Лекции.Орг


Поиск:




Жалпы клиникалық ерекшеліктері




Ағзаның қартаюы оның барлық - биологиялық және психикалық функцияларының өзгерістерімен бірге жүреді. Бірақ бұл өзгерістердің сипаты және пайда болу уақыты әрбір жеке адамда ерекше болып келеді және тербелмелі: жасқа байланысты психикалық өзгерістер ағза қартаюының соматикалық көріністерімен сәйкес келе бермейді. Қартаюшы адамдардың соматикалық көріністерінің өзі міндетті түрде өзгеріске ұшырамайды. Ағзаның бір жүйесінде жасқа байланысты өзгерістер мүлдем байқалмаса, ал басқа бір жүйесінде айқын көрінеді. Мысалы, жасқа байланысты тірек – қимыл аппаратының өзгерістері айқын байқалса, қантамыр жүйесіндегі жасқа байланысты өзгерістер әлсіз көрініс береді немесе мүлдем болмайды. Бірақ жасқа байланысты өзгерістер жиі ағзаның барлық функциональды жүйелерінде белгілі бір арақатынаста бірлескен түрде байқалады.

Жасқа байланысты психикалық функцияның өзгерістері таңдамалы түрде және әртүрлі жас кезеңдерінде пайда болуы мүмкін. Яғни, адамның қиялдау қасиеті салыстырмалы түрде ерте әлсірейді - оның ашықтығы, бейнелілігі нашарлап, психикалық үрдістердің қарқыны, зейіннің жылдам ауысу қасиеті нашарлайды. Кешірек жаңа білім, дағды игеру нашарлайды. Қазіргі уақытта қажет мәліметтерді еске түсіру қиындайды (естің элективті бұзылысы). Бірақ белгілі бір мезгілден кейін ол мәліметтер еске түседі. Тұлғаға тән интеллектуальды үрдістер қасиеті ұзақ сақталады. Бірақ психикалық үрдістер ағымының баяулауына байланысты қандай да бір шешім қабылдау көбірек уақытты қажет етеді.

Эмоциональды көріністер жасқа байланысты түрлерін өзгертеді. Эмоциональды тұрақсыздық, үрей дамиды. Жағымсыз күйзелістерге ұзақ фиксациялануға бейімділік, көңіл – күйдің үрейлі – депрессивті сипаты пайда болады. Психиканың жасқа байланысты өзгерістерінің пайда болу мерзімі салыстырмалы түрде индивидуальды болып келеді. Жеке адам өмірінің жасқа байланысты өзгерістер пайда болатын белгілі бір кезеңдері болады. Оның бірі - жасқа байланысты болса, ал екіншісі - ағзаның гармональды – физиологиялық өзгерісінің (климакс) басталуына сәйкес келеді. Инволюциямен байланысты психикалық өзгерістер 50 – 60 жастан басталады. Кәрілік алды және кәрілік кезеңіндегі психикалық бұзылыстар шекаралық психикалық бұзылыстар және психоздар түрінде көрінеді. Егде жастағы адамдарда психикалық бұзылыстар жиілігі өте жоғары.

65 жастан жоғары адамдарда әртүрлі дәрежедегі психикалық бұзылыстар 30 – 35 % құрайды, оның ішіне психоздар мен ақыл кемдігі 3–5%.

Жас ұлғайған сайын ауыр психикалық өзгерістердің пайда болу қауіптілігі артады. Шекаралық бұзылыстарға невроз тәрізді, аффективті бұзылыстар және тұлғалық өзгерістер жатады.

Невроз тәрізді бұзылыстар ұйқы бұзылысымен, денедегі әртүрлі жағымсыз сезімдермен, эмоциональды-тұрақсыз көңіл – күймен, тітіркенгіштікпен, ешқандай негізсіз жанұясы мен өз денсаулығы үшін үрейлену және т.б. көрінеді. Физикалық әлсіздік, соматикалық жайсыздық қандай-да бір қатерлі, дауасы жоқ «өлімге алып келетін» аурудың бар екендігі жөнінде ой тудырады. Науқас тұлғасындағы болып жатқан өзгерістер оның характерологиялық та және интеллектуальды да қасиеттерін қамтиды. Характерологиялық ерекшеліктер науқас тұлғасына бұрын тән болып келген тұлғалық қасиеттердің өткірленуі және күшеюімен көрінеді. Мысалы, сенімсіздік күдікшілдікке, ал құнттылық – сараңдыққа, табандылық – қырсықтыққа ауысады. Интеллектуальды үрдістер өзінің айқындылығынан айрылады, ассоциациялар кедейлене түседі, түсініктерді біріктіру сапасы мен деңгейі төмендейді. Жаңа құбылыстар мен оқиғаларды қорыту үшін көп уақыт пен үлкен табандылықты талап етеді. Жаңа ақпарат мүлдем игерілмейді немесе қиындықпен қабылданады. Ең алдымен күнделікті ағымдағы оқиғаларды еске сақтау нашарлайды. Өткен күннің оқиғалары қиындықпен еске түсіріледі. Науқастардың критикасы төмендейді - өзінің психикалық күйін және болып жатқан өзгерістерді дұрыс бағалай алмайды. Егде жастағы адамдардағы осы аталған бұзылыстардың ауырлық дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін: салыстырмалы түрде жеңіл бұзылыстардан жүйелі емді және психиатр бақылауын қажет ететін айтарлықтай терең бұзылыстар дәрежесіне дейін.

Психикалық бұзылыстардың айқын формалары психоз түрінде көрінеді. Қабылданған жіктеу бойынша олар кәрілік алды немесе инволюционды, кәрілік жас психоздары деп бөлінеді. Кәрілік алды психоздарына инволюциялық меланхолия және инволюциялық параноид жатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 568 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

963 - | 875 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.