Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дауысты дыбыстардың топтастырылуы. 3 страница




Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.

Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.

Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.

 

Дәріс

 

Тақырыбы: Сөзжасам – тіл білімінің дербес саласы.

Жоспары: 1. Сөзжасам – дербес сала.

2. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы.

3. Сөзжасам тәсілдері.

 

Тірек сөздер: сөзжасам, тілдің сөзжасам жүйесі, сөзжасам тәсілдері, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, негізгі морфема, көмекші морфема.

Сөзжасамды тіл білімнің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт өтті. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған В.В.Виноградов болып саналады. В.В.Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан «Русская грамматика» кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті. 1980 жылы шыққан «Русская грамматикада» сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдеді.

Сөзжасамды тіл білімнің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеулерінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткенлингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болады. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген.

Ғылымдағы бұл бет бұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф.А.Ганиев өзінің сөзжасам мәселесіне арналған докторлық диссертациясында «Сөзжасам татар тіл білімінің бір саласы» деген тақырып бөліп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген.

Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары Академияның тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зерттеудің нәтижесі 1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа түрден зерттеудің нәтижесі болды, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді.

1988 жылы сан есімнің сөзжасамы туралы Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» монографиясы шыққан болатын.

1989 жылғы «Монографияны» Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М.Балақаев, А.Қалыбаева, Қ.Есенова, Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов. С.Нұрқатов.

Монография екі үлкен бөлімнен тұрады:1) сөзжасамның жалпы мәселелер, 2) сөз таптарының сөзжасамы.

Сонымен 1989 жылғы «Монография» сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп дәлелдеумен бірге сөзжасамның тың мәселелерін көтеріп, оларды жаңа бағытта зерттеуге жол ашты, сөзжасамның бұрын ешқашан зерттелмеген жалпы теориялық ұғымдардан мағлұматтар беріп, оларды, олардың терминдерін ғылыми айналымға қосып, сөзжасамның теориясының негізін қалады, сөз таптарының сөзжасамын толықтырып, оны жаңаша зерттеудің жолын көрсетті, әлі де ашылмаған, зерттеуді қажет ететін мәселелерге нұсқау жасады, бағытын анықтады.

Сөзжасам тіл білімінің барлық саласымен байланысты, әсіресе, морфология, синтаксис, лексикология, фонетикамен де байланысты.

Сөзжасам да, морфология да сөз құрамын зерттейді. Екеуінде де сөздің құрамы негізгі морфема мен көмекші морфемадан тұрады. Айырмашылық көмекші морфеманың мағынасы мен қызметіне қатысты. Сөзжасамдық морфема яғни жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жаңа мағына береді, не сөз мағынасына өзгеріс қосады. Мысалы, етік+ші>етікші (мамандық), тау+лы>таулы(белгі) т.б. Мұнда етік, етікші, тау, таулы дегендердің әрқайсысы жеке лексемалар, сөздер. Ал кітап+қа, кітап+ты, кітап+та, кітап+тар дегендердің бәрі кітап деген бір сөздің сөйлемде қолданылатын түрлі тұлғалары.

Сөзжасам мен синтаксистің байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздері өзінің шығу тегі жағынан сөз тіркестеріне барып тіркелетіні жалпы тіл білімінде әбден танылған, даусыз мәселе деп саналады.

Сөз тіркесі сөзжасамдағы күрделі сөзде өз ісін қалдырып отырған. Күрделі сөздердің құрылысында, сыңарларының бір-бірімен байланысуында сөз тіркесінің ізі анық көрінеді. Бұл олардың ұқсастығын туғызып, оларды ажыратуда қиындық келтіреді. Өйткені көп жағдайда олардың жасалу үлгілері ұқсас. Бұл күрделі сөздердің түп негізі сөз тіркесі екеніне байланысты.

Тілде жаңа сөздің жасалуының тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бере қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдер мыналар:

1) синтетикалық тәсіл,

2) аналитикалық тәсіл,

3) лексика-семантикалық тәсіл.

Сөзжасамның синтетикалалық тәсілі. Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдер, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз. 2) сөзжасамдық жұрнақ.

Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады.

Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты.

Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік – сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқалы жасалады. Сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:

1) Лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,

2) Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар

Сөзжасамның анатикалық тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады.

Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.

