Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Алыптасқан жер пайдалануларды талдау және олардағы кемшіліктерді белгілеу




Азіргі кездегі кемшіліктерді табу, олардың шаруашылықтардың өндірістік-қаражаттық іс-әрекетіне тигізетін әсерінің көлемін анықтау, оларды жою қажеттілігін және мүмкіншілігін анықтау.

1. Қалыптасқан жер пайдалануды талдаудың мазмұны және онда шешілетін сұрақтар:

- логикалық есептеулер арқылы (коэффициенттермен) жер пайдаланудың кеңістіктік кемшіліктерін анықтау.

- шаруашылықтардың өндірістік дамуына кемшіліктердің тигізетін әсерін анықтау.

- әр шаруашылық бойынша және шаруашылықтардың өзара байланыстарын есепке ала отырып, кемшіліктерді жою жолдарын және қажеттіліктерін анықтау.

2. Жер пайдалануларды зерттеу жолдары және әдістері:

3. Жобалануға жататын территорияға кіретін шаруашылықтардың жер пайдалануларын құрама жоспардағы бейнеленген сыртқы пішінін зерттеу арқылы аттамалы, бір жер пайдаланушының жерінің екінші жер пайдаланушының жерінде орналасуы, алыс жерлік, шекаралардың иректенуі және тағы басқаларды анықтау. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшерлері қалыптасқан тиімді мөлшерлермен немесе, ғылыми ұсыныстармен салыстырыла отырылып анықталады. Құрама жоспарды көзбен қарай отырып, логикалық зерттеген нәтижелер арнайы кестеге енгізіледі.

Логикалық есептеумен қатар сапалық талдау жүргізіледі. Сапалық талдау жер пайдаланулардың кеңістіктік кемшіліктерін келесі көрсеткіштер арқылы сипаттайды: жер пайдаланудың жинақылығы; шекараның иректігі; ұзындығы; алыс жерлік.

Жер пайдаланудың жинақылығы сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы жинақылығы жер пайдаланудың шекарасы құрайтын сыртқы пішіні. Ішкі жинақылығы – бөлімшелердің, жер алқаптарының, ауыл шаруашылық алқаптардың, шаруашылық орталықтарының өзара орналасуы.

Сыртқы жинақылығы - жер пайдаланудың сыртқы конфигурациясына, созылып орналасуына, шекарасының орналасуына байланысты болады және жинақылық коэффициенті арқылы анықталады:

 

(4.12)

 

П - жер пайдаланудың іс жүзіндегі (фактілі) периметрі (км);

Р – оның ауданы, га;

Ішкі жинақылығы жер пайдаланудың шаруашылық жинақылығы арқылы мына формуламен анықталады:

 

К ш.ж.=Rф/0,043* Р; (4.13)

 

Rф - әр ауылшаруашылық алқаптарының жер массивінің ортасынан жолдар бойынша шаруашылық орталықтарына дейінгі фактілі аралық, км;

Р – жер пайдаланудың ауылшаруашылық алқаптарының ауданы, км2;

Жер пайдаланудың шекарасының иректігі шекараның түзулік коэффициентімен анықталады:

 

Ктүзу = П / П тікбұрышты төрт бұрыш (4.14)

 

онда: П тік бұрышты төрт бұрыш - ауданы жер пайдалануға тең тік бұрышты төрт бұрыштың периметрі.

Жер пайдаланудың кемшіліктерін түзету, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б. тиімділік берген жағдайда ғана жерге орналастыру жобасын құру арқылы орындалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қалыптасқан жер пайдалануды талдаудың мазмұны және шешетін мәселелері.

2. Қалыптасқан жер пайдалануды талдау тәртібі және әдістемесі.

3. Жер пайдаланудың кемшіліктерін сандық бағалаудың көрсеткіштері?

4. Жер пайдаланудың жинақылығы дегеніміз не?

5. Жер пайдаланудың кемшіліктері жайында айтып беріңіз.

6. Жер пайдаланудың кемшіліктері қалай және қандай жағдайда түзетіледі?

7. Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?

8. Кемшіліктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?

Ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жер пайдалануларын құрудың мазмұны және шешілетін мәселелері

 

Жалпы қағидалар

Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар орналасқан. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар көбінесе ауылшаруашылық жерлерінде орналасады. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер учаскелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа заңдық мәнге ие болады. Енді олар негізінен жер иеленуі қалпынан жер пайдалануы статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдалануларды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бірге жер учаскесін белгілеу, оның межелерін жер бетіне түсіру және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті шешімін орындау жатады.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікте жер бөлу шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау арқылы орындалады. Бұл жерге орналастыру жобаларында экономикалық тиімділігін дәлелдеумен бірге, заңдық және техникалық мәселелерді шешудің мәні көтеріледі.

Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объектілердің орналасуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізінде халық шаруашылығы салаларының экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Олардың орындары халық шаруашылығының салаларының экономикалық, қоғамдық даму барысында белгіленеді. Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы сол объектілердің орны нақтыланып, алып жатқан аумағы, шекарасы анықталып, бекітіледі. Жер «өндіріс құралынан» «кеңістік базисына айналады». Бұндай жағдайда шаруашылық аралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бір саладан екіншісіне, бір категориядан басқасына ауыстыруы орын алады.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілер әртүрлі болады. Сонымен қатар бұлардың жер пайдалануларының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілерге жататындар:

- өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптер, энергетика, транспорт, байланыс кәсіпорындары;

- мәдени, ғылыми, денсаулық сақтау, демалу мекемелері;

- су, орман шаруашылығы, табиғатты қорғау және т.б. объектілер.

Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.

Ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің жер пайдалануын құру жобасын жасағанда келесі мәселелер шешіледі:

- ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілерді жермен қамтамасыз ету;

- олардың өндірістік жұмыстарын орындау үшін территориялық жағдай жасау;

- жерді тиімді пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру.

Бұл жұмыстарды орындауда міндетті түрде шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы қамтитын шаруашылықтардың, мекемелердің, халық шаруашылығының әр саласының мүддесі және ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқығының үстемділігі міндетті түрде орындалып отырады.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын қоғамдық және мемлекеттік қажеттіліктерге жерлер барлық санаттардан беріледі. Жерге орналастыру жұмыстарының бұл түрінде экономикалық жағына қарағанда заңдық және техникалық жақтарының мәні жоғарылайды.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулардың көлемдері, алып жатқан орындары, конфигурациясы әртүрлі болады. Олар алып жатқан ортаға әртүрлі әсерлерін тигізеді. Кейбіреулері топырақ пен суды ластайды, жерді ылғалсыздандырады немесе керісінше су алдырып жібереді. Осының барлығы жерге орналастыру барысында еске алынулары керек.

Территорияны ұйымдастыруда, жерді пайдалануда, қоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар келесі түрлерге бөлінеді:

- қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;

- жер аумағы үлкен өндіріс кәсіпорындары, қалыптасқан территорияны бұзады; құрылыстарды бұзуға, адамдарды көшіруге әкеледі, ортаға кері әсерін тигізеді, жерді, суды ластайды;

- ұзын объектілер: жер көлемі аз болса да, қоршаған ортаға тиетін әсері үлкен;

- пайдалы кендерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер. Өндіріс кәсіпорындары - көмір және темір кендерін; құрылыс материалдарын және т.б. өндіру - жер пайдалануын бөлгенде, жердің бетінде өте үлкен өзгерістер болады, оның құнарлығы жойылады.

- су қоймаларына бөлінген ірі жер массивтері.

Ауылшаруашылығы өндірісіне ең жақсы, құнарлы жерлер берілуі тиіс. Осы принципке байланысты, ыңғайына қарай, ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікке ең құнарсыз, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі. Ауыл шаруашылығы пайдалануынан алынған жерлердің құны төлену керек.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікке жер алушы субъект алынған жерінің құнарлы қабатын тіліп алып, сақтап, кейін рекультивациялау үшін немесе құнарсыз жерлердің құнарлылығын жоғарылату үшін пайдалануы тиіс. Уақытша алынған жер учаскесін қажетіне пайдаланып болғаннан кейін, жер пайдаланушы өзінің қаражатына жердің құнарлылығын қайта орнына келтіріп беруі керек.

Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құрғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың шешетін мәселелеріне бұл мекемелердің жұмыс жасауына қажетті орын, кеңістік базис дайындау ғана емес, осымен бірге республикалық жер ресурстарын тиімді пайдалануға әсер ету және құнарлы жерлерді орынсыз пайдалануға жол бермеу көзделеді.

Жер заңдары бойынша ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланушыларға жер учаскесі бөлініп берілгенде, ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқықтық үстемділігі ескерілуге тиіс. Бұл принципті жүзеге асыру үшін келесі шарттарды орындап отыру қажет. Ауыл шаруашылығына жатпайтын мекемелерге жер бөлгенде міндетті түрде орындалуға тиісті жайлар:

- ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды жерлер, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне берілуге тиісті;

- ауыл шаруашылық емес мұқтаждықтарға ауыл шаруашылық өндірісіне жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлер берілуі тиіс;

- берілетін жер учаскелері ауылшаруашылығына жатпайтын мекеменің функционалдық қажеттілігіне сәйкес болуы керек және көршілес мекемелерге ыңғайсыздық туғызбауы қажет;

- берілген жердің ауданы, конфигурациясы мекеменің алдына қойған мақсатына сәйкес келулері керек;

- қоршаған ортаны сақтауды, жерді, суды, ауаны ластамауды қамтамасыз ету.

- бұндай объектілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Үкіметтің шешімімен, жер иеленушілердің келісімі бойынша ғана беріледі;

- ауыл шаруашылық өндірістің шығындарын жер алған кәсіпорындар міндетті түрде өтеуге тиісті;

- сонымен қатар олар берілген жер учаскесінің топырағының құнарлы қабатын алып, басқа жерлерді жақсарту мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша берілген жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрынғы қалпына келтіруге тиісті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1731 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2610 - | 2184 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.