Бөлінетін жердің жоба экспликациясына тұрақты және уақытша бөлінетін жердің аудандары түсіріледі. Жоба экспликациясы әр жер пайдалануы бойынша есептелінеді.
Жолдар мен каналдар құрылыстарына тұрақты пайдалануға алынатын жердің ауданы бекітілген жер беру нормалары арқылы есептеледі.
Берілетін учаскенің ені мен ұзындығына қарай әрбір алқаптың, сонымен бірге учаскенің жалпы ауданы анықталады. Оның негізінде экспликация құрылады.
Кесте 4.1
Алынатын жердің жобалық экспликациясы
№ | Жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар атауы | Жерді пайдалану түрі | Жалпы ауданы, га | Соның ішінде | |||
егістік | шабындық | жайылым | басқа жерлер | ||||
«Алатау» АҚ | Тұрақты пайдалану Уақытша пайдалану | 55.0 27.0 | 10.0 3.5 | - - | 41.0 23.5 | 4.0 - | |
Барлығы: | 82.0 | 21.0 | - | 58.0 | 2.0 |
Жер бөліп беру жобалық планын жасау.Жерге орналастыру жобасын жасауда пландық негіз дайындалады. Бөлінетін жер учаскесінің ауданына, алқаптар бойынша құрамына, рельефтің және ситуацияның күрделілігіне, жерді пайдалану мақсатына және т.б. себептерге байланысты пландық-картографиялық материалдардың масштабы таңдалып алынады. Мысалы масштаб 1:200 ден 1:25000 (1:50000) дейінгі және одан да ұсақ масштабта болуы мүмкін.
Жерге орналастыру объектілерін зерттеу негізінде, жер бөлу нормаларына байланысты құрылыс объектілерін орналастыруды есепке ала отырып, құрылыс жүргізуге берілген жер учаскелерінің шекаралары планға түсіріледі.
Бөлінетін жер учаскесінің орналасқан орны, ұзындығы және ені объектінің орналасу схемасы және оның техникалық сипаттамасы арқылы белгіленеді. Тұрақты және уақытша бөлінетін жерлердің шекаралары планда, оның масштабына сәйкес қызыл сызықтармен белгіленеді. Тұрақты бөлінетін жерлердің шекаралары тұтас сызықпен, ал уақытша бөлінетін жерлердің шекаралары - пунктирмен белгіленеді. Мөлшері ұсақ жер пайдалануды масштабта көрсету мүмкіншілігі болмағанда, ол тиісті шартты белгілермен белгіленеді.
Егер ауылшаруашылығына жатпайтын объектінің жұмыс істеуіне байланысты кері әсер тарайтын болса, жоба планында қорғау және санитарлық зоналардың шекаралары көрсетіледі. Зоналардың мөлшерлері тиісті ұсыныстар бойынша орындалады.
Автомобиль және темір жолдарын салу үшін тұрақты және уақытша пайдалануға бөлінетін жердің ауданын және алқаптар бойынша құрамын анықтау
Бұл жұмыстар келесі кезеңдерде орындалады:
1. жер пайдаланудың ауданын анықтау.
2. алқаптардың құрамын анықтау.
3. бөлінетін жердің бағасы есептеледі және кері әсер ету зоналары белгіленеді.
Құрылыс жүргізу үшін тұрақты бөлініп берілетін жерлер қазіргі кездегі жер пайдаланушылардан (жер иелерінен) алынып, ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге беріледі. Сызықтық объектілерге бөлінетін жердің ауданы ұсынылатын нормаларға байланысты анықталады. Бөлінетін жолақтың мөлшерлері (ұзындығы және ені) арқылы сызықтық объектілерді орналастыру ауданы пайдаланудан алынатын алқап түрлері бойынша есептеліп шығарылады:
(4.22)
онда: Рn – сызықтық ғимаратты салу үшін бөлінетін жерлердің ауданы, га;
Ei – берілетін жердің ені, алқаптардың i – інші участкесінде, м;
Di – i – інші учаскенің ұзындығы, м;
n – алқап түрлері бойынша учаскелер саны.
