Лекции.Орг


Поиск:




Азақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы. 3 страница




XX ғасырдың 70-80 жылдарында АҚШ-та көптеген орталықтар этнопсихологиямен айналысы бастады. Эмори және Калифорниялық универистетінде жаңа университеттік орталықтар пайда болды. Жаңа әдістемелердің дамуына қарай этнопсихологиядағы дәстүрлік зерттеуде парадигмалар өзгерді.

Дж. Уайтинг тұлғаны биологиялық және әлеуметтік потенциал ретінде зерттеді. Осы уақытта «тұлға» мәдени жүйені ашып пассивті емес мәдениеттің «активті агенті» ретінде қарастырды. «Әлеуметтік әрекет» категориясына «тұлға» категориясының өтуі, «мотивация» түсінігі арқылы түсіндіріледі.

Т.Шварцтың ойы бойынша тұлғаны мәдениеттің түсінігінсіз оның психологиясын түсіну мүмкін емес деді. Т.Шварц мәдениетті процесс ретінде, индивид оны қоршаған әлеммен бірге тек қана бір-біріне әсер етіп қоймай, сонымен бірге, ол өзіне мәдени тәжірибені сіңіреді. Сол уақытта ол өзі де мәдени элементтерді өндіреді.

Сонымен Т.Шварц орталықтандырылған мәдени дәстүрлер бағытын дамытса, ал Дж. Уайтнг тұлғалық бағдарланған келістің негізгі идеясын дамытты.

XX ғасырда этнопсихологияның шетелде дамуына көптеген ғалымдардың, антропологтардың, мәдениет танушылардың, этнопсихологтардың және де т.б. ат салысқанын көрдік.

Шетелде этникалық мінез-құлықтың, әрекеттің, қарым-қатынасының көрінуі яғни тұлғаның балалық шағына байланысты екендігін кейбір этнопсихологтар айтып өтті.

Ал кейбіреуі «мәдениет» және «тұлға» деген екі категориясын байланыстыра отырып, тұлғаның дамуы оның қарым-қатынасы, мінез-құлқы, сол өзінің мәдени орталығына байланысты деді.

Қорытындылайтын болсақ, осы айтылған көзқарастарға келісуге. Шыныменде, адамның этникалық мінез-құлқы, іс-әрекеті оның бала кезінен бастап, қабылдаумен түсіндіріледі.

Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды: философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы.

Батыстағы ерте заманның ғылымдары Геродот пен Тациттен бастап алыстағы мемлекеттер және сол мемлекетте тұратын халықтар туралы жазған, олардың мәдениеттеріне, өмір сүру барысын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, әдеттерін бейнелеуде көп көңіл бөлді. Әр түрлі этностардың өкілдерінің сыртқы бейнесіндегі, мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі айырмашылықтарды көрсетіп, ерте грек ойшылдары осы айырмашылықтардың табиғатын анықтамақшы болды. Мысалы, Гипократ әртүрлі халықтардың физиологиялық және психологиялық өзгешеліктерін, олардың гографиялық орналасуымен және климаттық жағдайымен түсіндірді. Ең алғаш рет халықты психологиялық бақылаудың пәні ретінде қабылдауды XVIII талаптанды. Француз ғалымдары «халық рухы» деген түсінікті енгізді және оның географиялық факторы мен байланысынң мәселесін шешуге әрекеттенді. «Халық рухы» ойы неміс философиясында XVIII ғасырда енді. Неміс философиясының өкілдерінің бірі И.Г. Гердер халық рухын тәнсіз нәрсе ретінде қарастырған жоқ, ол «халық рухы» және «халық мінезі» түсініктерін білген жоқ, халық рухын оның сезімі, сөйлеу мәндігі, ісі, яғни бүкіл өмірін зерттегеннен кейін ғана тануға болады. Бірақ бірінші орынға ауызша халықтың шығармашылығын қояды, өйткені оның ойынша қиял әлемі халық мінезін бейнелейді деген. XIX ғасырдың 50 жылдарының аяғында «халық рухы» термині этнопсихологияның ерекшелігін анықтау үшін негізгі түсінік болып табылды. Ол Фихте мен Гегель еңбектерінде жарық көрді.

