1. Рекреациялық географияның зерттеу нысаны:
A) Табиғи орта;
B) Географиялық орта;
C) Ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі;+
D) Биологиялық орта;
E) Ойкумена.
2. Рекреациялық географияның зерттеу пәні:
A) Табиғи-ресурстық орта;
B) Әлеуметтік-экономикалық қатынастар;
C) Территориялық қоғамдық жүйелер;
D) Территориялық рекреациялық жүйелер; +
E) Қоғамдық қатынастар.
3. Туризмді жүйелі және толық зерттейтін ғылым:
A) Сәулет өнері және қала құрылысы;
B) География; +
C) Психология;
D) Социология;
E) Экономика.
4. Рекреациялық географиямен өте тығыз байланысты ғылымдар:
A) Географиялық; +
B) Экономикалық;
C) Әлеуметтік;
D) Психологиялық;
E) Медициналық.
5. «Демалыс» дегеніміз – бұл:
A) Сүйікті жұмыс;
B) Базарға бару;
C) Жоғары оқу орнында білім алу;
D) Күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналмаған іс-әрекеттер; +
E) Басқа елге жұмыс іздеу мақсатында бару.
6. Логикалық жағынан дұрыс тізбекті атаңыз:
A) Демалыс – рекреация – туризм – экскурсия; +
B) Демалыс – рекреация – экскурсия – туризм;
C) Туризм – рекреация – демалыс – экскурсия;
D) Рекреация – туризм – экскурсия – демалыс;
E) Экскурсия – туризм – демалыс – рекреация.
7. Бос уақыт дегеніміз – бұл:
A) Жұмыс орнына жету және қайтуға арналған уақыт;
B) Табиғи қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
C) Үй шаруасына арналған уақыт;
D) Тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
E) Адамның демалысына және дамуына арналған уақыт. +
8. Барлығын өзіне қамтитын туристік түсінік:
A) Туризм;
B) Рекреация;
C) Демалыс; +
D) Экскурсия;
E) Спорт.
9. Адамның рекреациялық қажеттіліктері дегеніміз – бұл:
A) Рекреациялық іс-әрекеттер тарихын оқудағы қажеттіліктер;
B) Демалыс жағдайларын оқудағы қажеттіліктер;
C) Қандай да бір демалыс түрлерін таңдаудағы қажеттіліктер;
D) Адамның еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге арналған қажеттіліктер жүйесі; +
E) Рекреация үшін керекті территориялардағы қажеттіліктер.
10. «Рекреациялық шаралар» дегеніміз – бұл:
A) Физикалық және психологиялық күшін қалпына келтіруге арналған ұйқы;
B) Тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тағам;
C) Рекреанттарға қызмет көрсету бойынша әрекет;
D) Рекреациялық іс-әрекет түрлерін іске асыру тәсілдері; +
E) Адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әрекет.
11. «Рекреациялық іс-әрекет циклі» дегеніміз – бұл:
A) Белгілі бір кезеңде қайталанып тұратын рекреациялық шаралардың комбинациясы; +
B) Рекреациялық-емдеу және рекреациялық-сауықтыру шаралардың жиынтығы;
C) Рекреациялық-спорттық және рекреациялық-танымдық шаралардың жиынтығы;
D) Рекреациялық шараларды қанағатттандыру тәсілдері;
E) Рекреациялық-емдеу және рекреациялық-танымдық шараларының комбинациясы.
12. «Ортадан тепкіш», «ортаға тартқыш» болып рекреациялық іс-әрекет келесі белгі бойынша жіктеледі:
A) Рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша;
B) Рекреациялық іс-әрекеттің басты себебі бойынша;
C) Құқықтық статусы бойынша;
D) Әлеуметтік қатынастардың тығыздығы бойынша; +
E) Бағыты бойынша.
13. Алғашқы «ұлттық саябақ» ашылған мемлекет:
A) АҚШ; +
B) Бразилия;
C) Кения;
D) Уганда;
E) Аустралия.
14. 1872 жылы ашылған алғашқы ұлттық саябақтың аталуы:
A) Серенгети;
B) Йеллоустон; +
C) Йосемит;
D) Казиранга;
E) Улуру.