Жер учаскелерінің саны, алқаптар түрлері және олардың жер бөлу жолағы бойынша ұзындықтары жоба планы және енін анықтайтын норма бойынша алынады. Жер бөлу жолағының ені сызықтық объектінің техникалық сипаттамасына және алқап түрлеріне байланысты өзгеріп отырады.
Электр жүйелері бағаналарының астына тұрақты пайдалануға бөлінетін жерлердің ауданын және алқаптарының құрамын анықтау
Бұл жұмыстар келесі кезеңдерде орындалады:
1. жер пайдаланудың ауданын анықтау;
2. алқаптардың құрамын анықтау;
3. бөлінетін жердің бағасын есептеу және кері әсер ету аймақтарын белгілеу.
Электр жүйелері бағаналарының астына тұрақты бөлінетін жерлердің ауданы келесі формула бойынша есептеледі:
(4.23)
онда: Рn – электр жүйелеріне тұрақты бөлінетін жерлердің ауданы;
K i – i – інші жер алқабындағы бағаналардың саны;
Ei – бір бағанаға бөлінетін жердің ауданы, м2;
n – алқап түрлерінің саны.
Егер бағана түрлері әр түрлі болып, бір бағанаға бөлінетін жердің ауданы әртүрлі болатын болса, жоғарғы формула бойынша бөлінетін жер әр бағана түріне жеке есептелінеді.
Бағана астына бөлінетін жердің ауданы (Е) электр жүйелерінің қуаттылығына, бағананың түріне және конструкциясына байланысты нормалар негізінде анықталады.
Әр алқап түрінде бағаналардың саны, олардың түрлері бойынша жоба планында көрсетіледі.
Сызықтық емес (кең ауданды) ғимараттар салынатын және уақытша берілетін жерлердің аудандарын және алқаптық құрамдарын анықтау
Бұл жұмыстар келесі кезеңдерде орындалады:
1. жер пайдаланудың ауданын анықтау;
2. алқаптардың құрамын анықтау;
3.бөлінетін жердің бағасын есептеу және кері әсер ету аймағын белгілеу.
Сызықтық емес объектілерді салу үшін бөлінетін жерлердің ауданы жобалық планға орналасатын объектілердің шекараларын түсіргеннен кейін графикалық, графо-механикалық әдістермен анықталады.
Берілетін жер учаскесінің ауданы әр жер алқаптары бойынша жеке есептеледі. Бөлінетін жердің контурының шекаралары салынатын объектінің генералдық планының негізінде анықталады.
Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілердің құрылысын жүргізу немесе реконструкциялау кезеңдерінде жер учаскелері уақытша пайдалануға беріледі. Уақытша пайдаланылатын жерлер қысқа мерзімдік (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімдік (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Сызықтық ғимараттарды салуда (жолдар, электр және байланыс жүйелерін, су құбырларын) ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жерлер қысқа мерзімдік пайдалануға құрылыс кезеңдеріне байланысты беріледі.
Автомобиль және темір жолдарын салуда уақытша берілетін жерлерде топырақтың құнарлы қабатын, құрылыс материалдарын үюге арналған алаңдар және құрылыс техникалары және көліктер өтетін жолақтар орналастырылады.
Құбырлар және су құбырларын салу үшін уақытша пайдалануға жер жолақтары бүкіл трасса бойы бөлінеді.
Уақытша бөлінетін жерлердің ауданы бөлінетін жер жолағының нормативтік еніне және объектінің ұзындығына байланысты есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Әртүрлі мақсаттарға жер бөліп беру үшін алынатын жер көлемін анықтау және жобалық экспликация құру.
2. Автомобиль және темір жолдарын салу үшін тұрақты және уақытша пайдалануға бөлінетін жердің ауданын және алқаптар құрамын анықтау.
3. Электр жүйелері бағаналарының астына тұрақты пайдалануға бөлінетін жерлердің ауданын және олардың алқаптарының құрамын анықтау.
4. Сызықтық емес (кең ауданды) ғимараттар салынатын және уақытша берілетін жерлердің аудандарын және алқаптың құрамдарын анықтау.