Қазақ тілінде аналитикалық тәсілі жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар:

1. сөзқосым

2. қосарлау

3. тіркестіру

4. қысқарту

Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрлі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.

Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, құн, нарық, теңеу, қозғалыс, көбейту.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар.

Сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам үрдісінің нәтижесіне жатады. Сондықтан сөзжасам ілімінің туынды сөздер зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.

Дәріс

 

Тақырыбы: Сөз таптары. Сөздерді таптастыру принциптері.

Жоспары: 1. Сөздерді таптастыруда басшылыққа алынатын мәселелер

2. Атауыш сөздер

3. Көмекші және одағай сөздердің сипаты

 

Тірек сөздер: сөз табы, грамматика, сөз құрамы, грамматикалық мағына, номинатив сөздер, грамматикалық категориялар

 

Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау ірі тілдік құрылмның, ірі сөздік құрылымның теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Мысалы, бастауыш, орта, жоғарғы мектептерде тілді оқытудың негізгі түйіндері, сайып келгенде, сөз таптарына, солардың айналасына шоқталады. Сондай-ақ тілді грамматикалық құрылысына байланысты көптеген мәселелерді алсақ, оларды сөз таптарымен байланыстырмай зерттеу де, шешу де мүмкін емес. Солай болса, сөз таптары жайындағы мәселелер тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық құрылымының әрі кіндік қазығы, әрі негізгі арқауы сияқты мәселелер. Шынында, тереңірек үңілсек, сөз табы грамматиканың көптеген түйіндерін шешетін арқау ғана емес, оны лексикамен байланыстыратын негізгі баспалдақ сияқты. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді. Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматикалық сипаттамалар беру, алды-алдына талдау грамматиканың негізгі өзергі, ең түйінді, ең басты мәселесі.

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай ең алдымен үлкен үш топқа бөлінеді:

АТАУШЫ СӨЗДЕР. Атаушы сөздер өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, коммуникацияға негіз болып, контекстен тыс та, контексте де қажетіне қарай қолданыла береді; олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбе де жұмсалып, өз алдына мүше бола алады; ол сөздерден қалыптасқан белгілі тәсілдер бойынша жаңа сөздер тудыруға да болады. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз - өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай үстерін әрқилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қатынасқа түсе алатын дербес сөздер.

КӨМЕКШІ СӨЗДЕР. Көмекші сөздер мағыналық дербестігі болмайтындықтан, тек контексте атаушы сөздермен елбесіп қана жұмсалады да, өз алдына дербес өз ретінде қолданылмайды. Осыған сәйкес, олар сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды. Ол атауыш сөз арқылы жасалған сөйлемнің құрамына енеді, сол мүшелерді өзара жалғастыруға дәнекер болады. Сонымен, көмекші сөздер дегеніміз - өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болуы себебінен көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп, әрқилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.

Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арды, беті, шеті,сырты, үсті, маңы, төбесі, басы т.б. Бірақ сан жағынан аз болғанымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі кең, атқаратын қызметтері аса зор. Ал бұл сөздердің қолданылу өрісінің кең болуы да, атқаратын қызметтерімен байланысты.

Көмекші есімдер кәдімгі зат есімдерше қолданылады, ондайда көмекші есімдердің негізгі зат есімдерден ешқандай айырмашылығы болмайды. Демек, ондай жағдайда бұл сөздердің бойында зат есімдерге тән семантикалық дербестік те, морфологиялық жағынан дәл сол зат есімдердей түрлену қабілеті де толық сақталады. Мысалы: Сыртын көріп, ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, пікірі алда. Сыртынан аяз, іштен жалын шарпиды. Менің іштегі суды сыртқа төгумен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ болып кетті. Бұл мысалдардағы сыртқы, сырттағы, іштегі деген жұрнақ қосылған формалар да, алда, артта деген септіктегі формалар да, сыртын деген табыс септік форма да, іштен, ішінен сияқты шығыс септіктегі формалар да өздерінің лексикалық дербестігін де, түрлену ерекшелігін де, сөйлемде жеке-дара мүше болып қызмет атқару қабілеттерін де өз бойларында толық сақтап тұрған зат есімдер.