15. «Рекреациялық саланың» «туризм индустриясынан» айырмашылығы:
A) Демалушыларға қызмет көрсету сипатында;
B) Қолданылатын рекреациялық ресурстарында;
C) Рекреациялық салада негізгі технологиялық процестер айқындалады, ал туризм индустриясында сонымен қоса басқа да нақты шаруашылық байланыстар қолданылады;+
D) Құрылымында;
E) Ведомстволық бағынушылығында.
16. Атақты қазақстандық ғалым, туристік тақырып бойынша көптеген еңбектердің авторы, «География туризма» (Алматы, 2010) оқулығының авторы:
А) С.Р. Ердәулетов; +
B) В.Н. Вуколов;
C) О.Б. Мазбаев;
D) М.К.Назарчук;
E) Ә.А. Саипов.
17. «Рекреациялық потенциал» түсінігіне жататындар:
A) Туристік-рекреациялық ресурстар;
B) Аумақтың туристік құндылықтары;
C) Туристік-рекреациялық алғы шарттар;
D) Табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық алғы шарттар жиынтығы; +
E) Туристік инфрақұрылым.
18. «Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)» дегеніміз – бұл:
A) Геоверсум;
B) Агломерация;
C) Акватория;
D) Геожүйе; +
E) Аэротория.
19. Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – бұл:
A) Табиғи жағдайлар;
B) Мәдени-тарихи ескерткіштер;
C) Пайдалануға технологиялық дайындығы бар демалыс пен туризм дамуының алғышарттары; +
D) Демалыс пен туризм дамуының алғышарттары;
E) Әлеуметтік инфрақұрылым.
20. ТРЖ-ң (территориялық-рекреациялық жүйенің) классикалық схемасының авторы:
A) Ю.А. Веденин;
B) В. С. Лещицкий;
C) В.С. Преображенский; +
D) Н.С.Мироненко;
E) Л.И. Мухина.
21. «Ұлттық туризм» келесі туристік ағымдардан құрылады:
A) Ішкі туризм + кіру туризм;
B) Кіру туризмі + жергілікті туризм;
C) Шығу туризмі + ішкі туризм; +
D) Кіру туризмі + аймақтық туризм;
E) Кіру туризмі + аймақаралық туризм.
22. «Ел ішіндегі туризм» дегеніміз – бұл:
A) Шығу туризм + ішкі туризм;
B) Шетелдік туризм;
C) Ішкі туризм + кіру туризмі; +
D) Ішкі туризм;
E) Кіру туризм + шығу туризмі.
23. Табиғи рекреациялық ресурстарға баға беру арқылы, демалушының ағзасы үшін қолайлылығы бағаланады:
A) Психологиялық-эстетикалық;
B) Медициналық-биологиялық; +
C) Экологиялық;
D) Әлеуметтік;
E) Технологиялық.
24. Жыл бойы және маусымдық туризм түрлері келесі белгі бойынша ажыратылады:
A) Пайдалынатын ресурстар түрі бойынша;
B) Жол жүру қашықтығы бойынша;
C) Туристік ағымдар ритмикасы бойынша; +
D) Туристік саяхаттың ұзақтығы бойынша;
E) Аймақты қамту көлемі бойынша.
25. «Туризм географиясының» зерттеу нысаны:
A) «Ойкуменаның» рекреациялық жүйесі; +
B) Аумақ;
C) Технологиялық орта;
D) Социум;
E) Географиялық орта.
26. «Туризм географиясының» зерттеу пәні:
A) Әлеуметтік қатынастар;
B) Халықтың қоныстану жүйесі;
C) Әлеуметтік инфрақұрылым;
D) Аймақтық жүйелер;
E) Туристік іс-әрекеттердің аумақтық ұйымдастырылуы. +
27. «Туризм географиясы» анықтамасын алғаш ұсынған ғалым:
A) И. Страднер; +
B) Н. Мироненко;
C) А. Геттнер;
D) С. Лещицкий;
E) С. Преображенский.
