ЖАНҰЯ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІР ПСИХОГИГИЕНАСЫ
Лекции.Орг

Поиск:


ЖАНҰЯ ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ӨМІР ПСИХОГИГИЕНАСЫ




Жанұя адамның шығармашылық мүмкіндігін ашады және қоғамға пайдалы іс-әрекетін күшейтеді немесе оның инициативасын тойтарып, моральды түрде қажытуы мүмкін. Неке бақытты болу үшін рухани және физикалық жақындық гормониялы бірлікте болуы керек. Социалистік қоғамдық және мемлекеттік құрылым жанұяның мығым және бақытты болуы үшін қолайлы жағдай жасайды. Кейбір некеге отырғандар айырылып кетуінің себебі олардың некеге дайын еместігінен болады. Айырылудың негізгі себебі түсініспеушілік, үй шаруашылығын жүргізе алмау, бос уақытты дұрыс ұйымдастырмау және жұбайлардың бірінің маскүнемдігі, жыныс қатынасынан білім жетіспеушілігінен қанағаттану сезімінің болмауы, жанұяда және жыныстық қатынаста тең құқылы болмау және т.б. болып табылады. Жанұядағы кикілжіңдер әсерінен жұбайлардың өздері ғана емес, балалары да зардап шегеді. Соның әсерінен балаларында невроз дамуы мүмкін.

Адамның денсаулығы мен әлеуметтік функция атқаруы үшін жанұядағы жайлы психологиялық климаттың маңыздылығы, ажырасудың жиілеуі мен жанұялық-жыныстық дисгармония салдарынан психикалық жарақат нәтижесіндегі невроздармен және реактивті психоздармен зардап шегетіндер санының артуы, осындай жағдайларда ғылыми негізделген медициналық ұсыныстар берудің қажеттілігі жанұя және жыныстық өмір мәселелеріне аса көңіл аударуға негіз болды.

Соңғы уақыттарда жанұялық және жыныстық қарым-қатынастарды моделдеуге, болжау және коррекциялауға талпыныстар жасалды. 5 некелік фактор арақатынасымен таныстырылған жұбайлар арасындағы әрқилы қарым-қатынастар концепциясы құрылды, олар: физикалық фактор /ФФ/, материальдық фактор /МФ/, мәдени фактор /МФ/, жыныстық фактор /ЖФ/, психологиялық фактор /ПФ/.

Нақты формула арқылы неке потенциалын анықтаймыз. Егер неке факторлары жанұяны нығайтуға басым бағытталса, онда некелік потенциал оң көлеммен көрініс береді, кері жағдайда теріс болады. Теріс неке потенциалында жанұялық байланыс және жыныстық қатынас бұзылады. Жанұялық қарым – қатынастың гармониялы дамуы үшін жетілген тұлға, ересек пікір және эмоциональды қатынас қажет.

Гормониялы қалыптасқан жанұя уақыт өте келе берік отбасына айналады, ал дисгормониялы жанұя емдік көмексіз ажырайды. Ажырасуға әйел және ер адамның табиғи, биологиялық детерминирленген жыныстық сәйкес келмеушілігі әкелуі мүмкін. Ер адамның сексуальдылығы қалыпта 30 жас шамасында тұрақталады, ал кешірек төмендейді. Әйелдердің сексуальдылығы бала тууға қабілетті жаста үздіксіз көтеріледі, ал кейде оның соңына қарай қозады. Эмоциональды тұрақсыз адамдарда осы тәрізді конфликтті жағдайлар оның психикалық жағдайына патогенді әсер етеді.

Осы сұрақтарды арнайы талдау нәтижесінде неке, некеге отыру және жанұялық қарым-қатынасты дамыту өте күрделі процесс екені анықталды. Осы процесстер – эпизодты түрде, кейде дисгамма жағдайында жүйелі түрде компетентті мамандармен бірлесіп /сексопотологтармен, психологпен, психиатрмен, социологтармен/, жұбайлардың жанұялық проблемаларын түсіну дәрежесіне қарай басқарылып отыруы қажет.

