Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты




  1. Әдеби тіл туралы ұғым.
  2. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер

2. Әдеби тілдің нормалары

3. Әдеби тілдегі стильдер жүйесі

 

Тірек сөздер: әдеби тіл, ауызша әдеби тіл, жазба тіл, жалпыхалықтық тіл, әдеби тіл нормасы, ауызекі сөйлеу тілі, стильдер жүйесі.

 

Қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретінде қалыптасу кезеңі А.Байтұрсынұлы заманынан қаз тұра бастағаны белгілі. Сол кездің өзінде-ақ, “Қазақ” газеті және өзге де басы­лымдар бетінде “жобалы оқу” жүйесін жасау міндет екені баса айтылды. Кейін қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қажетті оқу құралдары мен оқулықтар шығарып, алфавит­ке қатысты ірі шараларды іске асыруға, емлені реттеуге ат салысты. А.Байтұрсынұлы мәселе етіп көтерген жобалы оқудың қазақ әдеби тілі және оның нормаларымен кіндіктестігі сезіліп тұрады. Ал одан сәл беріректегі қазақ ғалымдарының аса көрнекті шоғыры қазақ тіл білімі салаларын ғылыми тұрғыдан тұңғыш әрі арнайы зерттеу бақытына ие болды. Осы шоғырдың өкілдері С. Аманжолов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, т.б. ғалымдар қазақ әдеби тілінің теориялық негізінің қалануына ұйтқы болды.

Әдеби тіл мәселесінің өзектілігі тек тілші-ғалымдар қауымын ғана толғандырып қоймады. Әдеби тілдің түрлі мәселелеріне байланысты М.Әуезов, С.Мұқанов бастаған жазушылар өз ойларын ортаға салып, талқылауға, пікірталасқа қызу араласты, осылайша бүкіл қазақ ғалымдарының жан-жақты әрі белсенді араласуы нәтижесінде қазақ тілі тари­хының бір саласы қазақ әдеби тілінің тарихы дүниеге келді

Қазақ тілінің тарихы екі үлкен арнаға бөлінеді: а) қазақ тілінің тарихи грамматикасы; ә) қазақ әдеби тілінің тарихы. Қазақ тілінің тарихын танытатын тіл саласына диалектология да жатады. Өйткені өркениеттің белгілері өмірге еркін араласқанға дейін анық, айқын көрініс беретін, ал өркениет қанат жайғанда өрісі тарыла түсетін, құрамында көнеден қалған түрлі тілдік қалдықтар кездесетін диалектілер тілдің тарихын қазбалай түсу үшін таптырмай­тын тілдік деректер болып саналады. Өркениетке аяқ басқан елде диалектілердің қатары кеміп, саны азая түседі, себебі, жазудың құқығы артумен бірге оқу орындарының қызметі жанданады, жалпыға түсінікті, ортақ тілмен халыққа қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралдары (аудио-, видео-, аудио-визуалды түрлері) іске қосылады, ғылым мен техника жаңалықтары өмірге дендеп енеді – мұның бәрі де әдеби тілдің өміршеңдігін арттыра береді, сөйтіп әдеби тіл диалектілік ерекшеліктерді ығыстыра бастайды. Өйткені санамаланған өркениеттің атрибуттары жергілікті жерге (аудан, ауыл) емес, бүкіл халыққа қызмет ететіндіктен, бүкіл халықка түсінікті тілді қолдануы міндетті. Ал өркениетті елдің кез келгенінде ондай тіл әдеби тіл болып табылады.

Әдеби тіл – қазақ тілінің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуы қоғам өмірімен сабақтастықта өрістейді. Қазақ халқының өміріндегі, қазақ қоғамындағы кез келген өзгерістер мен ірі тарихи-саяси оқиғалар ұлт тілінің даму бағытына ықпалын тигізіп келгені сабақтастықтың көрінісі болса, бұл процесс әдеби тілдің даму кезеңдерін белгілеуге бұдан былай да әсер ете береді, себебі әдеби тілдің өзі сыртқы әсерлер мен әлеуметтік жағдайларға көп жағдайда тәуелді.

Кез келген ғылым саласы сияқты қазақ әдеби тілінің ғылыми қауымда пікірталас тудырып жүрген проблемалары жеткілікті. Әдеби тіл және оған қатысты теориялық мәселелер күні бүгінге дейін шешімін толық таппай келе жатқан күрделілігімен көзге түседі. Оларға:

1.Әдеби тіл туралы концепцияның бірізді болмауы (жазумен байланыстылығы);

1.Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері жөніндегі пікірлердің әр түрлі болуы, тарихи көздері мен арналарын белгілеудегі пікірталастардың орын алуы;

2. Диалектілік ерекшеліктермен әдеби тілдің арақатынасын нақтылауда қайшылықты көзқарастардың орын алуы;

3. Жазумен байланысты дамуы мен соған орай анықтамасының бірізді болмауының себебін нақтылау;

4. Қазақ әдеби тілін дәуірлеуге байланысты ғалымдар көзқарасы арасындағы алшақтықтардың болуы;

5.Кітаби тіл туралы түсінікті нақтылау;

6. Репрессия жылдарындағы қазақ әдеби тілінің жай-күйін анықтау жатады.

Соңғы кездері шетте жүрген қазақ диаспорасының әдеби тілі бар-жоқтығы туралы тағы бір жаңа проблема бас көтерді.

Қазақ әдеби тілінің, ұлы Мұхтарша айтқанда, әдебиет тілінің бастау көздері мен тарихи негізі туралы түрлі қисындар айтылып келді. Соған орай қазіргі әдеби тіліміздің бұрыннан айтылып жүрген үш қайнар көзі, тарихи көздері — жалпыхалықтық тіл, ауызша әдеби тіл немесе оған негіз болған ауызша авторлық поэзия тілі, ауыз әдебиеті, бұрынғы жазба дәстүр проблемасы қазақ тіл білімінде ұзақ талқыланған мәселелерге жатады.

Әдебиеттер:

1. Әуезов М. Қазақ әдеби тілі туралы// Әдебиет және искусство журналы А., 1951 №4.

2. Сауранбаев Н.Т. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы// Қазақ тіл білімінің проблемалары таңдамалы еңбектерінің жинағы. А., 1982. 112-124 б.

3. Кеңесбаев І. Әдеби тіл туралы// Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер А., 1987.

4. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996. 6-74 б.

 

2. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1600 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1543 - | 1225 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.