28. Дүние жүзінде 1-ші саяхат бюросын құрған:
A) К. Ризель Берлинде;
B) С.Штанген Гамбургте;
C) Т. Кук Англияда; +
D) П. Перукка Римде;
E) Г. Ланн Англияда.
29. «Туризм географиясының» «рекреациялық географиядан» айырмашылығы:
A) Зерттеу ресурстары;
B) Зерттеу аумағы бойынша;
C) Зерттеу нысаны;
D) Зерттеу әдісі;
E) Зерттеу пәні. +
30. Туризм инфрақұрылымы дегеніміз – бұл:
A) Туристік кәсіпорындар;
B) Туристік ұйымдар;
C) Туроператорлар;
D) Турагенттер;
E) Туризмнің материалдық-техникалық базасы. +
31. «Госпитальерлер» дегеніміз – бұл:
А) Госпиталь қызметкерлері
В) Картографтар
С) Мінажат етушілерге арналған «сервистік қызмет» +
D) Госпиталь күзетшілері
Е) Иттер тұқымы
32. «Тура туристік шаруашылық» дегеніміз – бұл:
A) Туристерге арналған орналастыру орындары;
B) Туристерге арналған тамақтандыру орындары;
C) Тұрмыстық қызметінің кәсіпорындары;
D) Туристерге қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер; +
E) Туристер анда-санда пайдаланатын мекемелер мен объектілер;
33. «Туристік іс-әрекет субъектісіне» жататындар:
A) Туристік кәсіпорындар;
B) Туристік ұйымдар;
C) Туристік ресурстар;
D) Тамақтандыру орындары;
E) Туристер. +
34. «Белсенді туризм» дегеніміз – бұл:
A) Азаматтардың өз елінен басқа елге шығуы;
B) Ішкі туризм;
C) Спорттық туризм;
D) Сауықтыру туризмі;
E) Шетел туристерінің келуі. +
35. «Пассивті туризм» дегеніміз – бұл:
A) Туристердің өз елінен басқа елге шығуы; +
B) Көлік туризмі;
C) Шетел туристерінің келуі;
D) Теңіз круиздері;
E) Авиатурлар.
36. Халықаралық туризм дамуының катализаторы:
A) Шетелдік туризм;
B) Ішкі туризм; +
C) Емдік туризм;
D) Спорттық-сауықтыру туризм;
E) Танымдық туризм.
37. 1841 ж. алғашқы жаппай туристік саяхатты Т. Кук мынадай маршрут бойынша ұйымдастырды:
A) Ливерпуль-Шефилд;
B) Лейстер-Манчестер;
C) Лондон-Бирменгем;
D) Лейстер-Лафборо; +
E) Манчестер-Эдинбург;
38. Коммерциялық туризмге «қарама-қарсы» туризм:
A) Экологиялық туризм;
B) Ауыл туризмі;
C) Инсентив-туризм;
D) Әлеуметтік туризм; +
E) Элитарлық туризм.
39. Төмендегі ғылымдардың ішінен туризм географиясының «түпкі» ғылымын атаңыз:
A) Физикалық география;
B) Әлеуметтік-экономикалық география; +
C) Ландшафтану;
D) Саяси география;
E) Халық географиясы.
40. ЮНВТО жарғысы қабылданды:
А) 1969 ж. 5 желтоқсанда;
В) 1975 ж. 20 мамырда;
С) 1970 ж. 27 қыркүйекте; +
D) 1963 ж. 30 қарашада;
Е) 1979 ж. 4 сәуірде.
41. Аттрактивтілік дегеніміз – бұл:
A) Көрнекілік;
B) Тәрбиелік;
C) Тартымдылық; +
D) Мәдениеттілік;
E) Табиғатты қорғау.
42. Туризмдегі маусымдылық:
A) Саяхат жасау уақыты;
B) Саяхат жасауға арналған қолайлы уақыт;
C) Туристік ағымдардың көлемі;
D) Жыл мезгілі;
E) Жылдың белгілі бір мерзімінде туризмнің өсуі. +
43. Алғашқы ұйымдастырылған саяхатты қалыптастырған:
A) Адам Смит;
B) Конрад Хилтон;
C) Уиллард Мариотт;
D) Давид Рикардо;
E) Томас Кук. +
44. Келесі тұрғыдан туризм белсенді және пассивті болып бөлінеді:
A) Медициналық;
B) Әлеуметтік;
C) Саяси;
D) Экономикалық; +
E) Экологиялық.
45. Табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштермен таныстыратын туризм түрі:
A) Релаксациялық;
B) Этникалық;
C) Рекреациялық;
D) Экскурсиялық; +
E) Іскерлік.
46. «Туризмдегі реэкспорт» дегеніміз – бұл:
A) Өз елінде шетел келушілерін қабылдау;
B) Ел азаматтарын шетелге жіберу;
C) Транзитті туристерді қабылдау;
D) Шетел келушілерін үшінші елге жіберу; +
E) Транзитті туристерді қайтару.
47. Елдің төлем балансын жақсартатын туризмнің түрі:
A) Пассивті туризм;
B) Белсенді туризм; +
C) Шығу туризмі;
D) Ішкі туризм;
E) Рекреациялық туризм.
48. «Туристік аудан» дегеніміз – бұл:
A) Салалық әлеуметтік-экономикалық аудан; +
B) Физикалық-географиялық аудан;
C) Физикалық-географиялық провинция;
D) Ауылшаруашылық аудан;
E) Өнеркәсіп ауданы.
49. Аумаққа рекреациялық баға бергенде негізгі және маңызды факторды атаңыз:
A) Жер бедері;
B) Су;
C) Флора;
D) Фауна;
E) Климат. +
50. Аумақтың туристік-рекреациялық ресурстарын бағалау үшін негіз болып саналады:
A) Геологиялық карта;
B) Зоогеографиялық карта;
C) Экономикалық карта;
D) Ландшафтық карта; +
E) Физикалық-географиялық карта.
51. Аумақтың рекреациялық бағалауына мол үлес қосқан кеңес ғалымдары:
A) Ю.А. Веденин;
B) Н.С. Казанская;
C) Л.И. Мухина; +
D) Е.Г. Шеффер;
E) Е.Д. Смирнова.
52. Аумақтың туристік тартымдылығын бағалайтын әдіс:
A) Балл бонитеті; +
B) Корреляциялық талдау;
C) Сызықтық бағдарлау әдісі;
D) Крибьенің «ұн әдісі»;
E) Тартымдылық коэффициенті.
53. Кеңес географтары ішінен туристердің табиғатқа зиян келтіруіне қарсы тәрбиелік және мәжбүрлік шаралар тізімін тұжырымдаған ғалым:
A) Ю.Г. Саушкин;
B) А.И. Чистобаев;
C) В.С. Преображенский;
D) М.Д. Шарыгин;
E) Д.Л. Арманд. +
54. Демалыс және туризм мақсаттары үшін табиғи жағдайларға баға беру қандай қатынастарда бейнеленеді:
A) Бағалаудың субъектісі және объектісі; +
B) Турист және туроператор;
C) Турист және турагент;
D) Табиғат және туристік кәсіпорын;
E) Табиғат және туристік ұйым.
55. «Шектік зоналар (эффект)» дегеніміз – бұл:
A) Ұлттық саябақтар арасындағы шекаралар;
B) Әр типті екі орта арасындағы шекаралық сызықтар; +
C) Ұлттық саябақ және өзге де аумақтар арасындағы шекара;
D) Қорық және өзге де аумақтар арасындағы шекара;
E) Қорықтың функционалды зоналар арасындағы шекара.
56. Жалпы рекреациялық маусым сәйкес келеді:
A) Вегетациялық кезеңінің ұзақтығымен; +
B) Аң аулау мерзімінің ұзақтығымен;
C) Суға шомылу кезіңінің ұзақтығымен;
D) Қысқы маусымның ұзақтығымен;
E) Жазғы маусымның ұзақтығымен.
57. Туризм халық шаруашылығының саласы ретінде бағытталады:
A) Тұтыну ауданына;
B) Еңбек ресурстар ауданына;
C) Отын ресурстар ауданына;
D) Табиғи ресурстар ауданына; +
E) Қалалық агломерация ауданына.
