Лекции.Орг


Поиск:




Периодонттың құрылымы мен қызметтері




Периодонт (пародонт) – шайнау аппаратының сақталуын қамтамасыз ететін, топографиясы мен қызметімен біріккен, тісті қоршап тұрған тіндер жиынтығы. Периодонттың компоненттері болып табылады:

· тістің ұяшығын жақын альвеолярлы өсіндінің сүйегі; оның кортикальды табақшасы және периост;

· тіс (цемент);

· периодонтальды саңылауда орналасқан байланыстырушы аппарат;

· периодонтальды саңылауда орналасқан нервті-тамырлы жиынтық;

· қызылиек – тістерді тікелей қоршап тұрған кілегейлі шайнау қабығы: бекітілген және бос (соңғысында жиекті және тісаралық емізікшені ажыратады).

Қалыпты жағдайда қызылиектің тіндері ақшыл қызыл түсті (физиологиялық пигментация мүмкін), қызылиектік емізікшелер тістерге жақсы жабысады, үшбұрыш немесе трапеция тәрізді формалы, бірдей тығыздығы, табиғи жағдайларда және абайлап зондтағанда қанамайды. Қызылиектік жүлгелердің 1-ден 3 мм-ге дейін тереңдігі бар, тістердің фронтальды топтары аймағында қызылиектік жүлгенің тереңдігі молярларға қарағанда кіші. Тістер ұяшықта жақсы ұсталады, олардың қозғалғыштығы аз және арнайы зерттеу кезінде әрең анықталады.

Балаларда жұмсақ тіндердің жетілу ерекшеліктерімен және тістесу қалыптасуының үрдістерімен байланысты периодонттың қалыпты жағдайының ерекшеліктерін есепке алу маңызды. Балаларда қызылиек васкуляризацияланған, эпителий жіңішкелеу, сондықтан қызылиектің тсі ересектерге қарағанда ашық. Қызылиектің беткейі жиі тегіс емес, түйіршікті, тартылулармен («лимон қабығы»). Жақында жарып шыққан тісердің қасында, түбірлердің қалыптасуы аяқталмаған, қызылиектік жүлге терең (3-5 мм дейін), тістердің физиологиялық қозғалғыштығы жоғары дәрежеде.

Периодонт тісті сүйекте тағамды тістеу және шайнау кезінде ұстап тұрады, басқа механикалық әсерлер кезінде: байланыстырушы және тамырлы аппарат тістің ұяшықтан шығып кетуіне және оның кіруіне кедергі жасайды. Периодонттың бірнеше қызметтерін ажыратады, осымен оның тағайындалуы байланысты.

· Бекітуші қызметі тістің цементі мен альвеоланың периостын байланыстыратын дәнекер тінді талшықтардың болуының арқасында жүзеге асырылады; бұл талшықтардың ұштары минерализацияланған; тіннің зақымдалған фрагменттері үшін қажет митотикалық белсенділік жоғары. Ұяшықта тісті ұстап тұру күші тісті жұлу үшін қажет күшке тең.

· Амортизациялық қызметі тіске түсетін шайнау және басқа механикалық күшті әртүрлі бағытта альвеола жарақатын алдын-алу мақсатында таратуды қамтамасыз етеді; қалыпты жағдайда тіс ешқашан ұяшықтың сүйегімен жанаспайды. Амортизация жүзеге асырылады: а) байламдардың толқынды талшықтарының жазылуы арқасында, оның көп бөлігі тіс түбірінің қисық беткейіне перпендикулярлы орналасады, б) құрамында сулы гелі бар негізгі талшықаралық заттың арқасында.

· Сенсорлы қызметі тіске артық қысым көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда периодонт байламдарының талшықтарында болатын барорецепторлар күштің жоғарылағаны туралы ескертеді - рефлекторлы тізбектің тұйықталуы кезінде шайнау қысымы әлсірейді.

· Периодонт қорғаныш қызмет атқарады, өйткені механикалық және иммунды тосқауылдар көмегімен ағзаның ішкі ортасына зақымдаушы факторлардың енуіне кедергі жасайды. Бірінші механикалық тосқауыл ролін көп қабатты мүйізделген эпителиймен жабылған қызылиек атқарады, ол митоздың жоғары деңгейімен ерекшеленеді (ауыз қуысы кілегей қабығына қарағанда 2-4 есе жоғары). Екінші тосқауыл қызылиек жүлгесінің түбінде тіс қызылиек эпителиальды бекітілу болады, ол гемидесмос көмегімен тіс мойнының тіндерімен байланысқан 3-30 эпителиоциттермен түзілген. Бұл тосқауылдың механикалық мықтылығы жоғары емес: клетканың 4-20 қабаты абайсыз зондтау кезінде жеңіл бұзылуы мүмкін. Эпителиальды бекітілудің қорғаныш механикалық резервтері оның жоғары регенеративті белсенділігімен байланысты: бекітілу эпителиінің толық жаңаруы әрбір 4-10 тәулік жүреді, сондықтан дәнекер эпителиінің клеткалары онда орналасқан микробтармен бірге қорғаныш күшпен алынуы мүмкін болады (қызылиек эпителиіне қарағанда 50-100 есе белсенді!). Иммунды тосқауыл қызылиек сұйықтығы болып табылады – бекітілу эпителиінің кең клеткааралық кеңістіктері арқылы қызылиектің меншікті табақшасының қан тамырларынан қызылиек жүлгесіне енген сарысудың туындысы. Қалыпты жағдайларда бекітілу эпителиі арқылы ауыз сұйықтығынан ішкі орталарға әр түрлі антигендердің көп келіп түсуі болады, оған иммунды жүйе қорғаныш факторларының кері ағымымен жауап қайтарады. Қызылиек жүлгесінің саңылауына қан тамырларынан жоғары жылдамдықпен (минутына 30 000 клеткаға дейін!) макрофагтар, нейтрофилдер, иммуноглобулиндер, комплемент жүйесінің компоненттері және басқа антимикробты факторлар келіп түседі, олардың концентрацициясы қанның сарысуына қарағанда 2-10 есе жоғары болады.

· Гомеостатикалық қызметі өмірдің өзгеретін жағдайларына, физиологиялық және патологиялық әсерлерге периодонттың құрылымдары мен қызметтерінің бейімделуінде көрінеді: а) тістің белсенді және белсенді емес жарып шығуына қатысуы; б) тіс тіндерінің қалыптасуына (түбірдің ұшы) және олардың бұзылуына (түбірлердің патологиялық және физиологиялық резорбциясы) қатысуы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1463 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

940 - | 984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.