Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып 3.Педагогикалық құзыреттілік.




Мақсаты: педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру

Жоспар:

1.Құзіреттілік ұғымына түсінік.

2.Кәсіби педагогикалык құзыреттілік.

3.Мамандардың кәсіби құзіреттілігі түрлері.

Кәсіби педагогикалық құзіреттілік. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігінде өзара ынтымақтастықта болу, өзара озық тәжірибемен бөлісуді талап етеді. XXI ғасырдағы білім беру мәселелері бойынша халықаралык комиссияда «Образование: сокрытое сокровище (Білім беру: ашылмаған асыл қазына)» (1996 ж) тақырыбында жасаған баяндамасында Жак Делор білім беруге негіз болатын адамның жалпы негізгі құзіреттіліктері ретінде төрт тұғырнаманы атап өтеді: танып білуге үйрену, істеуге үйрену, бірігіп өмір сүруге үйрену, өмір сүруге үіірену. Осы түғырнамалардың бір қарағанда қарапайым болғанымен олардың мазмұнына білім беру және «құзірет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып оларға мынандай анықтамалар береді.

Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті.

Құзіреттілік - оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.

Ш.Т.Таубаева жоғарғы кәсіби білім берудің. мемлекеттік стадарттардың құзіреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында құзіреттілік ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап көрсетеді:

1. Өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілетті (даярлығы) мен ынталылығы (мотивациялық аспект);

2. Табысты шығармашыльқ іс-әрекет үшін практика жүзінде байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті (когнитивтік аспект);

3. Өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы (құндылық аспект).

Сонымен, осы түсініктемелердің негізінде Ш.Т.Таубаева құзіреттілік деп әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.

Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін анықтауда көптеген зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен байланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекет негізінде құзіреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. Петровская коммуникативтік құзіреттілік мәселесіне, М.В.Прохорова басқарушылық құзіреттілікке көп көңіл аударады.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап А.КМаркованың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі арнайы жан-жақты зерттеу пәніне айналған. Ол мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің құрамында төмендегідей 4 бөлікті ажыратып қарастырады:

а) кәсіби педагогикалық және психологиялық білімдері;

э) кәсіби-педагогикалық іскерліктері;

б) мамандығы қажет ететін мұғалімнің кәсіби психологиялық позициясы, ұстанымдары;

в) мұғалімнің кәсіби білім мен біліктерді меңгеруін қамтамасыз ететін тұлғалық ерекшеліктері.

Осы кезде Л.М.Митина өз зерттеулерінде «педагогикалқк құзіреттілік» ұғымының «білім, білік, дагдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста,тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін» қамтитынын ашып көрсетеді.

Кәсіби құзіретілік мәселесі халықаралық денгейде Еуропалық кеңес форумдарында және ЮНЕСКО материалдарында жиі талқыланады. ЮНЕСКО құжаттарында құзыреттер (компетенции) білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылып олардың негізгі түрлері айқындалған.

В.А.Сластениннің, М.И.Мищенконың пікірлерінше педагогтың кәсіби құзіреттілігі - іс-әрекетті атқарудағы теориялық және практикалық даярлъқтарының бірлігі.

Н.Д.Хмель педагогтың кәсіби құзіреттілігін окушылардың іс-әрекеттеріне бағытталған, олардың тұлғаларын ынталандыратын, шығармашылық қабілеттерін және олардың өзін-өздері іске асыруга даярльқтарын қалыптастыратын мұғалімнің басқарушыльқ іс-әрекеті деп түсіндіре отырып оның мынандай элементтерін ажыратып қарастырады:

- оқытатын пән материалын еркін меңгеру, және оның мазмүнын аудитория ерекшеліктеріне бейімделе отырып толық жеткізе алу;

- оқушыларда білім, білік, дағдыларды меңгеру жолдарын қалыптастыру үшін оқыту әдістерін пайдаланудағы әдістемелік құзіреттілік;

- оқыту процесін және оқушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру саласындағы психологиялық-педагогикалык құзіреттілік;

- оқушыларды танымдық іс-әрекетке ынталандыру, қабілеттіліктері мен тұлғалық бағыттылықтарын

- қалыптастыру барысында іске асатын дифференциалдық-психологиялық құзіреттілік;

- педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексия немесе аутопсихологиялық құзіреттілік.

М.Х. Балтабаевтың пікірінше кәсіби құзіреттілік – маманның нақты бір кәсіби іс-әрекетке даярлығының және қабілеттерінің көрсеткіштер жиынтығы.