Фихте «Адамның қызметі» еңбегінде жалпы адамзат бірлігі ойын дамытты. «Адамзат тұқымының қызметі – барлық бөліктері бірдей құрылып, бір денеге қосылу...» деп айтқан. Табиғат ең басынан бастап адамзатты осы мақсатқа әкеледі. Осы мақсатқа жетпегенше бір ұлт басқа ұлтты тосу керек, жалпыға бір жолда әлемнің бір бөлігі келесісін тосу керек. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана адамзат бірігіп бір күшпен көтеріліп, бір қадаммен тоқтаусыз біз түсінбейтін білім шыңына жетеді.

Этнопсихологиялық зерттеулер үшін Гегелдің нәсілдік айырмашылықтар және адамзаттың пайда болуы жайлы ойлары ерекше орын алды. Гегелдің ойынша адамдар бір жұптан немесе бірнеше жұптан пайда болған ба, ол ешқандай мәнге ие емес. Бұл тезис, Гегелдің айтуы бойынша, бір халықтардың басқалардан жоғары екенін көрсетуге түсіндіреді. «Адам өз бетімен ақылды болып есептелінеді»; адамдардың бәрі тең құқылы. Артық дәрежелі және құқығы жоқ адамзат түрлерін табанды қорғау түкке «тұрғысыз»,-дейді Гегель.

Гегель жазған ағылшындардың, немістердің, италяндықтардың, испандықтардың ұлттық психологиялық қырларының мінездемесі ерекше орын алады.

Гегелдің ойынша, индивидуалдылық италяндықтар мен испандықтардың мінездерінің негізгі қыры. Бірақ италяндықтарда өзіндік қозғалғыштығы басымырақ, ал испандықтарда – ойлаудың тұрақтылығы.

Франзцуздардың ұлттық психологиясын бейнелеген кезде Гегель Кантқа жақын келді. Оның ойынша француздықтарға қулық, жұғушылық ары қарай энтузиазмге айналады, ал бір жағынын – ақылдылық тән.

Немістерді алатын болсақ оларда ақылдылыққа, төзімділікке, парасаттылыққа, ұқыптылыққа қарағанда сезім көбірек дамыған. Сонымен қатар өмірлерінде жиі көрінетін формализм, педантизм тән.

Гегелдің ойынша ұлттық айырмашылықтар нәсілдік айырмашылықтар сияқты өзгермейтін және себепті. Дәлелдеу ретінде арабтардың ұлттық мінезінің ерекшеліктерін көрсетті. Ұлттың психикалық күйде және мінезді анықтайтын негізгі факторлар, ғалымның ойынша климат және табиғат жағдайларының өзгермейтіндігімен Гегель ұлттық рухтың тұрақты табиғатын түсіндіреді.

Сонымен Гегель ұлттық мінезге қарсы шығады. Ол ұлттық мінезді географиялық, табиғи, әлеуметтік-мәдениет әсеріне ұшыраған әлеуметтік құбылыс деп анықтайды.

XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық психология мәселесіндегі теориялар және методология аймағында жаңа құрылыммен байланысты этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Осы кезеңнен бастап этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Этнопсихлогиялық ой ғылыми пән статусына ие болады, өзінің зерттеу пәнін анықтайды, өзінің міндеті мен әдіснамасын анықтайды.

Жаңа ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері Г.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд және Г.Лебон есімімен байланысты.

1859 жалпы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь философ М.Лацаруспен бірге «Этникалық психология және тіл білімі журналын» шығара бастайды. Г.Штейнталь – неміс философы және тіл танушы, тіл психологиясы мен оның негізі жайлы жұмыстармен танылады. М.Лацарус – швейцар ғалымы, «ұлттар психологиясы» теориясының негізін қалады. Олар «жан» және «рух» түсініктері талдауға және зерттеуге берілетінін дәлелдеді. Штейнталь тілдік талдау материалдарымен дәлелдеді, Лацарус - әр түрлі ұлттардың діндерін, салттарын, аңыздарын, ойлауын зерттеу тәжірибесімен дәлелдеді.

Олардың ойынша этнопсихология адамзаттың рухани табиғатын зерттеп қоймай, адамзат рухының заңдылықтарын ашу керек.

«Ұлт рухы» - ішкі рухани іс-әрекеттің дамуы және заңды қозғаушы болып табылады. Оның құрамындағы ядро тек қана мінезді анықтап қоймай, ұлттың тағдырын да анықтайды. Салттарды, дінді, тілді, аңыздарды, өнерді ұлттық рухтың өнімдерін зерттеу арқылы ұлттық рухты танып, оның қозғалу заңдылықтарын ашуға болады.