Дәл осы зат есімдер көмекші есімдер есебінде, демек, семантикалық солғындаған дәнекер сөздер есебінде жұмсалғанда, лексикалық мағыналары солғындаумен байланысты, синтаксиситік дербестіктерінен айырылады да, тек морфологиялық жағынан түрлену қасиеттерін ғана өз бойларында сақтайды. Мысалы: Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп кеттіп, шатасты да жүрді. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында... Абай сөздерін бұларға оқытып отырып тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі-жас бар. Осы мысалдағы даудың ішіне, Тобықты іші, Тобықты ішінде, ой артынан, құдық басында, ауыл сыртында, от басында деген тіркестердің бәріне де іш, арт сөздері лексикалық мағыналары толық сақталған зат есімдер есебінде емес, ақиқат мағыналары солғындаған көмекші есімдер ретінде қолданылған. Осыған сәйкес, бұл сөздердің бәрі де сол сойлемдерде жеке-дара мүше емес, өздерінен бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшелердің құрамына енетін көмекші компоненттер есебінде қызмет етіп тұрады да, олардың әрқайсысы семантика жағынан сол негізгі сөздердің мағыналарына өзінше әр қилы қосымша мағыналар үстеп тұр.

Көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын, мекен жайларына байланысты, демек, белгілі бір заттың, не нәрсенің, заттық құбылыстың, не уақыттың, не уақиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны я қасы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсіз. Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғындағанымен де, шылау сөздердегідей я бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, керісінше, не жартылай, не бүтіндей олардың бойларында сақталып отырады. Мысалы, үшін, дейін септеуліктерін, ғой, ма демеуліктерін алсақ, олардың мағыналары тиісті атаушы сөздерге тіркеспей, жеке-дара тұрғанда, тіпті аңғарылмайды. Сол әрең білінетін мағыналық нышанның өзі де тым күңгірт. Ал, үсті, іші, сырты, арасы сияқты көмекші есімдерді алсақ, олар тиісті сөздерге тіркеспей-ақ, жеке-дара тұрып та, беогілі бір көлемдік қатынастармен байланысты ұғымдарды білдіре алады.

Көмекші есімдерді шылау сөздермен морфологиялық сипаттары жағынан да бір қатарға қоюға болмайды. Өйткені шылау сөздер- морфологиялық жағынан белгілі бір формаларда қалыптасып орныққан көмекші сөздер болса, көмекші есімдер өздерінің төркіндеріне тән формалардың бәрін де бойларына сақтайды.

Көмекші есімдердің синтаксистік қызметі мен морфолгиялық формаларында айырмашылық болмайтындықтан, оларды тек семантикалық жағынан ғана жіктеуге болады. Көмекші есімдер бір-бірімен синонимдес және антонимдес болып келеді. Мысалы: үсті және басы, арты және сырты, басы және қасы, жаны және жағы, түбі және аяғы сияқты көмекші есімдер- өз ара мағыналас. Ал, алды және арты, асты және үсті, іші және сырты, беті және түбі сияқты көмекші есімдер- өзара антонимдес. Көмекші есімдердің осы сипаттарын олардың қосарланып қолданылу ерекшеліктерінен айқын көруге болады. Мысалы: Сенің әкең өзі де басы-қасында.

ОДАҒАЙ СӨЗДЕР. Одағай сөздер деп ешқандай да ақиқат ұғымдарды білідрмейтін, тек адамның әралуан көңіл-күйі мен әрқилы сезім райларын білідру үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу табиғатының ерекшелігіне қарай өзге сөздермен ешқандай грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді. Сол себептен одағайлар белгілі бір сөйлемдермен қабаттасып, жарыспа сөйлемдер ретінде жұмсалады, бірақ сөйлем мүшесі бола алмайды.

 

 

Дәріс

 

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі сөз таптарының лексика-грамматикалық сипаты (зат есім, сын есім, сан есім).

Жоспары: 1. Зат есім, оған тән белгілер

2. Сын есімнің лексика-грамматикалық ерекшеліктері

3. Сан есім және оның мағыналық топтары

 

Тірек сөздер: грамматикалық категория, дара және күрделі есімдер, жалқы және жалпы есім, шырай категориясы, сан есім.

