Лекции.Орг


Поиск:




Зертханалық жұмыс №12.




Тақырыбы: Жазбаларды іздеу.

Мақсаты: SetKey және GotoKey әдістерінің қызметтерін меңгеру.

 

Индекстелген жазбалар бойынша іздеуді жүзеге асыру үшін SetKey және GotoKey әдістерін қолданамыз. Біздің жағдайымызда индекстелген жол Сынақ кітапшасының №.

Қадам1. Форма бетіне Label, Button және Edit компоненттерін орнатып, Button компонентінің Caption қасиетіне келесі сәйкес мәнді беріңіз: Жазбаны іздеу. Label компонентінің Caption қасиетіне келесі сәйкес мәнді беріңіз: Сынақ кітапшасының №. Button компоненті үшін OnClick оқиғасының өңдеуішін құрып, оған төмендегі кодты жазамыз:

procedure TForm1.Button8Click(Sender: TObject); begin

Table1.SetKey;

Table1.FieldByName('Nzachet').AsString:=Edit7.Text;

 
 

Table1.GotoKey;

end;

Қадам2. Белгілі бір аралықтағы Сынақ кітапшасының №-мен жұмыс жасау үшін ApplyRange, SetRangeStart, SetRangeEnd, CancelRange әдістерін қолданамыз.

SetRangeStart - аралықтың басын анықтайды;

SetRangeEnd - аралықтың соңын анықтайды;

ApplyRange - фильтрді қолдану;

CancelRange - фильтр әрекетін тоқтату.

Магистранттер формасының бетіне Label9, Button12 және Edit8, Edit9 компоненттерін орнатып, Button компонентінің Caption қасиетіне келесі сәйкес мәнді беріңіз: Фильтрді қолдану. Label компонентінің Caption қасиетіне келесі сәйкес мәнді беріңіз: Диапазон. Button компоненті үшін OnClick оқиғасының өңдеуішін құрып, оған төмендегі кодты жазамыз:

procedure TForm1.Button12Click(Sender: TObject);

begin

Table1.CancelRange;

Table1. SetRangeStart;

if Edit1.Text<>' ' then

Table1.Fields[0].AsString:=Edit8.Text;

Table1.SetRangeEnd;

if Edit2.Text<>' ' then Table1.Fields[0].AsString:=Edit9.Text;

Table1.ApplyRange; end;

ҚадамЗ. Үлгерім формасына өтеміз. Үлгерім формасының бетіне ComboBox, Label, Button және Edit компоненттерін төмендегі суреттегідей орнатамыз. Үлгерім кестесін толтыруды жеңілдету үшін Сынақ кітапшасының № жолының мәнін, Магистранттер кестесіндегі бар мәліметтердің негізінде, автоматты түрде толтыруға болады. Ол үшін форманың OnActivate оқиғасының өңдеуішіне келесі кодтты жазамыз:

procedure TForm2.FormActivate(Sender: TObject);

var i:integer;

begin

Form1.Table1.First; ComboBox1.Clear;

for i:=1 to Form1.Table1.RecordCount do begin

ComboBox1.Items.Add(Form1.Table1.FieldByName('NZachet').AsString);

Form1.Table1.Next;

end;

end;

 

Қадам4. Таңдалған сынақ кітапшасының №-не байланысты Фамилия, Аты, Әкесінің аты жолдары автоматты түрде толтырылуы үшін ComboBox1 компонентінің OnClick оқиғасының өңдеуішіне келесі кодты жазыңыз: procedure TForm2.ComboBox1Change(Sender: TObject); begin

Form1.Table1. SetKey;

Form1.Table1.FieldByName('NZachet').AsString:=ComboBox1.Text; Form 1.Table1. GotoKey;

Edit2.Text:=Form1.Table1.FieldByName('FamS').AsString; Edit3.Text:=Form1.Table1.FieldByName('NameS').AsString; Edit4.Text:=Form1.Table1.FieldByName('PatS').AsString; end;

Қадам5. Жазбаларды енгізу батырмасының OnClick оқиғасының өңдеуішіне келесі кодты жазыңыз:

procedure TForm2.Button1Click(Sender: TObject); begin

Table1.Insert;

Table1.FieldByName('NZachet').AsString:=ComboBox1.Text;

Table1.FieldByName('FamU').AsString:=Edit2.Text;

Table1.FieldByName('NameU').AsString:=Edit3.Text;

Table1.FieldByName('PatU').AsString:=Edit4.Text;

Table1.FieldByName('PredU').AsString:=Edit5.Text;

Table1.FieldByName('OcenkaU').AsString:=ComboBox2.Text;

Table1.FieldByName('DataStU').AsString:=MaskEdit1.Text;

Table1.Post;

end; end.

Тапсырма:

Жатақхана формасына жазбалар бойынша іздеуді ұйымдастырыңыз.

Тақырыпқа байланысты бақылау сұрақтары:

1. SetKey және GotoKey әдістері қандай қызмет атқарады?

2. SetRangeStart нені анқытайды?

3. ApplyRange нені анқытайды?

4. CancelRange нені анқытайды?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 515 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1007 - | 827 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.