы басқалар болып кіреді.

Мүлікті лизингкке беру мерзіне келесілерге бөлінеді:

· ұзақ мерзімді лизинг, 3 жылдан жоғары;

· орта мерзіимді лизинг, 1,5 –3 жыл арасы;

· қысқа мерзімді лизинг, 1,5 жылға дейін;

Қатынасушылардың /субъектінің/ құрамына қарай:

· тікелей қаржылық лизинг, яғни мұнда лизинг беруші алушыға өзі мүлікті өткізеді. Ешқандай делдалсыз /екі жақтық келісім/;

· жанама лизинг – делдалдар арқылы лизингке беру /лизингтік компаниялар, банктер/ яғни үш жақтық келісім туады /жабдықтаушы-делдал-пайдаланушы/.

Лизингтік іс-әрекеттерге үш немесе одан көп заңды тұлғалар қатынасады:

Лизинг алушы Лизинг беруші

2 3

Кәсіпорындар /лизинг затын

жабдықтаушы/

1 – лизинг келісім шартын бекіту

2 – лизинг затын жеткізу

3 – лизинг затын жеткізгені үшін ақы төлеу

4– мүліктің лизингтік төлемі /жал төлемі/

Лизинг өз кезегінде лизинг берушіге, лизинг алушыға және тиімді әсерін тигізіп отырады.

Факторинг - /ағылшын тілінен аударғанда делдал деген мағынаны білдіреді/ айналым құралдарын несиелеумен байланысты сауда-комиссиондық іс-әрекеттердің көп түрлілігі. Факторинг сатып алушының дебиторлық қарыздарын және делдалдық қызметтерді қысқа мерзімге несиелеудің арнайы түрі болып табылады.

Факторингке келесілер жатады:

· сатып алушының дебиторлық қарыздарын инкассалау;

· қысқа мерзімді несие ұсыну;


Бақылау сұрақтары:

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қаржыландыру ұғымын айтыныз.Корпорациядағы міндеттемелер жүйесіне нелер кіретінін атаңыз.Несие ұғымына түсініктеме беріңіз.Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкпен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім шарттарының негізінде реттеліп жүргізіледі. Жүйесін атаңыз. Несиенің объективті қажеттілігі ұғымына түсініктеме беріңіз.

Корпорацияның ішкі кредиторлық қарыздарына кіретін элементтерді атап шығыңыз.Қаржы мамандары ішкі кредиторлық қарыздарды реттеу үшін қандай этаптарды қарастырады?

Несиелеудің жаңа әдістерін көрсетініз.Несие келісім-шартында қандай шарттар қарастырылатыны көрсетіңіз. Факторинг - /ағылшын тілінен аударғанда делдал деген мағынаны білдіреді/ айналым құралдарын несиелеумен байланысты сауда-комиссиондық іс-әрекеттердің көп түрлілігі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 953 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

824 - | 698 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.