Лекции.Орг


Поиск:




Аралық бақылауға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар




  1. Әдеби тіл. Ол жайындағы пікірлер.
  2. Қазақ әдеби тілінің даму дәуірлері
  3. Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілге, ұлттық тілге қатысы
  4. Әдеби тіл нормалары
  5. Әдеби тілдің атқаратын қызметі қандай?
  6. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің қазақ тіліне қатысы қандай дәрежеде?
  7. Көне түркі жазбалары мен қазақ ауыз әдебиетіндегі жанрлық ұқсастық, сәйкестіктер қандай?
  8. Көне түркі жазбалары мен қазақ ауыз әдебиетіндегі көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдердің сәйкестігі қандай?
  9. Ауыз әдеби тілінің көне түркі жазбалары тілімен сабақтастығы
  10. Ауыз әдеби тілінде қалыптасқан лексикалық, стильдік поэтикалық тәсілдердің сипаты қандай?
  11. Эпикалық тарихи жырлардың қазақ ауыз әдеби тілінде алатын орны
  12. Х-ХІІ ғ. Қараханидтер мемлекеті кезіндегі түркі жазба ескерткіштерінің тілі
  13. Қараханидтер дәуіріндегі жазба ескерткіштердің әдеби-тілдік сипаты
  14. Бұл жазба ескерткіштердің қазақ әдеби тіліне қатысы қандай?
  15. ХІІІ-ХІҮ ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жазба ескерткіштері қандай?
  16. Алтын Орда дәуіріндегі жазба ескерткіштердің әдеби-тілдік сипаты
  17. Алтын Орда дәуіріндегі жазба ескерткіштердің қазақ әдеби тіліне қатысы қандай?
  18. Ортағасырлық жазба түркі ескерткіштері не себепті қазақ әдеби тілінің бір арнасы болып саналады?
  19. ХҮ-ХҮІІ ғ. қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты, ерекшелігі
  20. ХҮ-ХҮІІ ғ. қазақтың ауызша әдеби тілінің нұсқалары
  21. Асанқайғы мен Қазтуған (ХҮ ғ.) және қазақтың ауызша әдеби тілі
  22. Шалкиіз, Доспамбет, Шобан (ХҮІ ғ.) және қазақтың ауызша әдеби тілі
  23. Жиембет пен Марғасқа (ХҮІІ ғ.) және қазақтың ауызша әдеби тілі
  24. ХҮ-ХҮІІ ғ. ауызша әдеби тілдің лексикасы, оның нормалану сипаты
  25. ХҮ-ХҮІІ ғ. ауызша әдеби тілдің грамматикалық сипаты
  26. ХҮ-ХҮІІ ғ. ауызша әдеби тілдің стилистикалық сипаты
  27. Қазақтың ауызша төл әдеби тілі не себепті ХҮ-ХҮІІ ғ.-дан басталады?
  28. ХҮ-ХҮІІ ғ.-да көрінген қазақтың жазба әдеби тіл дәстүрінің мәні қандай?
  29. Қ.Жалаиридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі
  30. ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты
  31. Бұқар-жыраулар мектебінің жинақтаушысы
  32. ХҮІІІ ғ. әдеби тілінің тілдік, стильдік нормалану бағыты қандай?
  33. ХҮІІІ ғ.(және ХІХ ғ.І жартысы) ресми құжаттар стилінің сипаты қандай?
  34. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің сипаты
  35. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілі не себепті бұрынғы ауызша төл әдеби тілдің жалғасы болып табылады?
  36. Махамбеттің қазақ әдеби тілін дамытудағы орны қандай?
  37. Дулат ақынның қазақ әдеби тілі тарихында алатын орны
  38. Шортанбай, Мұрат, Жанақ, Марабай шығармаларының қазақ әдеби тілінің дамуына тигізген әсері қандай?
  39. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тіл лексикасының құрамы
  40. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің сипаты
  41. Ы.Алтынсарин ұлттық жазба әдеби тілді дамытудағы алатын орны
  42. Абай Құнанбаев қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамытудағы ролі
  43. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында әдеби тілдің нормалану процесі қалай дамыды?
  44. Бұл кезеңде қандай жанрлар, стильдік салалар дамыды?
  45. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ поэзиясының тілі қалай дамыды?
  46. Көркем әдебиеттегі қисса жанры және оның тілі
  47. Функционалды стильдердің пайда болуы, дамуы
  48. ХХ ғ. басындағы ұлттық жазба әдеби тілдің сипаты
  49. ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби тілінің нұсқалары
  50. ХХ ғ. басындағы көркем әдебиет тілі өзінен бұрынғы қандай үлгінің негізінде дамыды?
  51. ХХ ғ. басындаұлттық әдеби тілдің қандай стильдері дамыды?
  52. ХХ ғ. басында жазба (баспа) әдебиеттердің қандай түрлері болды?
  53. А.Байтұрсынов және қазақ әдеби тілі
  54. ХХ ғ. басында шыққан мерзімді басылымдар қандай?
  55. «Кітаби тіл» деген не, оның сипаты қандай?
  56. ХХ ғ. 20-жылдарынан бергі қазақ әдеби тілі қандай негізде дамыды?
  57. Қазақ әдеби тілінің 20-жылдарынан бергі дамуына әсер еткен факторлар қандай?
  58. Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалануы қалай және оны неден көруге болады?
  59. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі функционалдық стильдердің даму сипаты қандай?
  60. Қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылуы, айтылуы мен жазылуы нормаланбаған құбылыстар қандай?