Штейнталь мен Лацарус этнопсихология ғылым ретінде екі бөліктен тұру керек деген.

Бірінші – дерексіз, ұлттық рух не деген сұраққа жауап береді, қандай жағдайда ол өмір сүреді және қалай әрекет жасайды, заңдары мен элементтері қандай деген сұраққа жауап береді. Екінші бөлім – нақты ұлттын ұлттық рухтарын зерттейді. «Біріншісі – барлық ұлттарға керекті заңдылықтарды қояды, екіншісі – бөлек ұлттардың іс-әрекет барысындағы заңдылықтардың көрінуін, ұлттарды бейнелейді», - дейді олар.

Сонымен Г.Штейнталь мен М.Лацарус ұлттық психологияның ғылым ретінде қалыптасуына бүкіл жүйесін құруға әрекет жасады. Бірақ олардың ойлары іске аспады. Олардың концепциялы модельдері нақты психологиялық зерттеулерде іске аспады, қозғаған ойлары түсіндіруші кесте деңгейінде қалды.

Неміс психологы В.Вундтың этнопсихологиялық концепциясы маңызды болып есептелінеді. Оның ойынша психология екі бөлімнен тұруы керек: физиологиялық психология және ұлттар психологиясы. Физиологиялық, оның ойынша, эксперименталды бөлім, бірақ ол сөйлеуді және ойлауды зерттей алмады. Осы жерден ұлттар психологиясы басталды.

В.Вунд «ұлттық психологияны» дамытып және жүйелендірді. Ол неміс психологы, физиологы, философ, 1879 жылы ең алғаш рет әлемде психологиялық лабараторияны ашты. 1881 жылы әлемде алғаш рет психологиялық журнал «Психологиялық зерттеулер» шықты.

Вундтың ойынша ұлт жаны – ол тек қана индивидтер жинағы ғана емес, сонымен қатар олардың байланысы және өзара іс-әрекеті, осылар ұлттық психология обьектісіне әсер етеді.

Ұлттық жан - ол көп индивидтердің бірге өмір сүруінде пайда болатын психологиялық процесс. Сонымен, ұлттық жан психологиялық құбылыстың байланысы болып табылады, жан уайымдауларын, талпыныстардың, сезімдердің мазмұнын жиынтығы.

Психологиялық процестер, В.Вунд бойынша апперцепция ретінде немесе ұжымның шығармашылық іс-әрекетінен анықталып, жан белсенділігімен түсіндірілді.

«Ұлттық рухтың» концепциясын ары қарай француз әлеуметтанушысы Г.Лебон жалғастырды.

Лебон ұлттар психологиясын зерттеумен айналысқан кезде оның негізгі мақсаты нәсілдіктің жан дүниесін бейнелеу. Әрбір халық өзінің индивидуалды жан құрылысына ие, ол анатомиялық ерекшеліктер сияқты тұрақты.

Лебонның ойынша ұлттың сезімі, ойы, өнері, сезімі жан құрылымынан пайда болады.

Лебон өзінің бақылауларына негізделіп мынадай шешімге келеді: ұлттық мінезді құрайтын, бір нәсілдіктің индивидтері бірдей психологиялық ерекшеліктерге ие болады.Негізгі бөлімнің бірінші жартысында XIX ғасырдың шетел этнопсихологиясының өкілдерінің ішінен В.Вундттың концепциясын қолдауға болады. Ол этнопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуына көп үлес қосты. Ол халықтар психологиясы мен индивидуалды психология арасынан нақты шекара жүргізіп өтті

Ал Лебонды алатын болсақ нәсілдік теориясын негізін қалаған француз әлеуметтік философ Гобинонның ізін басты. Батыс ғылымы Лебон ойларын ұлттық төтеше жағдайлар туралы тезисін құруға қолданды. Брақ бұл ұлтты басқа ұлтқа қарсы қоюға ұмтылады. Олардың негізгі мақсаты жақындау емес бөлу. Осы ай отарлық соғыстың пайда болуына әкелді.

 

 

19-лекция.Тақырыбы:Ғаламның Азиялық-Африкалық құрылымындағы халықтардың ұлттық психолгиялық ерекшеліктері (арабтар, үнділер, жапондар т.б.)

