Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Қазақ этнопедагогикасының мазмұны




Жоспар

1 Толымды тұлғаны тәрбиелеу

2. Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбиенің мазмұны

3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы халықтық педагогика элементтері.

1.Толымды тұлғаны тәрбиелеу. Бүгінгі таңда қоғамның ең жоғары құндылығы – Адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экононмикалық, әлеуметтік, демократиялық өзгерістердің бәрі сол адам үшін, оның қайта түлеуі және игілігі үшін жасауда. Міне осы орайда ұлттық салт – дәстүрімізді білу, өзімізді – өзіміз танып, өзгелерге таныту бүгінгі қоғам сұранысына лайық ұлттық қасиет сапалары жоғары, ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұраны өз бойына сіңірген кемелденген толыиды адам тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Тарымы тереңге тартқан тарихымызды педагогикалық тұрғыдан таразыласақ, адам тәрбиесі ұлы ғұламалардың еңбектерінде әр қырынан зерттеліп отырған мәлім.Осы тұрғыда Абай педагогика мәселесіне арнайы еңбек жазбаса да, педагогтік қызыметпен тікелей айналыспаса да жастарды тәрбиелеу жөнінде терең аса құнды пікірлер айтқан. Кемелденген толымды адам туралы, оның жан дүниесі туралы Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. Сондықтан толымды адам келбеті оның тәрбиесі оның тәрбиесі туралы Абайға сүйенеді жөн көрдік. Абайдың рухани әлемі, оның негізгі зерттеу объектісі – адам. Ол адамның мінез – құлқын, адамгершілік ізгі қасиеттерін тәрбиелеуді өмір бойы басты идея етіп ұстап, кісілік тұрғыдан жетілдіру қажеттігін айқындаған. Осы тұрғыдан келгенде Абай өзінің бүкіл шығармашылығын жастарға «адам бол», «қатарыңнан қалма» деген философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарасында адамгершілігі мол адам қоғамға ең пайдалы адам деп тұжырымдалған. «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ» деген сөзі толымды адамның адамшылығының алды ар, ақыл, мінез екенін көрсетеді. Абайдың айтуынша адамгершілігі мол адам батыл ержүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге, оқу – білім, ғылым негіздерін меңгеріп, алдына қойған мақсатына жетуге талапты болу деп есептеген. Кемел адамның маңызды бір мүмкіндігі – өзі мен айналадағы дүниені өзгертуге бейімделгенінде. Адамның кемелденуі оның өскен ортасына да байланысты болады. Бұл туралы ұлы Абай «Адам баласын заман өсіреді, кім де кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват» деп тәрбиесінің рөліне үлкен мән беріп, әркім өзін – өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айрықша көңіл бөлген. Абай кемеліне жеткен толымды адам, ол «сегіз қырлы, бір сырлы сарбаз адам», «толық адам» деп «Адам деген даңқым бар» дей келе Абай адам болуға талпынған жас ұрпақтың алғашқы қадамы неден басталу керек дегенге «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» деп жауап береді.

Не болмаса, «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»,

Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылы, талапты, білсең керек,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек» - деп толымды, кемелденген адам үлгісін ұсынады. Адамның толымды адмашылық жағын көре білу және дамыту ақылы, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып дұрыс қартаю, өз халқына қажымай - талмай қызымет ету, бүкіл адамзатты сүю және құрметтеу бүгінгі таңдағы басты мәселенің біріне айналуда. Ұлы ғұлама адамды кісілік қалыпқа жеткізіп қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, танып, ескере дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болған адам білімді болады» - деп ой түйіндейді. Сондықтан тәрбие адамғаәсер етіп оған кісілікті қалыптастырады деп білген. Тәрбие арқылы адамға туа берілетін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да, адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлығына да, өзіне деген сеніміне де әсер етіп, оларды жетілдіруге болады деп есептеген.

Кемелденген толымды адам тәрбиесі мектептің тәрбие жүйесіне байланысты. Мұнда нарық экономикасының сұраныстарынан туындаған талаптар жасөспірімнің көп жағдайда өзін – өзі билей алуымен, өзін – өзі дамытумен, өзін – өзі жетілдірумен, өзіне – өзі бұйрық бере алатын, өзіне – өзі сын көзіме,н қарай алатын қасиеттерінің жетілуімен сабақтастықта айқын көрінеді. Мұның өзі арнайы ұйымдастырылған жүйе белгісінде тәрбие тар шеңберінде емес қазіргі қоғамның планетарлық өркениеттілік сипатынан туындайтын нарық қатынасы, бизнестік -қатынастарға негізделген және халықаралық ұлттық мәдени қарым – қатынастар ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде жүргізілуі талап етіледі. Бұл тәрбиелік жүйе кәсіби біліктілікті жоғары педагог, мұғалімдердің оқу – тәрбие процесін, тәрбиелік мақсаттағы іс – әрекеттерін барлық деңгейде жаңа ғылыми бағытта қайта қарау, жетілдіру және тәрбие технологиясын пайдаланатын педагогикалық материялды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде «ашық қоғам жағдайына сай өзара ынтымақтастық негізінде құрумен алдындағы азаматтық, мамандық жауаптылығымен айқындалады». Сонымен толымды кемелденген тұлға дегеніміз – білімді де білікті, бірнеше тілді меңгерген, өзгемен араласуға, яғни қарым – қатынас жасауға икемді, еңбек етіп, өзін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылысы бар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қадірлейтін, өзін – өзі көтере алатын, адамгершілік қасиет – сапалары дамыған, ұлттық салт – дәстүрді, өз ұлтының тарихын меңгерген, іскерлігі, тәрбиелігі тоғысқан әмбебап адам.

