Лекции.Орг


Поиск:




Наркоманияның клиникалық көрінісі




 

Наркоманияның жеке түрлерінің клиникалық көріністері, олардың динамикасы аурудың түзілуіне алып келген шектен тыс қолданылған затпен тығыз байланысты. Наркоманияның әр түрін біріктіретін ортақ белгілері бар.

Наркотик қабылдағаннан кейін наркоманияның әртүрлі формаларында байқалатын наркотикалық мастану жағдайы пайда болады.

Наркотикалық мастанудың клиникалық көрінісі көтеріңкі көңіл-күймен, күлегештікпен, алаңғасарлықпен, зейін елітпелігімен, ойлау жылдамдауымен, қозғалыстық қозумен немесе, керісінше босаңсумен (обнубиляция), қозғалыс координациясының бұзылуымен, тұрақсыз жүріспен көрінеді. Кей жағдайларда ашушаңдық, тітіркенгіштік, агрессивтілік байқалады.

Тері жабындыларының гипермиясы немесе бозаруы, көздердің бұлыңғырлануы және олардың тынышсыз жылтыры, қарашықтардың тарылуы немесе кеңеюі болады. Ағза реактивтілігінің өзгеруі нәтижесінде түзілетін наркоманиялар мен токсимониялардың барлық түрлерінің ортақ белгілері дәрілік және басқа заттарға психикалық және физикалық тәуелділік, және де толерантылығының өзгеруі болып табылады.

Психикалық тәуелділік - препаратты наркотикалық әсер тудыру немесе психикалық дискомфорт синдромын жою мақсатында қолдануға дертті сипаттағы талпыныс (үнемі немесе кезеңмен пайда болатын). Наркотикалық препаратқа дертті талпыныстың даму жылдамдығы бірқатар факторлармен, соның ішінде маңыздысы, препараттың наркогенді әсерімен анықталады. Күшті наркогенді әсер опий және оның туындылары – кокаинге тән, ал наркогенді қасиеті төмен - гашиш және ОЖЖ-нің ынталандырушылары болып табылады.

Физикалық тәуелділік - наркотикалық препараттарды созылмалы қолдану нәтижесіндегі дертті жағдай, препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін, және де наркотикалық препараттар әсерін олардың антогонистімен басқанда пайда болатын айқын физикалық және психикалық бұзылыстармен көрінеді.

Бұл күй наркотикалық препараттың немесе оның антогонистінің кезекті дозасын енгізгенде басылады.

Толеранттылықтың өзгеруі наркотикалық препараттарға әдеттену синдромымен сипатталады, бұрынғы психофармакологиялық нәтижеге жету үшін наркотикалық заттардың мөлшері барған сайын ұлғайтылып отырады.

Наркомандар дәрілік наркотикалық препараттардың медициналық мақсатта қолданылатын мөлшерінен 5-10 рет жоғары мөлшерін қабылдай алады.

Наркомания түзілуінде шартты түрде 3 сатыны ажыратады.

Бастапқы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реактивтілігінің өзгеруі және психикалық тәуелділік пайда болуымен сипатталады.

Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалық тәуелділік толық қалыптасады.

Кеш, немесе ІІІ сатысы ағзаның барлық жүйесінің қажуы, толеранттылықтың, жалпы реактивтіліктің төмендеуі, созылмалы ауыр абстиненциямен сипатталады.

Наркоманияның әр формасында абстиненцияның клиникалық көрінісінің арнайы ерекшеліктері болады, осыған сүйене отырып, клиникалық дифференциальды диагностика жасауға болады. Бұл, әдетте ауыр психикалық және физикалық бұзылыстар болып табылады. Наркоманияның алғашқы сатысының өзінде тұлға өзгеруі, олардың жүріс-тұрыстарының асоциальдылығы, наркотикалық препараттың созылмалы әсері нәтижесіндегі соматоневрологиялық асқынулар айқын көрініс береді.

Біздің елімізде негізінен көкнәр және жабайы өсетін сорадан қолда дайындалған наркотикалық препараттар кездеседі. Наркотикалық заттарды қабылдағанда бақыланатын психикалық және соматикалық бұзылыстарға апиындық наркомания мысал болып табылады.

Апиындық наркомания

Морфин - жансыздандыру кезінде қолданылатын опий дериваты. Морфин, промедол немесе героин тері астына немесе көктамыр ішіне енгізіледі, ал опийді ішке, көк тамыр ішіне енгізеді немесе шегу арқылы деммен тартады. Жансыздандырушы эффекті эйфориямен бірге жүреді. Науқастарда ойлау, сөйлеу екпіні жылдамдайды. Арманшылдық, рахаттану, қамсыздық сипатымен көңіл-күй көтерілуі бақыланады. Кейбір жағдайларда қозғалыс үрдісі жылдамдайды. Алайда бұл жағдай өнімді және мақсатты әрекеттерден, нәтижеліліктен айрылған. Бірақ шектелген бағыттылықтағы - наркотикалық заттың кезекті мөлшерін қабылдауға бағытталған әрекеттер сақталады. Бұл препаратты үнемі қабылдау психикалық және физикалық тәуелділік белгілерінің пайда болуына жылдам әкеледі. Наркотик қабылдауға деген қажеттілік барлық басқа қызығушылықтардан басым түседі. Морфинге толеранттылық қарқынды өседі, бірнеше аптадан кейін-ақ науқастар тәулігіне бастапқы мөлшерден едәуір жоғары мөлшерді пайдаланады.

Морфин немесе опийдің басқа дериваттарын созылмалы шектен тыс қолданғанда науқастарда еңбекке, қоршаған ортаға деген қызығушылық төмендейді немесе жоғалады. Қызығушылықтар шеңбері күрт тарылады. Науқастар өзімшіл, дөрекі болып кетеді. Мнестико-интеллектуальды құлдырау үдейді.

Науқастардың жүріс-тұрысы асоциальды сипат алады. Олар наркотиктің кезекті дозасына қол жеткізу үшін барлығына, кез-келген әрекетке, криминальды істерге (кісі өлтіруге дейін) дайын.

Абстинентті синдром бастапқыда жасаурағыштық, әлсіздік, дене қалтырауымен сипатталады. Кейін келе (15-20 сағ кейін) тремор, қарашықтың кеңеюі пайда болады. Науқаста тұмаурату, түшкіру, жөтелу, жас ағу, гипергидроз байқалады. Ішек перистальтикасы күшейеді. Апиынды наркомания кезінде абстиненцияның психикалық көріністері үрей, мазасыздық, генерализацияланған ауыру сезімі, ауыр ұйқысыздықпен сипатталады.

Кешірек (2-3 тәуліктен кейін) аталған бастапқы симптомдардың күшеюі фонында шайнау кезінде бұлшықеттегі ауыру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, қан қысымының жоғарылауы байқалады. Субъективті түрде науқас бүкіл денесінде күшейіп келе жатқан сырқыраған ауру сезімін, әсіресе буын, бел және іштің төменгі аймақтарында сезінеді.

Бұл симптомдар наркотик қабылдауды тоқтатқан соң 3 – 4 тәуіліктен кейін ең жоғарғы айқындылық дәрежесіне жетеді, өзін ауыр сезінеді, тәбеті жоғалады, құсу, профузды іш өтулер байқалады. 4 – 5-ші тәулікте айтылған белгілер ақырындап қайта бастайды, бірақ келесі 1 – 2 айлар ішінде буындарда ауыру сезімі және ұйқысыздық кезеңмен пайда болуы мүмкін.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 426 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

643 - | 583 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.