ОСӨЖ . Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
Лекции.Орг

Поиск:


ОСӨЖ . Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері.




Салықтық жоспарлау ұғымы, салық төлеушілердің мінез-құлыктары меи іс-қимылдары моделдері мақала әкеліңіз. Салыктық жоспарлау тәсілдері, салықтық жоспарлау этаптары ауызша дайындалыңыз. Салықтық жоспарлау шегі эссе жазыңыз.

Әдебиет:

1.1994 ж. 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі).

2.2001ж. 30 қаңтардағы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі.

3.1997 ж. 16 шылдедегі ҚР қылмыстық Кодексі.

4.2004ж. 24 сәуірдегі ҚР Бюджет Кодексі.

5.Мищникова О.В. «Налоговая система развитых стран мира». Сержантов К.А. «Как уменьшить налоги законными способами. Методические рекомендации по налоговому планированию в Казахстане». А.-1997 г.

СӨЖ тапсырмаларын орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.

 

«Қазақстан Республикасының салық құқығы» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:

-Білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);

-Тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);

- Пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;

- Шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;

Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:

- Қазақстан Республикасының салық құқығы пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;

- Талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;

- Дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;

- Дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;

- Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады

Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:

-Ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;

-пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау,

-тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;

-күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;

-Тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.

Қазақстан Республикасының салық құқығы курсы бойынша оқу сабақтарының бір нысаны тәжірибелік сабақтар болып табылады. Оқу сабақтарының бұл нысаны студенттердің теориялық ойлану қабілеттілігін арттырып, азаматтық заңдылық нормаларының мәні мен мазмұнын түсінуге жол ашады.

Тәжірибелік сабақтарды жүргізу барысында келесі педагогикалық құралдарды пайдалануңға болады:

- Топтық және жеке жаттығулар;

- Ойындар;

- Демонстрациялар;

- Дискуссиялар;

- Ауызша сұрау;

- Тренингтер;

- Тестілеу

- Тәжірибелік сабақтарда студент өзінің теориялық білімін нақты жағдайда қолдана алады. Студент әр уақытта оқытушының сөзін бөліп, өзінің хабарламасын айтып, жеткізуіне болады. Ал оқытушы болса, сол хабардың мазмұнын ары алып кетуі керек.

- Тренингтер студенттер үшін өте пайдалы. Тренинг үзіліссіз әңгіме ретінде жүзеге асырылуы қажет. Бұл бағдарлама лидерлік қасиеттерді дамытуға бағытталған.

- Ойындар. Студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың жеке-дара қызметін қалыптастырады.

- Осы мақсат жүзеге асырылуы үшін әрбір студент дербес, дайындалып, емтиханға дайын болуы қажет.

- Тәжірибелік сабақтарға дайындалу барысында жұмыс дәптеріне жазуларды жазып отыруы қажет.

Ұсынылып отырған әрбір тапсырмада СӨЖ-ді орындау түрлері көрсетілген.

1.Ауызша дайындау. Студент көрсетілген әдебиеттер бойынша тақырыпты оқып, меңгеріп, тақырып саясатын түсініп, сол тақырып бойынша жауап береді. Алдымен тақырып нені талап етіп отыр, студент нені білуі керек, қандай жағдайларға көңіл бөлінуі тиіс, соны анықтау – негізгі мақсат.

2. Баяндама. Бұл СӨЖ-ді орындаудың жазбаша түрі. Студент тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттерден барлық материалдарды жинастырып, тақырыпты көлеміне байланысты 2-3 сұрақтан тұратын жоспарға енгізіп, жалпы көлемі стандартты қағаздың (формат – А-4) 5 беттен кем емес жазбаша жұмысты оқытушыға өткізеді.

3. Реферат. Бұл да жазбаша жұмыс. Студент тақырып бойынша реферат жазғанда, жұмыс ғылыми тұрғыдан қарастырылады. Тақырыпты талдау кезінде тек оқулықтарға ғана сүйенбей, ҚР-ның Конституциясына, «ҚР-ның нормативтік құқықтық актілер» туралы заңына, ғылыми монографияларға да көңіл бөлінеді. Шетелдер ғалымдарының тұжырымдамаларына сілтеу жасап (Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, Халықаралық құқық және т.б.) өзінің ой-пікірімен тақырыпты талдайды. Жұмыс көлемі 5 беттен кем болмауы керек.

4. Бақылау жұмысы. Студент тақырып бойынша жоспарды бекітіп, әдебиеттер тізімін қарастырып, білім деңгейін анықтауға талпынады. Белгіленген мерзімде студент өзінің дайындаған тақырыбы бойынша оқытушының сұрақтарына жазбаша жауап береді. Жазбаша бақылау жұмысының көлемі 2 бет (формат А-4).

5. Тест. Тест студенттердің бір-екі тақырып көлемінде білім деңгейін жазбаша анықтау. Бұл жұмысты орындағанда заң терминдеріне аса маңызды көңіл бөлінеді. Заң терминдерін түсіну, дұрыс қолдану, мазмұнына қарай топтау – тестің нәтижесі.

6. Үлгілер сызу. Студенттердің үлгілерді дұрыс құрастыруы, оларды дұрыс талдап беруі, үлгілердің мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуі осы тапсырманың талабы. Егер студент тақырыпты дұрыс түсінсе, өзінің қалауы бойынша үлгілер сызып, сол бойынша тақырыптың мазмұнын ашып берсе, оның білімі дұрыс бағаланады





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.