Батыс көптеген уақыт бойы психологтарға Азия, Африканың эталоны болып табылады. Сондықтан олар ойлаған нәтижелері батыстың теорияларымен сәйкес келмесе, онда нәтижелері дұрыс емес. Г.Триандистің айтуы бойынша, оларда толымсыздық комплексі қалыптасқан.

Сонымен қоса көптеген мәдениетте салмақтылық өте жоғары бағаланған, бірақ Батыста емес, сондықтанда Батыс емес психологтар өздерінің Америкалық құрбыластарын көптеген уақыт бойы айтпаған болатын: «Сендердің теорияларың қате болмаса, әмбебап емес». Ең біінші болып жапондықтар айтқан. Содан кейін өзге елдердегі әлеуметтік психологтар нәтижеге келді, олардың мүшелеріне көзбен қарауға тырысты және әлеуметтік, мәдениеттік контексті сынай отырып – нормалар құндылықтар нақты этникалық жалпылықты міндеттейді.

Батыста жаңа жағдайға келді және де әлеуметтік-мәдени зерттеулерге өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын болды. Салыстырмалы мәдени әлеуметтік психологияның алдында тұрған негізгі топтастырылулармен ерекшеленеді. Солардың ішінде ерекше-әмбебаптықты тексеру әлеуметтік-психологиялық теорияларда көрінді. Бұл есепке Дж. Берри былайша атау берді: «Өзгеріс және тексеріс». Психологтар өздерінің жорамалдарын өзгерткісі келеді, этникалық топтарға тексеру үшін көпшілікте қабылдайтындығы барлық мәдени-контекстерде байқалады. Екінші себебі, салыстырмалы-мәдени психологияда тұрған, психологиялық өзгерістерді зерттейтін, батыста қабылданбайды – шектелген мәдени тәжірибеде. Бұл есептерді шеше қойып соңғы мақсатқа жетуге болады, жинап алып және нәтижесінде әмбебап әлеуметтік психологияға негізделді.

Г. Триандистің көқарасы бойынша, күшті нәтижелер комплексті emic-еtic қолданылады, etic категориясы және еmіс тәсілі пайдаланылады.

Батыс көптеген уақыт бойы психологтарға Азия, Африка және Латын Америкасының эталоны болып табылады. Сондықтан олар ойлаған нәтижелері батыстың теорияларымен сәйкес келмесе, онда нәтижелері дұрыс емес. Г.Триандистің айтуы бойынша, оларда толымсыздық комплексі қалыптасқан.

Сонымен қоса көптеген мәдениетте салмақтылық өте жоғары бағаланған, бірақ Батыста емес, сондықтанда Батыс емес психологтар өздерінің Америкалық құрбыластарын көптеген уақыт бойы айтпаған болатын: «Сендердің теорияларың қате болмаса, әмбебап емес». Ең біінші болып жапондықтар айтқан. Содан кейін өзге елдердегі әлеуметтік психологтар нәтижеге келді, олардың мүшелеріне көзбен қарауға тырысты және әлеуметтік, мәдениеттік контексті сынай отырып – нормалар құндылықтар нақты этникалық жалпылықты міндеттейді.

Арабтар этнопсихологиясы мыңдаған жылдар бойы әр түрлі сипаттағы қысым салдарынан өзінің қалыптасу жолында бірталай өзгерістерге ұшырады. Қалыптасуға әсер еткен факторларының бірі Исламның - құндылықтар жүйесі және дүниені қабылдау тәсілі ретінде пайда болуы.

Ерекше факторлардың бірі - бұл Исламға дейінгі мәдениет және өркениеттің айтарлықтай ізі: фараондар тұсындағы Мысыр, Қос өзен, Византия, Иран мәдениеттері, сонымен қатар араб дүниесіне сіңісіп кеткен финикийліктер үлесін тигізді. Гректер де (арабша “рум”) араб халықтарының этнопсихологиясының және олардың менталитетінің қалыптасуына әсерін тигізді. Әсіресе, грек философиясы және оның өкілдері Платон мен Аристотель және де басқа эллиндік ойшылдарының пікірлері арабтардың дүниетанымын кеңейтті. Еуропалықтардың қосқан үлесіне келетін болсақ, эллиндердің методологиясы арабтардың өз өздерін тауып, идентификациялануына әкелді. Ендігі олар Исламды легитимді деңгейге жеткізді.