Кең мағынадағы заттық ұғымды білдіретін сөз табын зат есім деп атайды. Заттық мағынаның барынша кең екендігін баса айту керек, өйткені мұндай ұғым әр алуан болып келеді. Айталық, нақтылы заттардың, нәрселердің (Балта, мылты, есік т.б.), хайуанаттар мен организмдердің (адам, балық, жылқы), обьективтік шындықты білдіретін құбылыстардың (күз, жаңбыр, кемпірқосақ), абстрактілік қасиеттер мен сапаның (батылдық, кемшілік, үлгірім), қимыл әрекет пен қалыптың (демалыс, ентігу) атаулары осы заттық мағынаны қамтиды.

Осындай қасиеттер зат есімді басқа сөз таптарынан айқын ерекшелейді. Мысалы, сын есім өзге сөздердің көмегімен сын-сипатты білдірсе, сол сын мен сапаның атауын зат есім басқа сөздердің жәрдемінсіз дербес білдіреді. Қуанышты сәт дегенде, алдыңғы сөздің сын болуы екінші сөздің арқасында, демек, сол сәттің қандай екені танылады. Ал қуаныш деген зат есім осы сапаның ешбір сөздің тіркесінсіз-ақ танытады. Сол сияқты, қимыл-әректті немесе қалыпты білдіргенде, етістік сол қимыл-әрекет иесінің болуын қажет етеді. Аман келді сөйлеміндегі келді сөзінің етістік болуы себебі Аманның қимыл-әректін көрсететіндіктен білу керек. Ал келу, бару, сөйлеу деген зат есімдер болса, ешбір қимыл-әрекет иесінің болуын қажетсінбейді.

Зат есімнің септік жалғаулары бойынша өзгеруі, жекелік, көптік категориясының болуы. Жалқы есім мен жалпы есім болып келуі, тәуелденуі оның морфологиялық белгілері болып келеді.

Зат есімнің синтаксистік қызметіне келетін болсақ, мұндай сөз табынан жасалып тұрған сөздер сөйлем ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола береді. Алайда зат есім сөздер көбіне-көп бастауыш пен толықтауыш болуға бейім. Сондай-ақ зат есім сөздер сын есіммен, есімшемен, есімдікпен, сан есіммен тіркескенде, басыңқы сыңарда болып, анықтауыштық қызмет атқарады.

2. Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тіліндегі зат есімдердің мағыналық жағынан екі түрі бары есім және жалпы есім.

Жалпы есім деп бір тектес заттардың, құбылыстардың, қимыл әрекеттердің, қалыптың жалпы атауларын білдіретін зат есімнің түрін білдіреді: үй, найзағай, адамгершілік т.б.

Жалқы есім деп бір тектес заттардың, құбылыстардың, қимыл-әрекеттердің, адамдардың атауларын жеке-дара бөліп айту үшін қызмет атқаратын зат есімнің түрін атайды.

3. Қазақ тіліндегі зат есім сөздер жекеше және көпше түрлерде кездесіп отырады. Көпше түрінің белгісі- заттың екі не одан көп екендігін білдіруі. Бұл оның лексикалық мағынасы болса, морфологиялық белгісі ол сөздерге көптік жалғауларының жалғанғанғандығынан көрінеді.

Қазақ тіліндегі көптік жалғаулары әртүрлі варианттарымен –лар,-дар, -тар түрлерінде келеді. Бұл жалғаулардың сингормонизм заңдылығына сәйкес жалғанып отыратыны белгілі.

Көптік жалғауларының негізгі қызметі көптікті білдіру болғанымен, олардың стилистикалық қырын да байқау қиын емес. Демек, көптікті білдірумен қатар, көптік жалғау жалғанған сөздер оған қосымша мағыналарды да көрсетіп отырады. Олардың бастылары мыналар:

1. Сол тектес заттардың көптігін ғана емес, олардың бөлшектерінің, түрлерінің көптігінен де хабар береді: кітаптар, адамдар т.б.

2. Көптік жалғау жалғанған сөз енді бірде сол заттың жай ғана көптігін ғана емес, молшылығын, ерекше көп екендігін білдіруі де ықтимал: құмырсқалар, үгінділер, тамшылар. Әрине, мұның халық ұғымындағы түсінікке байланысты екені белгілі болар.

3. Көптік жалғау жалғанған сөз кейде сол сөздің мағынасын беріп тұрған заттың көптігін емес, соның айналасындағының, соның төңірегіндегілердің көптігін көрсетеді: ағамдар. Адырбайлар. Мұнда ағалардың көптігін емес, соның қасындағылардың көптігін ұғынамыз т.б.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1221 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2282 - | 2063 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.