58. «Туристік шаруашылық» дегеніміз – бұл:
A) Туристердің түнеуін қамтамасыз ететін өндіріс пен салалар жиынтығы;
B) Туристік кәсіпорындар;
C) Туристік ұйымдар;
D) Туристік-рекреациялық ресурстар;
E) Туристерге қызмет көрсететін өндіріс пен салалар жиынтығы. +
59. «Туристік аттрактивтілік» дегеніміз – бұл:
A) Қалыптасқан туристік ұсыныс; +
B) Туристік құндылық;
C) Көлік қолжетімділігі;
D) Туристік шаруашылық;
E) Туристік инфрақұрылым.
60. Туристік өнім дегеніміз – бұл:
A) Туристік тауарлар;
B) Туристік қызметтер;
C) Туристерге ұсынылатын қызметтер мен тауарлар жиынтығы; +
D) Туристердің саяхат барысында тамақтануы;
E) Туристердің жорық барысында тамақтануы.
61. Халықаралық туризм статистикасына кіретін саяхатшылар:
A) Көшпенділер;
B) Босқындар;
C) Уақытша келушілер; +
D) Дипломаттар;
E) Транзит жолаушылары.
62. Туристік пакеттегі «трансфер» дегеніміз – бұл:
A) Туристі демалатын орнына және кері тасымалдау;
B) Автобустық экскурсия;
C) Рейстік ұшақпен туристі демалатын орнына жеткізу;
D) Чартерлік рейспен туристі демалатын орнына жеткізу;
E) Туристі әуежай мен вокзалдан мейманханаға әкелу және кері жеткізу. +
63. «Туристік пакет» дегеніміз – бұл:
A) Турдың міндетті бөлігі; +
B) Туристің трансфері;
C) Туристің орналасуы және тамақтануы;
D) Міндетті экскурсиялық бағдарлама;
E) Маршруттағы кешенді қызмет.
64. «Тур» дегеніміз – бұл:
A) Қосымша туристік-экскурсиялық қызмет;
B) Туристік өнімнің алғашқы (міндетті) бөлігі; +
C) Туристік тауарлар;
D) Туристің трансфері;
E) Туристің орналасуы және тамақтануы.
65. «Туроператор» дегеніміз – бұл:
A) Турды құрастыратын туристік кәсіпорын; +
B) Турмейманхана;
C) Мейрамхана;
D) Туристік өнімді сатушы;
E) Туристік ұйым.
66. «Турагент» дегеніміз – бұл:
A) Туристік ұйым;
B) Туристік өнімді сатушы; +
C) Туристік мейманхана;
D) Мейрамхана;
E) Туристік кәсіпорын.
67. «Туристік ұсыныс» дегеніміз – бұл:
A) Аумақтың туристік құндылығы;
B) Туристік инфрақұрылым;
C) Туристік-рекреациялық ресурстар;
D) Туристік-рекреациялық алғы шарттар;
E) Туристік құндылықтар мен туристік қызметтердің жиынтығы. +
68. Демалу және көңіл көтеру мақсатында туындайтын тур:
A) Рекреациялық; +
B) Танымдық;
C) Треккинг-тур;
D) Этникалық;
E) Емдік.
69. Бұл саяхатшылар алғашқы «туристер» деп аталады:
A) Пилигримдер;
B) Миссионерлер;
C) Саясаткерлер;
D) «Гранд-тур» қатысушылар; +
E) Әскерилер.
70. «Халықаралық туризм» дегеніміз – бұл:
A) Шығу туризмі;
B) Шығу және келу туризм жиынтығы; +
C) Келу туризмі;
D) Бір мемлекет аумағы шеңберіндегі саяхат;
E) Этнографиялық саяхат.
71. Саяхат дегеніміз – бұл:
A) Уақыт пен кеңістікте адамдардың қозғалысы; +
B) Қозғалудың бір түрі;
C) Көпшілік әлеуметтік құбылыс;
D) Көпшілік саяси құбылыс;
E) Көпшілік экономикалық құбылыс.
