Лекции.Орг


Поиск:




ІІ тарау. Ересектер мен балалардың стоматологиялық ауруларын біріншілік алдын-алуда санитарлы ағарту мен тәрбиелеу




Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша адам ауруларының себептері ішінде 20%-ды тұқымқуалаушылық факторлар, 25%-ы қоршаған орта жағдайлары және 55%-ы - өмір салтымен байланысты жағдайлар. Өмір салты – құндылықты бейімделуі негізінде жасалатын адамның саналы және санасыз қимылдарының жүйесі. Осылайша, көптеген аурулардың пайда болуының қауіп-қатер дәрежесі адамның минут сайынғы шешіміне байланысты - еңбекте, тұрмыста, демалыста материальды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың көптеген тәсілдері арасында оның жеке таңдауы.

Стоматологияда өмір салтының бірқатар компоненттері, ДДҰ пікірі бойынша оральды денсаулықты сақтауға ең маңызды болып табылады (табл. 2.1). Ауыз қуысына мұқият және сауатты күтімі, тамақтану тәртібі, дәрігерге консультативті қаралуға ынтасы, дәрігермен ұсынылған алдын-алу шараларына белсенді қатысу – салауатты өмір салтының белгілері, олардың қалыптасуына басқа мамандармен бірлесе отырып стоматолог белсенді қатысады.

Өз денсаулығына қатысты адамдардың санасыз мінез-құлқы білімсіздігімен негізделген: патологияның пайда болу жағдайлары мен себептерін білмеуі, өз өмірінің және балаларының өмірінің сапасына жеке жауапкершіліктің дәрежесін түсінбеуі. Сондықтан адам денсаулығын ойлай отыра - қауіп-қатер факторларын максимальды жоятын және денсаулықтың қолайлы деңгейін қолдайтын, өзін-өзі бағалауға және қылықты тәрбиелеуге тұрғындарға кез келген танымдық мүмкіншіліктерді беруге негізделетін санитарлы ағартуды ұсынуға болады.

Таблица 2.1

Өмір салты және стоматологиялық денсаулық

 

Қауіп-қатер факторы ретінде өмір салтының компоненті Қауіп-қатер факторымен байланысты ауыз қуысының аурулары Қауіп-қатер факторының маңыздылығы
Тістерді тазаламау немесе нашар тазалау әдеті Тіс жегісі +
Гингивит ++
Тістердің түсінің бұзылысы ++
Жұмсақ тіндердің патологиясы +
Протездерге күтім жасамау әдеті Жұмсақ тіндердің патологиясы +++
Ісіктер ++
Тістерді қатты щеткалармен, горизонтальды қимылдармен, ұнтақпен шамадан тыс тазарту әдеті Тіс жегілік емес зақымданулар ++
Фторидтерге талғаусыз немесе негативті қатысы Тіс жегісі +++
Тәттіні және ұннан жасалған тағамды көп қабылдау Тіс жегісі ++
Гингивит +
Тәттіні жиі қабылдау Тіс жегісі +++
Гингивит ++
Қышқыл тағамды жиі қабылдау Тіс жегілік емес зақымданулар ++
Тіс жегісі +
Күшті ішімдіктер қолдану Жұмсақ тіндердің патологиясы ++
Онкология +
Темекі тарту Тістердің түсінің бұзылысы +
Жұмсақ тіндердің патологиясы +
Онкология +++
Дәрігерге сирек қаралу Асқынған тіс жегісі +++
Жұмсақ тіндердің және периодонттың ауыр патологиясы +++
Онкологиялық аурулардың кеш сатылары +

 

Әлемде санитарлы ағартудың Дүниежүзілік ассоциациясымен басқарылатын тармақталған көп сатылы жүйе құрылды. Ассоциация мүшелері көптеген елдерде құрылған денсаулықты қалыптастырудың медициналық проблемаларының ұлттық орталықтары болып табылады. Әрбір ірі қалада медициналық алдын-алудың қалалық ораталықтары жұмыс жасайды. Алдын-алу барлық мемлекеттік және жеке меншік емдік-алдын-алу мекемелері қызметтерінің маңызды құрамы болып табылады. Қабылдауда науқастармен сөйлесу, сонымен қатар тұрғындардың әр түрлі топтарына ынталы белгілі бір мақсатқа ие үндеу кіретін санитарлы-ағарту жұмысы - әрбір дәрігердің кәсіби міндеті.

Тәжірибе көрсеткендей, сау мінез-құлықтың ережелері туралы білімді беру қажетті болып табылады, бірақ адамның мінез-құлқы расында өзгеруі үшін жеткілікті жағдай Өмір салты – күрделі психологиялық үрдістердің нәтижесі, олардың дұрысталуы оңай емес іс және дәрігерден арнайы білімді талап етеді. Сондықтан стоматолог таңдау алдында тұрады: өзіне тек стоматологиялық ақпараттың көзі ролін сақтай отыра санитарлы тәрбиелеуді педагогтар мен психологтардың қолына беру немесе өз қызметтік міндеттерін сапалы және тиімді орындау үшін қажетті психологиялық білім алу. Рациональды екінші шешім болып табылады, өйткені бүгінде табысты стоматологиялық тәжірибе үшін кез келген түрінде бірдей дәрежеде клиникалық білім мен іскерлік, сонымен қатар науқасқа психологиялық әсер ету шеберлігі қажет.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 633 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1009 - | 830 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.