ТЕСТТЕР

1. Әдеби тілді жазба тілмен байланыстырып қарайтын қай ғалым?

А) М. Балақаев

В) С. Исаев

С) Р. Сыздықова

Д) Б. Әбілқасымов

Е) Қ. Өмірәлиев

*****

2. Әдеби тілдің болуы үшін жазудың болуы шарт па?

А) шарт

В) шарт емес

С) жазудың мүлдем қатысы жоқ

Д) дұрыс варианты жоқ

Е) жазудың қатысы бар

*****

3. «Әдеби тіл Қазан төңкерісінен соң пайда болды» дейтін пікір айтқан кім?

А) Ғ. Мұсабаев

В) Т. Қордабаев

С) Ә. Құрышжанов

Д) Ә. Ибатов

Е) М. Әуезов

*****

4. Әдеби тілдің басты белгісі

А) жазу

В) жалпыға ортақ

С) өңделген, сұрыпталған

Д) көркем

Е) ауызша

*****

5. «Жамиғ-ат тауарих» шежіресінің авторы кім?

А) Сейф Сарай

В) Қадырғали би Жалайыр

С) М. Қашқари

Д) Ж.. Баласағұн

Е) Құтып

*****

6. «Хұсрау уа Шырынның» авторы кім?

А) С. Сарай
В) М. Қашқари

С) А. Иүгінеки

Д) Құтып

Е) Ж.. Баласағұн

*****

7. Жүсіп Баласағұнның шығармасы қайсы?

А) Махаббат наме

В) Хибатул хакаийк

С) Құдатғу білік

Д) Қисса – сул - әнбия

Е) Хұсрау уа Шырын

*****

8. Құйрығы жоқ, жалы жоқ. Құлан қайтып күн көрер.

Аяғы жоқ, қолы жоқ. Жылан қайтып күн көрер... Авторы кім?

А) Шалкиіз

В) Қазтуған

С) Асан қайғы

Д) Доспамбет

Е) Марғасқа

*****

9. Әдеби тіл дегеніміз не?

А) халықтық тіл
В)ауызша айтылатын шешендік тіл
С) жүйеленіп нормаға түскен тіл
Д) көркем әдеби тіл

Е) диалекті

*****

10. Жаңа сапалы жазба әдеби тіліміздің негізін салушы кім?