Кәсіби құзіреттілік маманның тұлғалык және іскерлік қасиеттерінің итегралдық сипаттамасы. Бұл қасиеттер маманның кәсіби іс-әрекетінің мақсаттарына қол жеткізуге қажетті білім, іскерлік, тәжірибелер деңгейімен қатар оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымының көрсеткіштері. Кәсіби құзіреттілігіне байланысты маман кәсіби іс-әрекет мақсаттарына, талаптарына сай өзіндік шешім.қабылдай.алуын, күрделі мәселелер жағдайында тиімді жол таба алу іскерлігін, және іс-әрекет нәтижесін бағалауға даярлығын көрсете алады.

Салыстырмалы түрде талданған тағы басқа анықтамалар негізінде кәсіби құзіреттіліктің екі тұрғыдан қарастырылуын аңғарамыз:

- біріншіден, көптеген зерттеушілер кәсіби құзіреттілікті
мамандардың даярлық деңгейлерімен байланыстырады;

- екіншіден, ғалымдар кәсіби құзіреттілікті маманның түлгалық
қасиеттерімен
байланыстырьп зерттейді.

Құзіреттілік тұрғыдан оқыту барысында басты назар білім беру нәтижесіне, оның тұрақтылығына, оның өлшемдеріне аударылады. Бұл бағытта студенттердің дербестігі, өз беттерінше жұмыс істей алулары ескеріледі. Егер дәстүрлі оқытуда тек студенттер үлгерімінің пайыздық көрсеткіштері маңызды болса, құзіреттілік тұрғысынан оқытуда олардың жетістіктері, мүмкіншіліктер деңгейі, маман тулғасыньң қалыптасуы, олардың әлеуметтенуі, іскерліктері жоғары орынға ие болады.

Көптеген ғалымдардың пікірінше мамандардың кәсіби құзіреттілігі мынандай түрлерге бөлінеді:

- практикалық (арнайы) құзіреттілік;

- әлеуметтік құзіреттілік;

- психологиялық құзіреттілік,

- ақпараттық құзіреттілік;

- коммуникативтік құзіреттілік,

- экологиялық құзіреттілік;

- валеологиялык құзіреттілік.

Мұғалім жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі жоғары болуы үшін педагог мамаңдығына тән іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің құрылымы

оның негізгі іскеліктері арқылы қарастырылады.

Педагогтың танымдық (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интеллектуалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, елес, ес, т.б. психикальқ қасиеттердің бірлікте дамуы қажет.

Мысалы адамның байкағыштығы, өзін-өзі бакылауы, кез келген жағдайда жол таба білуі, ойлау процесінің дамуы үшін талдау жасау, салыстыру, сэйкестігін ажырату, нақтылай білу, жинақтау, корытынды жасау сияқты дағдылардың болуы қажет. Бұл сапалар адамның үнемі жаттығу, өзін-өзі тэрбиелеу оқу, білім алу еңбек ету процестері барысында түтас қалыптасады.

Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композицияльқ материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интеллектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру, болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен ұштасып жататын қасиет.

Педагогтың қарым-қатынас (коммуникативтік) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адам басқа адамды түсіне білуі, тани білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды да түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп оң шешім таба білу маңызды. Осылардың нәтижесінде мұғалімде қарым-қатынас жасауға бейімділігі және ептілігі бар, адамдармен оңай тіл табыса алатын, басқалармен тез араласа алатын жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады.

Педагогтың хабарлау (информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік больш бөлінеді және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі қарым-қатынас хабарлау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауысты үйлестіре білуі, көніл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін және дауыс үнін, бет қимылдар ерекшеліктерін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие процесінің непзгі міндеттерін тиімді шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңдай алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды қаситеттер. Жас мамандарға бұндай қаситеттерді қалыптастыру үшін арнайы жаттығу қажет.

Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінен ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмысты анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ыкпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс-әрекеттерінен құралады.

Педагогтың зерттеушілік іскерлігі Зерттеушілік іскерлік мүғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуьн, жоспарлауды, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға теориялық, практикалық талдау жасай алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды.

Педагогтың проективтік іскерлігі - оқыту және тәрбие процестерінің перспективалық міндеттерін түсіне отырып оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту жэне тәрбиелеу процесінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып есептеледі.

Педагогтың рефлексивтік іскерлігі «Рефлексия» деген сөз адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық жағдайларын талдап, ой елегінен өткізу деген мағынаны білдіреді. Педагогтың өз іс-әрекеттерін бақылап бағалауы, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдауы, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсінуі.

Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысып келеді. Педагогикалық кәсіптің шебері болу үшін болашақ мұғалімдер осы аталған іскерліктерді өз бойларында дамытуға барлық күш-жігерлерін жұмылдырып, бәсекелестікке қабілетті, құзыреттіліктері жоғары ұстаз болып шығуға талпынулары қажет. Сондай жағдайда ғана бұл іс-әрекет табысты нәтижеге жеткізеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3328 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

578 - | 561 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.