Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі




Адамзат рулық қауымдардағы, тайпалардағы, ұлттардағы бастапқы тұйықтылықты жеңу үшін ұзақтығы 10 мың жыл болатын тарихи жолды бастан кешірді. Қазір адамдар дүниежүзілік шаруашылықты жаңа негіздерде жасауда.

Дүниежүзілік шаруашылық – бұл әр түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары халықаралық еңбек бөлінуі негізінде түрлі байланыстармен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени және т.б.) біріктірілген ауқымды экономика.

Халықаралық еңбек бөлінуі – бұл дүниежүзі елдерінің өздерінде өнімнің белгілі бір түрінің дамуына ең қолайлы жағдайлар бар өнімдерді өндіруге мамандандырылуы.

Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жаңа бағыттары:

1) мемлекеттердің, олардың материалдық қызығушылықтары негізінде халықаралық ынтымақтастығы;

2) дүниежүзілік нарықтық кеңістікті кеңейту;

3) елдер арасында шаруашылық байланыстардың барлық нысандарын дамыту:

- сыртқы сауда;

- интеграция (ұлттық шаруашылықтарды біріктіру);

- ғылыми-техникалық ақпаратпен және технологиялық әзірлемелермен алмасу;

- жұмыс күшінің халықаралық көші-қоны;

- капиталды шығару және халықаралық несие;

- халықаралық валюталық қатынастар;

- өндірісті интернационализациялау.

 

Өндірісті интернационализациялау қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Ол бір елдердің өндірісінің басқа елдерде нәтижелерін тұтынылуымен байланыстыратын ұйымдастырушылық-экономикалық байланыстардың дамуын білдіреді. Әр ел басқаларымен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз шығын кететін кадрларды шығаруға мамандандырылады. Салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет (салыстырмалы артықшылықтар қағидасы) бай болады, бірақ ондай артықшылығы жоқ ел де жаман болмайды. Нәтижесінде адамзат сауда жасаудан ұтыста қалады.

Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінуіне негізделетін және экспорт пен импорт көмегімен жүзеге асырылатын халықаралық экономикалық қатынастар нысаны.

 

 


көлемі,

құрылымы,

өзара тәуелділігі,

өндіріс деңгейі.

 

Халықаралық сауда көлемінің көрсеткіштері:

- сыртқы сауда айналымы = экспорт + импорт;

- сауда балансы (сауда балансының сальдосы) = тауарлардың экспорты мен импортының айырмашылығы.

Активті сальдо – табыс сомасының экспорттан импортқа басым болуы.

Пассивті сальдо – импортқа жұмсалатын шығындар сомасының экспорттан түсетін табыс сомасынан басым болуы.

Экспорттік квота – бұл экспорт шектеулі болған жағдайдағы экспорттауға рұқсат берілген тауар мөлшері.

Экспорттік потенциал – бұл берілген ел дүниежүзілік нарықта өз экономикасына зиян келтірмей сата алатын өнім үлесі.

Халықаралық сауда тиімділігі (пайдалық) екі тұрғыдан бағаланады:

1) Абсолют артықшылықтар теориясы: мемлекет белгілі бір тауарды төмен өндірістік шығындармен өндірсе, басқа мемлекетке қарағанда осы тауарды шығаруда абсолют артықшылықтарға ие болады (климаттық, географиялық, технологиялық және т.б.).

2) Cалыстырмалы артықшылықтар теориясы (Д. Рикардо).

Егер мемлекеттің барлық өнім түрлерін өндіруде шығындары төмен болса не олар мүлдем болмаса, онда өндіріс пен сауданы мамандандырудың салыстырмалы артықшылықтары әрекет ете бастайды.

Егер елдер арасындағы шығындар қатынасының айырмашылықтарына көңіл аударсақ, онда ел өзінің потенциалды әрекеттесуіне қарағанда тауарды төмен балама шығындармен өндіруге қабілетті болса, тауар өндіруде салыстырмалы артықшылықтарға ие болады.

Салыстырмалы артықшылықтар қағидасы. Егер әр тауар балама шығындары төмен болатын елде өндірілсе, сонда ғана өнімді шығарудың жиынтық көлемі ең үлкен дәрежеде болады.

 

 

 
 

 


Тауарлар саудасы,

Ызметтер саудасы.

Сауда шектеулері келесі нысандарда көрінеді:

- Импорттық баждар (тарифтер),

- Тарифтік емес тосқауылдар.

 

       
   
 
 

 


Протекционизм (ішкі нарықты шет ел тауарларынан қорғау және импортты шектеу):

- шеттен әкелуге баждар енгізу,

- белгілі тауарлар саудасына мемлекеттік монополия орнату,

- импорт және экспорт квоталары,

- айыппұлдық тосқауылдар,

- ұлттық экономикаға жәрдем қаражат бөлу саясаты,

- демпинг.

 

Фритредерлік (еркін сауда саясаты).

 

Капиталды шығару – экспорт – пайдалырақ орналастыру мен қолдану мақсатымен капиталдың басқа елдерге шығарылуы.

 
 

 

 


 

 

Жұмыс күшінің халықаралық қоныс аударуы – еңбекке қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс орын ауыстыруы.

Қоныс аудару сальдосы – шет елге кеткен адамдар саны (эмигранттар) мен берілген елге шет елден келген адамдар саны (иммигранттар) арасындағы айырмашылық.