А) Ш. Уәлиханов
В) Бұқар жырау
С) А. Құнанбаев
Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Байтұрсынов

*****

11. Мерзімді баспасөз тілін зерттеген кім?

А) Р. Сыздықова

В) М. Балақаев
С) Ә. Болғанбаев
Д) Ә. Ибатов

Е) Б. Әбілқасымов

*****

12. «Қисса» деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

А) сөз жинағы
В) тарих
С) толғау
Д) жыр,әңгіме

Е) өлеңдер жинағы

*****

13. Әдеби тілдің экспрессивтік – эстетикалық қызыметі қандай роль атқарады?

А) коммуникативтік

В) қатынас құралы

С) образдық
Д) ойды білдіру
Е) шешендік

*****

14. Эпистолярлық жанр деген не?

А) ресми – іс қағаздар стилі
В) хат – хабарлар стилі
С) публицистикалық стиль
Д) қоғамдық көпшілік тіл
Е) әдеби тіл

*****

15. Дидактикалық поэзияның басты белгісі

А) үлгі - өнеге, ақыл - өсиет айту
В) арнау өлеңдер айту
С) елді бірлікке шақыру
Д) портрет жасау
Е) тәрбие беру

*****

16. «Айналасын жер тұтқан. Айды батпақ демеңіз.

Айнала ішсе, таусылып, Көл суалмас демеңіз». Көркемдеу тәсілінің қайсысы қолданған?

А) аллигория
В) теңеу

С) шендестіру
Д) метафора
Е) эпитет

*****

17. Жыраулық мектептің ең соңғы және ірі өкілі кім?

А) Жиембет
В) Доспамбет
С) Бұхар
Д) Қазтуған
Е) Марғасқа

*****

18. Портрет жасаудың шебері қай жырау?

А) Ақтамберді
В) Қазтуған
С) Марғасқа
Д) Көтеш
Е) Шалгиіз

*****

19.Жаугершілік лексикаға қатысты сөздер?

А) жігіттік, ерлік,жортуыл
В) берен, жебе
С) талқы,бірлік
Д) билік, әділдік
Е) батырлық, мықтылық

*****

20. XYIII ғ. тұрмыстық лексика қай жыраулардың шығармаларынан орын алады?

А) Бұқар
В) Қазтуған
С) Шал

Д) Доспамбет
Е) Көтеш

*****

21. Лексиканың нормалануы деген не?

А) лексиканың баюы
В) сөздік құрамның толығуы
С) шеттен сөз ену
Д) белгілі бір ұғымда бір сөздің қалыптасуы
Е) сөздердің тәуелденуі

*****

22. XYIII ғ. Жыраулар поэзиясында бұйрық рай қандай тұлғамен берілген?

А) -нольдік
В)- ғын
С) -ғыл
Д) -ң
Е) -ун

*****

23. «Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа.

Күнінде өзім болдым деп, Кең пейілге таласпа» Авторы кім?

А) Асанқайғы
В) Шалкиіз
С) Марғасқа
Д) Қазтуған
Е) Доспамбет
*****

24. «Қазақ» газеті кімнің ұйымдастырылуымен ашылды?
А) Ы. Алтынсарин

В)& М. Сералин

С) Б. Өтетілеуов

Д) Ә. Тәңірбергенов

Е) И. Байзақов
*****

25. «Күлдір- күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз.

Күдеріден бау тағып, қамқаны киер ме екенбіз». Авторы кім?

А) Доспамбет

В) Жиембет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Ақтамберді
*****

26. Ш. Уалиханов «Көшпенділер философы» деп кімді атаған?

А) Асанқайғы

В) Қазтуған

С) Қорқыт

Д) Кет-бұға

Е) Дулат
*****

27. «Түйе мойнын тұз кесер, жігіт мойнын қыз кесер.

Сартылдаған сары аяз, Жылқының мойнын мұз кесер». Авторы кім?