Жанұялық қақтығыстарды болдырмау үшін некеге алдын ала түпкілікті дайындық қажет. Мұның қатарына жүкті әйелдің денсаулығын қорғау, жүктілік кезіндегі патологиямен күрес, балалардың психофизиологиялық дұрыс дамуын және тәрбиесін қамтамасыз ету, некеге тұрушыларды аранйы дайындау жатады. Физикалық жарақаттар, уланулар, жүкті әйелдің соматикалық және инфекциялық аурулары әсерінен ұрық мүшелерінің үйлесімділігі мен дамуы бұзылады, соның әсерінен сексуальды патология және репродуктивті қызмет бұзылысы бақылануы мүмкін. Болашақ адамның денсаулығы жүктіліктің барысына байланысты. Туыт жарақаттары әсерінен мидың органикалық зақымдануы, инфантилизм, психопатизация, эндокринопатия болуы мүмкін, осылардың барлығы некенің толыққанды дұрыс дамуына кері әсер етеді.

Балаларды тәрбиелеу оның жыныстық рөлін ескере отырып жүргізілуі керек: ұл балаларда еріктік қасиеттерді жоғарылату; ер адамға тән күш-жігер, батылдық, ал қыз балаларда әйелге тән нәзіктік. Кері жағдайда психосексуалді даму бұзылыстары орын алуы мүмкін.

Некеге тұруға дайындық ең алдымен міндетті түрде медициналық куәландыруды қажет етеді. Ол жүргізілмеген жағдайда, неке тіркелгеннен кейін интимді жақындықты және ұрпақ жалғастыруды мүмкін емес ететін анатомиялық, физиологиялық туа пайда болған немесе жүре пайда болған ақаулар мен аномалиялар, әр түрлі соматикалық және психикалық аурулар анықталуы мүмкін. Неке құрушыларға сексологтың, гинекологтың және урологтың кеңесін тыңдағандары дұрыс. Болашақ жұбайлардың неке мен жанұяға байланысты мәселелер бойынша қандай-да бір минимальды сауаты болуы керек: қоғамдағы жанұя рөлін, жыныстық өмір мен қатынастың гигиенасы жөнінде, балалар күтімі мен тәрбиесі жөнінде, жанұяда жайлы климат құру, үй шаруашылығын жүргізу жөнінде және т.б. Біздің елде жанұя мен некеге байланысты сұрақтар бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар ғылыми – зерттеу және емдеу мекемелерімен жасалады.

Невроздар мен психопатиялар кезінде психотерапияны кең қолдану және оның психопрофилатикаға және адамның әлеуметтік реадаптациясына бағытталуы нәтижесінде жанұялық психотерапия ұғымы пайда болды. Психотерапияның негізгі мақсаты – жанұядағы бұзылған қарым-қатынасты коррекциялау. Жанұя ішілік қарым-қатынас бұзылысы патологияның бір түрі ретінде қарастырылады, ең алдымен дұрыс квалификациялануы керек. Жанұялық жыныстық дисгормонияны анықтау үш деңгейде іске асырылады: бейнелік, генетикалық және динамикалық. Бейнелік деңгейде жанұялық патология симптомдары анықталады (жыныстық сәйкессіздік, ұрыс-керіс, алкоголизм, невротикалық бұзылыстар, психосоматикалық бұзылыстар). Генетикалық деңгейде жұбайлық қарым-қатынас эволюциясы қаралады, некенің бұзылуының себебі анықталады (ерте неке, кездейсоқтығы, некені өткен өмірінің конфликттерін ұмытуда қолдану). Динамикалық деңгейде ең негізгі конфликт анықталады, оларды шешу тәсілдері анықталады, өзара бірін-бірі толықтыруға, жаңа жанұялық рөлдерге бейімделуге қабілеттілік және қабілетсіздік анықталады.

Тексеру үрдісінде жанұяның әр мүшесінің тұлға болып қалыптасу жағдайлары зерттеледі және жанұядағы келіспеушілік себептері толығынан ашылады, тәрбиелеу жұмысы, медико-педогогикалық коррекция жүргізіледі. Қажет болса басқа да мамандар қатыстырылады, соматикалық, эндокринді, сексуальды бұзылыстарды емдеу шаралары, психофармакологиялық және психикалық бұзылыстардың қажетті емі жүргізіледі.

Қоғамның даму қарқынына қарай жанұялық қарым-қатынастар, жанұя дәстүрі мен ұстанымдары, жанұя ішілік байланыс түрі өзгереді. Қоғамда, өндірісте әйелдердің рөлі айқын өзгерді. Әйелдер эмансипациясы оларды тең құқылы, тәуелсіз, белсенді және интеллектуальды етті. Бұл әйелдің жанұядағы рөліне әсерін тигізді, жанұялық және жыныстық қарым-қатынастағы жұбайына деген талаптың өсуіне алып келеді.

 





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 472 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:


© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.