72. Туризмді насихаттау бойынша ресми ұйымдардың Халықаралық одақтар конгрессі ұйымдастырылған жылы мен орны:
A) Париж 1931ж.;
B) Гаага 1925ж.; +
C) Берлин 1918ж.;
D) Мадрид 1936ж.;
E) Амстердам 1918ж.
73. БҰҰ-ң туризм және саяхат бойынша I Конференциясы өткізілген жылы мен орны:
A) Рим 1963 ж; +
B) Токио 1965 ж;
C) Берлин 1961 ж;
D) Париж 1965 ж;
E) Мадрид 1962 ж.
74. 1857 жылы тұңғыш альпілік клуб ашылған мемлекетті белгілеңіз:
A) Франция;
B) Швейцария;
C) Англия; +
D) Италия;
E) Австрия.
75. Алғашқы туризм институты ашылған қала:
A) Берлин; +
B) Берн;
C) Прага;
D) Мәскеу;
E) Лондон.
76. Туристік келушілер бойынша бірінші орындағы мемлекетті белгілеңіз:
A) Испания;
B) Франция; +
C) Италия;
D) Қытай;
E) АҚШ.
77. Келушілердің саны бойынша алғашқы орындағы туристік аймақ:
A) Америка;
B) Таяу Шығыс;
C) ШАТА;
D) Африка;
E) Еуропа. +
78. Емдік рекреацияға жататындар:
A) Демалушылардың туристік маршрутта болуы;
B) Демалушылардың аң немесе балық аулаумен айналасуы;
C) Тау-шаңғы туризмі;
D) Демалушылардың курорттар мен санаторийлерде орналасуы; +
E) Саңырау құлақ пен жеміс-жидек жинау.
79. Тізім бойынша «рекреанттарға» жатпайтындар:
A) Демалысын сая-жайында өткізетін адам;
B) Демалысын туристік жорықта өткізетін адам;
C) Демалысын басқа қалада, теңіз жағалауында өткізетін адам;
D) Демалысын өз пәтерінде өткізетін адам; +
E) Демалыс уақытында басқа елдегі туысқандарына кеткен адам.
80. Адамның демалыс арқылы физикалық және рухани күштерін қайта қалпына келтіру:
A) Релаксация;
B) Аттрактивтілік;
C) Рекреация; +
D) Экстраверсия;
E) Гедонизм.
81. Ресей империясы аумағында алғашқы альпілік клуб құрылған жылы мен орны:
А) Тифлис, 1877 ж. +
В) Верный, 1864 ж.
С) Ялта, 1890 ж.
D) Мәскеу, 1861 ж.
Е) Симферополь, 1890
82. Ресейде ұйымдастырылған туризм басталған жылы:
А) 1700 ж.
В) 1701 ж.
С) 1705 ж.
D) 1707 ж.
Е) 1777 ж +
83. «Турист» және «туризм» сөздері шыққан тіл:
A) Француз; +
B) Ағылшын;
C) Итальян;
D) Латын;
E) Испан.
84. Қазақстандағы алғашқы туристік бұқаралық шара болып саналатын Көкжайлаудағы туристер слеті өткізілген жыл:
А) 1931;
В) 1933;
С) 1936;
D) 1938; +
Е) 1939.
85. Ең ұзақты туристік маусым:
A) Жазғы;
B) Қысқы;
C) Жалпырекреациялық; +
D) Суға түсу;
E) Маусымаралық.
86. Аумақтың «туристік құндылығы» дегеніміз – бұл:
A) Туристік-рекреациялық ресурстар;
B) Туристік инфрақұрылым;
C) Туристік шаруашылық;
D) Жиынтық туристік әлеует;
E) Туризм мен рекреация дамуының алғышарттары; +
87. Туристік база дегеніміз:
A) Қонақтардың тұратын орны;
B) Туристерді орналастыру және жорыққа дайындау үшін арналған қонақжайлық кәсіпорын; +
C) Демалыс орны;
D) Діни нысаны;
E) Өнеркәсіп нысаны.