А) Ақтамберді

В) Көтеш

С) Тәттіқара

Д) Марғасқа

Е) Шал
*****

28. «Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,

Шамырқансам тағы кетермін». Авторы кім?

А) Шернияз

В) Бұхар

С) Сүйінбай

Д) Қазтуған

Е) Махамбет
*****

29. «XIXғ. II жартысындағы қазақ әдеби тілі» кітабының авторы кім?

А) С. Исаев

В) Р. Сыздықова

С) Ә. Ибатов

Д) Б. Әбілқасымов

Е) М. Әуезов
*****

30. Қазақ тілінде алғашқы басылып шыққан жыр

А) Алпамыс

В) Қобыланды

С) Ертағын

Д) Қамбар

Е) Қызжібек
*****

31. «Түркістан уәлаяты» газеті қай жылы жарық көрді?

А) 1850 ж.

В)1870 ж.

С) 1880 ж.

Д) 1889 ж.

Е) 1883 ж.
*****

32. Діни сарындағы қиссалар?

А) Тахир- Зухра, Ескендір

В) Ертарғын

С) Алпамыс

Д) Зарқұм, Сал- сал

Е) Жүсіп- Зылиха
*****

33. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет?

А) Дала уәлаяты

В) Түркісан уәлаяты

С) Айқап

Д) Қазақ

Е) Жас алаш
*****

34. «Түркістан уәлаяты» қай қаладан шығып тұрды?

А) Ташкент

В) Орынбор

С) Уфа

Д) Қазан

Е) Астрахань
*****

35. «Тұрған» сөзінің қазіргі қосымшаға айналған түрі қайсы?

А) -тұғын

В) -атын

С) -тын

Д) -илән

Е) -етін
*****

36. «мен» көмектес жалғауының ең бастапқы тарихи тұлғасы қайсы?

А) -бірле

В) -билән

С) -илә

Д) -илән

Е) -тұғын
*****

37. «Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы» кітабының авторы кім?

А) Б. Әбілхасымов

В) С. Исаев

С) І. Кеңесбаев

Д) М. Балақаев

Е) И. Байзақов
*****

38. «Менің пірім» деп Жамбыл кімге айтқан?

А) Дулат

В) Бұхар

С) Сүйенбай

Д) Марғасқа

Е) Ақтамберді
*****

39. Сүйенбай Аронұлы қай ғасырда өмір сүрген?

А) XVIII ғ.

В) XIX ғ.

С) XX ғ.

Д) XVII ғ.

Е) XII ғ.
*****

40. Махамбеттен басқа Исатай Тайманов көтерілісіне қатысқан күрескер ақын кім?

А) Жанақ

В) Шернияз

С) Сүйенбай

Д) Балта

Е) Жамбыл
*****

41. «Байеке сұлтан, ақсүйек. Қыларың болса, қылып қал.

Күндердің күні болғанда, Бас кесермен, жасырман». Авторы кім?

А) Шернияз

В) Махамбет

С) Исатай

Д) Ақтамберді

Е) Жанақ
*****

42. 1836-1838 ж. Батыс Қазақстандағы шаруалар көтерілісінің ұраншысы болған күрескер ақын кім?

А) Шернияз

В) Махамбет

С) Исатай

Д) Қарасай

Е) Балта
*****

43. «Ай не болар күннен соң, Күн не болар айдан соң.

Құлпырып тұрған бәйшешек, Қурай болар солған соң». Кімнің өлеңі?

А) Дулат

В) Шортанбай

С) Шал

Д) Бұхар

Е) Абай
*****

44. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы жарыққа шықты?

А) 1870ж.

В)1879ж.

С) 1889ж.

Д) 1850ж.

Е) 1865ж.
*****

45. «Байдың қызы жамылар, Батсайы мен беренді». (Қобыланды батыр). Берен сөзінің мағынасы.

