Лекции.Орг


Поиск:




Б а п. Кәсіби қызметті жекелеген түрлері атқаруды шектеу




 

1. Мемлекеттік уәкілетті органдар құқық берген дәрігерлік комиссиясының шешіміне сәйкес, медициналық психиатриялық қарсылық тізбесіне сәйкес азаматтың психикалық денсаулық жағдайын бағалау негізінде азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландіру құқығымен кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмыс атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.Азамат иұндай шешіммен келіспеген жағдайда ол жөнінде сотқа шағымдануға болады.

2. Кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық жақпайтын заттар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және жинақталған тәжірибе мен ғылими жетістіктерді ескере отырып, ол мезгіл-мезгіл(кемінде бес жылда бір рет) қайта қаралады.

 

7-б а п. Психиатриялық жәрдем көрсетілетін азаматтардың

құқықтары мен мүдделерін қорғау.

 

1. Азамат өзіне психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз қалауымен өкіл шақыруға құқылы.Өкілдік Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен ресімделеді.

2. Кәмелетке толмаған және белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетілген кездегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.

3. Азаматқа психиатриалық жәрдем көрсетілген кезде оның құқықтарымен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады.Адвокатты шақыру және оның қызметіне ақы төлеу тәтібі Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделеді.Психиатриалық жәрдем көрсететін ұйымның әкімшілігі осы заңның 23-бабының 5-тармағындағы 1)- тармақшаларда және 29-бабының 1)-тармақшасында көзделгеннен басқа жағдайларда адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Б а п. Дәрігерлік құпияны сақтау

Азамат психикасының бұзылғаны, оның психиатралық жәрдем сұрағаны және осындай жәрдем көрсететін мекемеде емделгені туралы мәліметтер, сондай-ақ психиеалық денсаулық жағдайы туралы өзге де мәліметтер заңмен қорғалатын дәрігерлік құпия болып табылады.

 

Б а п. Психикалық денсаулық жағдай туралы мәліметтер беру

Тәртібі

1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оның психикалық жай – күйін ескере отырып, өзінің өтініші не оның заңды өкілінің, адвокаттың өтініші бойынша, оларға осы адамның психикалық денсаулық жағдай туруалы және оған психиатриалық жәрдем көрсетілгені туралы мәліметтер беріледі.

2. Азаматтардың психикалық денсаулық жағдай не оларды психиатр-дәрігердің тексергені туралы үшінші бір адамдарға мәліметтер беруге Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген реттерде ғана жол беріледі.

 

Б а п. Диагностка және емдеу

1.Психикасының бұзылуы диагнозын клиникалық көріністерге, лабораториялық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды.Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жок өзге де себептерге негіздеуге болмайды.

2. Психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарымен рұқсат етәлген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.

3. Медициналық құралдар мен әдістер ауруды ауытқулар сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады, оларды психикасының бұзылуынан зардыа шегуші адамды жазалау түрінде немесе басқа адамдардың мүдделері үшін пайдалануға тыйым салынады.

 

Б а п. Емделуге келісу

1. Дәрігер психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамға немесе оның заңды өкіліне психика бұзылуының сипаты туралы, емдеудің мақсаттары мен әдістері туралы ақпарат, сондай-ақ ұсынылатын емнің ұзақтығы туралы, болуы мүмкін ауырсыну түйсіктері, жанама әсерлері мен күтілетін нәтижелері туралы деректер беруге міндетті.Берілген ақпарат туралы медицналық құжаттамаға жазба жасалады.

2. Психикасының бұзылуынан зардап шкгуші адамды емдеу оның өзінің немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімін алғаннан кейін жүргізіледі, бұған осы баптың 3-тармағында көзделген реттер қосылмайды.

3. Қазақстан Республикасының заң актілерін де көзделген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде, сондай-ақ осы Заңның 29 –бабымен көзделген негіздер бойынша ауруханаға еріксіз салған кезде психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамды емдеу оның өзінің немесе заңды өкілінің келісімінсіз жүргізілуі мүмкін.Ауруханаға шұғыл салынған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда ем психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша қолданылады.

4. Осы баптың 3- тармағында аталған адамдар жөнініде психикасының бұзылуын емдеуге хирургиялық әдістер қолдануға, сондай-ақ оларға медициналық құралдар мен әдістерді сынап көруге жол берілмейді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 477 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

914 - | 674 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.