Батыста жаңа жағдайға келді және де әлеуметтік-мәдени зерттеулерге өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын болды. Салыстырмалы мәдени әлеуметтік психологияның алдында тұрған негізгі топтастырылулармен ерекшеленеді. Солардың ішінде ерекше-әмбебаптықты тексеру әлеуметтік-психологиялық теорияларда көрінді. Бұл есепке Дж. Берри былайша атау берді: «Өзгеріс және тексеріс». Психологтар өздерінің жорамалдарын өзгерткісі келеді, этникалық топтарға тексеру үшін көпшілікте қабылдайтындығы барлық мәдени-контекстерде байқалады. Екінші себебі, салыстырмалы-мәдени психологияда тұрған, психологиялық өзгерістерді зерттейтін, батыста қабылданбайды – шектелген мәдени тәжірибеде. Бұл есептерді шеше қойып соңғы мақсатқа жетуге болады, жинап алып және нәтижесінде әмбебап әлеуметтік психологияға негізделді.

Г. Триандистің көқарасы бойынша, күшті нәтижелер комплексті emic-еtic қолданылады, etic категориясы және еmіс тәсілі пайдаланылады.

Бүгінгі таңдағы араб дүниесі 21 мемлекеттен тұрады. “Бес саусақтың бәрі бірдей болмайды” дей келе, әр елдегі арабтың да психологиясы, көзқарасы, дүниетанымы алуан түрлі. Алайда, араб халқының өздеріне тән және де басқа этностарға ұқсамайттын өзіндік этнопсихологиясы бар. Олардың ең бастысы дінге қатты беріліп кеткендерінде, сонымен қатар елдеріндегі айтарлықтай жақсы, кейбір аймақтарда (Сауд Арабиясы) тіптен бай экономикасының (мұнай, бағалы тастар, гауһар, меруерт) арқасында олар басқа халықтардан өздерін биік санайды. Мысалы, Сауди елінде бала туғаннан бастап оған арнайы есепшот ашады, статистика ақпараттары бойынша әрбір төртінші Сауд Арабия тұрғының жеке ұшағы бар, оларда егер де сен бұрыннан тұрғын (автохтон) болсаң, жұмыс істеуіңе болмайды, міндетті түрде сенің қызметшілерін болу керек.

Тағы бір қызық жайт - олардың психологиясында егер де сен кешіксең, бұл ешқандай да ыңғайсыз немесе ұятсыз нәрсе емес, олардың түсініктерінде сен кінәлі емессін, Аллаху Акбар солай шешті және де кешіккен адамға қарсы шығуға болмайды, бұл - сен Құдайға қарсы шықтың деген сөз.

 

 

20-лекция.Тақырыбы:Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.

Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың – философия, социология, психология, педагогика т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Мыс. Философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» - деген ұғым, адамзат баласының қасиеттерін сипаттайтын, жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи – биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз – байланыс, қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Зигмунд Фрейд «психоанализ» терминін алғаш енгізген. «Психоанализ» терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерінің зерттеу әдісі.

К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:

1) саналы;

2) индивидуальды бейсаналық;

3) ұжымдық бейсаналық.

Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын ұжымдық бейсаналық бөлім. Бұл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.

Альфред Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. Оның өз теориясын «индивидуалды психология» түсінігін енгізуі (бөлінбейтін). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары жалпы түрде екі топқа бірігуі мүмкін:

1) әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;

2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.

В.Г.Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофактор, мезофактор, макрофактор), механизмдері мен құралдарын көрсетті.

Микрофактор – жанұя, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар;

Мезофактор – этнос, аймақтық шарттар, елді мекен типі, жаппай қарым-қатынас құралдары;

Макрофактор – мемлекет, қоғам, ел, мәдениет.

Адамның тұлға болып қалыптасуы этностан тыс мүмкін емес, онда э-я пәніне «этнос және тұлға» мәселесі кірген маңызды.

Сонымен, Бороноев ұсынған контекске мұндай түсінік, э-ның пәндік ауданы – этностық сананы оның барлық тарихи формаларында және тұлғаның бағаларын құрастыруға әсер ету жолдары болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің, жоғарғы оқу орындарының басты мақсаты, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізгі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелденген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 977 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

791 - | 717 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.