А) Жібек

В) Шыт

С) Атлас

Д) Ең жақсы барқыт

Е) Тас
*****

46. «Қынабынан суырып, Қолына алды беренді». (Алпамыс батыр). Берен сөзінің мағынасы.

А) Мата

В) Күшті, мықты

С) Болаттан жасалған қару

Д) Сауыт

Е) Тағам түрі
*****

47. Қазақ ауыз әдебиетіндегі құлан, бұлан, тарлан атулары қандай ұғымның символы?

А) жұйріктіктің

В) іріліктің

С) жуастықтың

Д) қайсарлықтың

Е) момындықтың
*****

48. «Қыз Назымға жаушы ғып, Жиырма жігіт жіберді». (Қамбар батыр). Жаушы сөзінің мағынасы қандай?

А) Жаулап алушы

В) Жауғы шабушы

С) Құда түсуші

Д) Алып қашушы

Е) Ұрыс салушы
*****

49. Әдеби нормадан жөнімен ауытқып тұрған сөзді табыңыз:

А) бармаймын

В) барғанмын

С) барман

Д) бармаспын

Е) барармын
*****

50. Әдеби нормадан жөнсіз ауытқып тұрған сөзді көрсет:

А) рұхсат

В) ұлықсат

С) рас

Д) лайық

Е) ылайық
*****

51. Жазу нормасына сай сөзді көрсет:

А) ауызшша

В) жұмышшы

С) жұмысшы

Д) ылай

Е) дошшан
*****

52. «Мен- ақ сұңқар құстың сойы едім,

Шамыр қансам тағы кетермін» (Махамбет) сойы сөзінің мағынасы қандай?

А) Мықты

В) Тегеурінді

С) Ашулы

Д) Момын

Е) асыл текті
*****

53. XIXғасырдың II жартысында туған ұлттық жазба тілді XX ғасыр басында кімдер дамытты?

А)Абайды үлгі тұтқан ақын жазушылар

В) Кітаби ақындар

С) Жауабы жоқ

Д) Жыраулар

Е) Аударма ақындар
*****

54. «Жарлық, ереже, алым, салық» сөздері қай стильге тән?

А) Ғылыми

В) Ресми

С) Көркем әдебиет

Д) Ауызекі

Е) Публицистикалық
*****

55. Қазақ әдебиетінде көркем проза жанры қашан пайда болды?

А) XIXғ. I ж.

В) XIXғ. IIж.

С) XXғ. I ж.

Д) XVIIIғ.

Е) XXғ. IIж.
*****

56. Қазақтың тұңғыш көркем прозасы.

А) «Ұлпан»

В) «Қамар сулу»

С) «Қалың мал»

Д) «Ақбілек»

Е) «Бақытсыз Жамал»
*****

57. «Адасқан күшік секілді,

Ұлып жұртқа қайтқа ой.». Авторы кім?

А) Ыбырай

В) Бұхар

С) Ақтамберді

Д) Абай

Е) Шоқан
*****

58. «Кітаби ақын» деген терминді ғылыми айналымға түсірген қай зерттеуші?

А) М. Әуезов

В) Ә. Марғұлан

С) Н. Ильминский

Д) В. Радлов

Е) Абай
*****

59. XX ғасыр басындағы жазба әдебиет нұсқалары қандай?

А) көркем туындылар, аударма әдебиеттер

В) мерзімді баспасөз

С) аталғандардаң бәрі де

Д) дұрыс жауап жоқ

Е) ғылыми еңбектер
*****

60. Әдеби тіл лексикасы өзінің қандай ішкі мүмкіндіктері арқылы толығып отырады?

А) Нормалық талапқа сай келетін сөздерді дайын қалпында қабылдау арқылы

В) Бұрынғы сөдерге жаңа мағыналарының берілуі

С) аталғандардың бәрі де

Д) терминдер арқылы

Е) диалектілер арқылы
*****





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 761 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1008 - | 829 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.