Қоныс аударудың экономикалық себептері:

- төмен мамандандырылған жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі;

- дамыған елдерде жоғары мамандандырылған мамандарға сұраныстың өсуі;

- еңбекақыдағы мемлекетаралық айырмашылық.

ҚР 1989 ж. санақ мәліметтеріне сәйкес барлық халық – 16,2 млн. адам.

1999 ж. санақ мәліметтеріне сәйкес барлық халық – 14,9 млн. адам.

2005 ж. санақ мәліметтеріне сәйкес барлық халық – 15,1 млн. адам.

Қайта құру жылдары әр түрлі себептермен Қазақстан Республикасынан 2,5 млн. адамнан астамы шет елге қоныс аударды, ал Қазақстан Республикасына 1,3 млн. адам қоныс аударды.

Валюта жүйесі – бұл валюталар, оларды қолданудың ережелері мен нормалары, төлем құралы ретінде ауыстыру мен пайдалану жиынтығы. ҚР валюталық қатынастар «Валюталық реттеу туралы» Заңымен реттеледі (24.12. 1996 ж. және 30.01.2001 ж. № 154 заңға толықтырумен)

 

 

Алтын стандарт (1879 – 1934 жж.):

- ақша бірлігін белгілі алтынмен қаржыландыруды бекіту,

- алтын қорлары мен ішкі ақша ұсынысы арасындағы қатаң ара қатынасты қолдап отыру,

- алтынның еркін экспорты, импорты.

Бреттон – Вуд жүйесі (1944 - 1971 жж.):

- ХВҚ – халықаралық валюта қорын ұйымдастыру,

- ұлттық валютаны алтынмен (доллармен) қаржыландыруды бекіту,

- ұлттық валюта бағамын басқа валюталарға қатысты өзгеріссіз сақтау міндеттемесі.

Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі 1976 жылдан:

- валюта бағамдары еркін құбылуы керек,

- орталық банк валюта нарығында алып-сатар операциялары нәтижесінде пайда болған валюта бағамдарын тегістеу үшін валюта итервенцияларын өткізуге міндетті.

Валюталық бағам – бұл басқа валюталар ақша бірліктерімен бейнеленген берілген валюта бірлігінің бағасы.

 

 


Тіркелген бағамдар, әр ел өз ақша бірлігін алтынмен (доллармен) қаржыландырылуын бекітеді, осы арқылы өз валютасы және басқа ел валютасы арасындағы айырбастау бағамы анықталады. Ұлттық валютаның тіркелген бағамын қолдап отыру мақсатымен мемлекет өз шет ел валюта қорларын немесе алтынды сату-сатып алуды пайдаланады.

Еркін құбылмалы бағам – сұраныс және ұсыныс негізінде анықталады және мемлекеттің өз валютасы бағасына қандай да болмасын әсер етуіне жол бермейді. Валюта бағамдарының еркін құбылуы тапшылық пен төлем баланстарының активтерін автоматтық түрде түзетіп отырады.

Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі. Валюта бағамдарының қысқа мерзімді және маңызды құбылуларын тегістеп отыру үшін әр түрлі елдердің орталық банктері ашық нарықтарда шет ел валютасын сатуын және сатып алуын көздейді.

 

Валюта интервенциясы – бұл шет ел валютасын сату-сатып алу.

Ел резиденттері мен басқа мемлекеттер резиденттері арасындағы барлық мәмілелер елдің төлем балансында сипатталады.

 

 


 

Ағымдағы операциялар шоты –тауарлар мен қызметтер экспорты және импортымен байланысты шет ел валютасының барлық түсімдері мен шығындарын, сондай-ақ, елдің әлемнің басқа мемлекеттеріне таза трансферттік төлемдерін тіркейді.

Капитал қозғалысының шоты – жыл бойы материалдық және қаржы активтерін сату-сатып алумен байланысты капитал ағымын сипаттайды. Ағымдағы операциялар және капитал қозғалысы бойынша балансы сәйкес келмейтін төлем балансын реттеу үшін шет ел валютасының ресми қорлары пайдаланылады.

Экспорт операцияларын сипаттайтын төлем балансының баптары, несие деп есептелінеді, өйткені шет ел валютасының түсімдерін «еңбекпен табылуын» білдіреді; импорт операцияларын сипаттайтын баптар дебет деп есептелінеді, өйткені шет ел валютасының шығындалуын білдіреді.

Өндірісті интернационализациялау негізі халықаралық бөліну – жеке мемлекеттердің белігілі бір тауарды өндіруге мамандандырылуы.

 
 

 


Объективті (табиғи–климаттық, тарихи және т.б.),

Субъективті (саяси),

Бәсекелестік,

Халықаралық мамандандыру және кооперациялау.

 
 

 

 


Салааралық,

Салаішілік,

Пәндік,

Бөлшектелген,

Технологиялық.

 

 

 

Жалпы нарық,

Еркін сауда аймақтары,

Қызметті үйлестіру,

Одақтар.

 

 
 

 


Лизензияларды, «ноу-хау», техникалық тәжірибені беру, сату,

Технологиялық білімдер ұсыну,

Өнеркәсіптік және техникалық әрекеттестік,

Инжинирингтік қызмет көрсету,

Инвестициялық әрекеттестік, өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялау шегіндегі технологияларды беру,





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1006 - | 822 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.