88. Туристік маркетинг дегеніміз:
A) Өндірістің құрылымын анықтау;
B) Нарықтағы туристік кәсіпорындардың концепциясы, стратегиясы және тактикасы; +
C) Туристік өнімді жарнамалау;
D) Турларды сату;
E) Турларды ұйымдастыру.
89. «Ботель» дегеніміз – бұл:
A) Кемпинг;
B) Мотель;
C) Қонақ үй тізбегі;
D) Туристік пана;
E) Судағы отель. +
90. Туризмдегі қауіпсіздік дегеніміз:
A) Туризмнің сапалы қалыптасуын қамтамасыз ететін кешенді шаралар; +
B) Туристің жарақат алу қауіпі;
C) Қауіп-қатер факторлары;
D) Саудадағы сәтсіздіктер;
E) Төтенше жағдайлар.
91. Еуропадағы «таза туризмнің» пайда болу кезі:
A) XX ғ.;
B) XIX ғ.;
C) XV ғ.;
D) XVI ғ.;
E) XVII ғ. +
92. Ресми туристік ұйымның Халықаралық одағы (МСОТО) ұйымдастырылған жылы мен орны:
A) 1946 жыл, Берлин;
B) 1948жыл, Мадрид;
C) 1947жыл, Париж; +
D) 1949жыл, Токио;
E) 1945жыл, Мәскеу.
93. Алғашқы туризм институты ашылған мемлекет:
A) Германия (ФРГ); +
B) Франция;
C) Швейцария;
D) Испания;
E) Бельгия.
94. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттегенде басты рөл атқаратын фактор:
A) Демографиялық;
B) Әлеуметтік-психологиялық;
C) Әлеуметтік-экономикалық; +
D) Медика-биологиялық;
E) Табиғи-географиялық.
95. «Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер» дегеніміз – бұл:
A) Мемлекет халқының физикалық, рухани және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруінің қажеттіліктері; +
B) Қоғамның жан-жақты физикалық дамуының қажеттіліктері;
C) Қоғамның жан-жақты рухани дамуының қажеттіліктері;
D) Денсаулықты қалпына келтірудегі қоғамдық қажеттіліктер;
E) Тұрғындарға арналған рекреациялық шаралардың жүйесі.
96. «Топтық рекреациялық қажеттілік» дегеніміз – бұл:
A) Қоғамның емдеу қызметтеріне қажеттілігі;
B) Қоғамның сауықтыру қызметтеріне қажеттілігі;
C) Белгілі бір әлеуметтік-демографиялық, кәсіби және халықтың жас аралық топтарының қажеттілігі; +
D) Елдегі халық топтарының танымдық қызметке қажеттіліктері;
E) Халықтың кәсіби топтарының кәсіби қызығушылығын қанағаттандыруға қажеттіліктер.
97. «Жеке рекреациялық қажеттілік» дегеніміз – бұл:
A) Әр түрлі рекреациялық шаралар жиынтығына жеке сұраныс; +
B) Физикалық шаршауды кетіру шараларындағы жеке сұраныс;
C) Психологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру шараларындағы жеке сұраныс;
D) Адамның танымдық шараларындағы қажеттілік;
E) Адамның рухани араласуындағы қажеттілік.
98. Ең көпшілік туризмнің түрі – бұл:
A) Жаяу жүру туризмі; +
B) Су туризмі;
C) Тау туризмі;
D) Шаңғы туризмі;
E) Велосипед туризмі.
99. Дүниежүзілік турист ұйымының (ЮНВТО) жіктеуі бойынша біркүндік келушілерді...... жатқызамыз:
A) Транзитті жолаушыларға;
B) Экскурсанттарға; +
C) Туристерге;
D) Уақытша мигранттарға;
E) Көшпенділерге.
100. «Туризм» болып саналатын миграциялардың түрі:
A) Жұмысқа бару және жұмыстан келу;
B) Басқа қалаға барып, келесі күні қайтып келу; +
C) Демалыс күні түнеусіз пикникке бару;
D) Таңертең көрші қалаға барып, кешке үйге қайта оралу;
E) Шекаралас елді мекендер тұрғындарының таңертең шекараның ар жағына жұмысқа барып, кешке үйге қайтып оралу.