2. Қазақ этнопедагогикасы тәрбиесінің мазмұны. Қоғам да және адам да мәдени ортада ғұмыр кешекді Әрине жоғары деңгейлі мәдени ортаның қалыптасуына әр елдің тарихи – мәдени дамуы тікелей әсер етеді. Бала тәрбиесіне оның өмір сүріп отырған әлеуметтік – мәдени жағдайлары тікелей әсер етеді. Тәрбие оның ішінде бала тәрбиесі міселесін шешуде ұлты болмысының мәні адамдардың ұлттық келбеті ұлттық қатынастар, ұлттық сана – сезім бейтарап қала алмайды. Ұлттық сана – сезім астарына хаықтың мінез – құлқын, менталитеті, рухани дүниесін айқындайтын құндылықтар барлығы белгілі. Ал жаңа заман талабы – бейімділік, іскерлік, адамгершілік негізінде ұлттық жан дүниесін жаңғырту болғандықтан, демократиялық өзгерістер мен нарықтық қатынастарды қабылдау халқының даму деңгейіне де байланысты. Ұлттың ұлт болып сақталып қалуы ұлттық болмыспен айқындалады. Ал ұлттық болмыстың түп қазығы - ол барлық құндылықтардың, наным – сенімдердің, ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүрлердің, білім мен мәдениеттің, тілдің дамуымен шешіледі. Қазақ этнопедагогикасы ұлттық ерекшеліктермен ғасырлар бойы қалыптасып, салт – дәстүрге, әдет – ғұрыпқа айналып кеткен тәлім – тәрбие істерінің мән – жайын әлеуметтік өмір шындығымен байлансытыра іздестіреді. Қазақ халқының басқа халықтардан бір ерекшелігі – көркем сөзге, шешендік өнерге құрметпен қарау, мақал – мәтелдерді қолдана отырып, шебер сөйлеу, белгілі бір ойды тиянақты, қысқа да нұсқа жеткізу.

3. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы халықтық педагогика элементтері. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер егеменді ел тізгінін берік ұстауға қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді. Тәрбие жұмысының 1-ші ерекшелігі – тәрбиенің көп қырлы, көпфакторлы процесс екендігі. Тәрбиеде мақсат, міндет, мазмұн, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс таңдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі. 2-ші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленеді. 3-ші ерекшелігі – тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы. 1-ші сатыда – отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады. 2-ші сатыда – этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады. 3-ші сатыда – дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңірек дамуы іске асады. Сатылар арасында шек болмайды. 4-ші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі. 5-ші ерекшелігі – тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушінің ішкі ойымен, ниетімен, өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде сынып жетекшісі де, оқушылар да белсенділік көрсетуі керек. 6-ші ерекшелігі – тәрбие жұмысында педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыға ықпал етіп, оқушылар ұжымының қарым-қатынасын жолға қойып, жалпы іске жұмылдыра алады. 7-ші ерекшелігі – тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалаудың өте қиын процесс екендігі. 8-ші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Бүгін мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, өзіндік қиыншылығы да бар. а) тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады. Оқу белгілі уақытта сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысы уақытты сынып жетекшісі оқушылардың бос уақытын есепке алып, өзі белгілейді. б) тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпы жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке-жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді. в) тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып жетекшісі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып, инсценировка, жоспар жасайды. Бұл біріншіден, сынып жетекшісінің көп уақытын алса, екіншіден, күрделі, жан-жақты көп еңбекті талап етеді. Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар сынып жетекшісінен сан-салалы білім мен іскерлікті, шеберлік, дағдыны, педагогикалық іскерлікті тәжірибені қажет етеді. Осы орайда сынып жетекшісі тәрбиені кешенді жүргізуге тырысады, ал тәрбиені кешенді жүргізу тәрбиеге бір жақты келуден, жүйесіздіктен құтқарады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1687 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

802 - | 798 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.