Лекции.Орг


Поиск:




Этиологиясы және патогенезі. Алкогольді делирийдің этиологиясы мен патогенезі қазіргі уақытта жеткілікті зерттелген болып есептелмейді.




Алкогольді делирийдің этиологиясы мен патогенезі қазіргі уақытта жеткілікті зерттелген болып есептелмейді.

Алкогольді делирий патогенезінде алкоголь әсерінен бұзылған зат алмасу процесі өнімдерімен организмнің улануы басты фактор болып есептеледі. Бұл улану бас миы құрылымының органикалық бұзылыстарын туғызуы мүмкін, егер оған әртүрлі экзогенді факторлар қосылса (жарақат, инфекция) алкогольді делирий дамиды.

Алкогольді делирийді алкоголизм кульминациясы деп есептейді және ол бауырдың дезинтоксикациялық функциясының ұзылуының нәтижесінде пайда болады. Алкогольді делирий кезінде бауырдың дезинтоксикациялық, ақуыздық, майлық және пигменттік функцияларының бұзылыстары бақыланған.

Бауыр қызметінің дөрекі бұзылыстары нәтижесінде және осыған байланысты алкогольдегидрогеназа (ағзадағы алкогольді тотықтырушы) ферментінің белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде алмасудың толық тотықпаған өнімдері, ең бастысы ацетальдегид пайда болады. Зат алмасу бұзылысы және бауырдың барьерлік қызметінің бұзылысы, авитаминоз фонында ацетальдегидтің ағзада жиналуы жедел алкогольді психоз тудырады.

Алкогольді делирий кезіндегі бас миының патоморфологиялық өзгерістерін тамыр өткізігіштігінің жоғарылауы немесе тамыр қабырғасының некрозы және нейрондардағы екінші реттік дистрофиялық және некроздық өзгерістері түріндегі қантамырлардың жедел диффузды өзгерісінің қосылуымен созылмалы энцефалопатия ретінде сипаттауға болады.

 

Дефференциальды диагностикасы

Алкогольді делирийді жедел алкогольді галлюциноздан, инфекциялық, интоксикациялық аурулардан, жедел жарақаттық психоздан және жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің асқынуы кезіндегі психоздан ажырата білу қажет.

Алкогольді делирий жағдайын жедел алкогольді галлюциноздан ажырататын негізгі критерий сананың делириозды күнгірттенуі болып табылады (орын және уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы, сахна тәрізді көру галлюцинацияларының ағыны), ал алкогольді галлюциноз кезінде сана анық, массивті вербальды галлюциноз болады, делирийге тән соматоневрологиялық және вегетативтік компоненттер болмайды.

Алкогольді делирий мен инфекциялық және алкогольдік емес уланулар кезіндегі делириозды синдром арасында дифференциальды диагноз алкогольді делирий кезінде инфекциялық аурудың немесе уланудың клиникалық белгілері, серологиялық реакциялар және қанның сәйкес лейкоцитарлық формуласының, температуралық қисықтың, ағзада улану тудырған заттардың анықталмауына сүйеніп қойылады.

Жедел жарақаттық психоздар делириозды тип бойынша сана күңгірттенуімен көрінуі мүмкін. Дифференциальды диагностиканы алкогольды интоксикация кезінде алынған жарақат жағдайы қиындатуы мүмкін.

Жарақаттық делирийге вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар тән, ағымы созылмалы болуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың санасы есеңгіреу белгілерін алады. Бұл кезде галлюцинаторлы бұзылыстар бұлыңғырланады.

 

Емі

Алкогольді демирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалық көрінісінің ауырлығына, оның асқынуына, аурудың соматикалық жағдайына байланысты қатаң индивидуальді түрде емдеу қажет.

Алкогольді демирий терапиясы дезинтоксикациялық, витаминді терапия (В тобының витаминдері), сонымен қатар, психозға қарсы препараттарды қолданудан тұрады.

Улануды дезинтоксикациялық ерітінділер енгізу арқылы жояды. Тиол препраттары кеңінен қолданылады, олардың дезинтоксикациялық қасиеттері құрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 10кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.

Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және изотониялық (9% ΝаСL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу көрсетілген.

Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы бал қосылған сүт).

Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты - қозуды жою және ұзақ ұйқы шақыру (16-18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транквилизаторлар (5% 4-5мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар бұлшық етке димедрол, пипольфен (0,05г-нан) егеді.

Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан сайын тереңдете түсуі мүмкін.

Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты жүрек қызметін қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық қысымның төмендеуінің алдын-алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).

Алкогольді галлюциноз

Алкогольды галлюциноз – алкоголизммен науқастарда дамитын, клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық көрсететін психоз; бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.

Осы психозды зерттеп бастағаннан алғашқы он жылдықта бұл психоз жеке форма түрінде сирек кездесетін ауру ретінде қарастырылды. Соңғы уақыт мәліметтері бойынша жедел алкогольді психоздар ішінде алкогольді галлюциноз бен алкогольді параноидтың кездесу жиілігінің салыстырмалы түрде өскендігі бақылануда.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 630 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1011 - | 833 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.