Лекции.Орг


Поиск:




Технологиялық карта. Білім беру саласы: Шығармашылық.




Сәуір. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз».

Мақсаты: вокалды және аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру.Күйші композитор Н.Тілендиев туралы түсінік беру.Шығармалардың эмоциялық мазмұнын,әсерлі реңктерін ажыратуға баулу.Құстарды қорғап,қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстардың суреті,ойыншық құстар,құстар атрибуты.

Сөздік жұмыс: аққу,көкек,бұлбұл.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Марш әуенімен кіріп,шеңбер бойымен тұруды ұйымдастыра ды. Қолымызды жаяйық, Құстай қанат қағайық. Үнтаспада «Жануарлар әлемі» әуені ойналып,құстардың қанат қағуын көрсете жеңіл жүгіру ұсынады. Құстар туралы өлең оқылып,жұмбақ тар шешіледі. Көктемгі тоғайға серуенге шақырады. «Полька» ойналып, балалар тастан секіру,шалшық судан аттау,бөрене үстімен жүру қимылдарын көрсетеді. Үнтаспадан құстар дауысы естіліп,құстар дауысын ажыра тады. Музыка тыңдау: «Көкек» әнін орындап,қайталау сұралады. Маршпен шеңбер бойы мен жүреді,аяқтарын нық басады.     Құстардың қанатын көрсете,қолдарын екі жаққа созып,аяқ ұшымен жүгіреді. Жұмбақтар шешеді.   Балалар әуен ырғағымен секіру,аттау қимылдарын көрсетеді,бірге жасайды.     Дауыстарын ажыратып,аттарын атауға тырысады. Әнді тыңдап,көкек дыбысын бірге салады.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Дауыс жаттықтыру: «Бұлбұл» үйретіп,дұрыс тыныс алулары на көңіл бөлінеді. Ән үйрену: «Көктем» әнін орындап,мәтінін түсіндіріп, әуенін үйретеді.Орындау барысында ырғақтық ерекшіліктеріне тоқталу. Дыбыс ұзақтығын алақандары мен шапалақтау арқылы көрсету. Дидактикалық ойын: «Не қалай шақырады?» ұйымдасты рылады.Балаларға құстар атрибуттары кигізіледі.Ән маз мұнына қарай құстар әндетіп ұшады.Балалаға аққу суретін көрсетеді. Би: «Аққу» күйі.үнтаспада не месе домбырада ойналадыКүй ге байланысты қыздарға би қимылдары үйретіледі. Дауыс жаттығуын айтқанда,дұрыс тыныс алуын сақтайды. Әннің сипатын ажыратып,шапалақтап көрсетеді.   Үш топқа бөлініп,қызыға ойнайды.Ойын шартын сақтап,қызығушылықтары артады.   Аққу құсы туралы біліп, суретін көреді. Күйді тыңдап әсер алады. Би элементтерін нәзік,баяу көрсете,мәнер леп билеуге талпынады.    
Рекфлексиялық –түзетушілік Келіп көктем құстары, Бау бақшада ән салады. Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алады. -Қандай құстың дауысын ұнатасың? -Сенің аулаңда қандай құстар бар? -Құстарға қандай қамқорлық жасайсың? Алдын ала бірігіп жасаған ұяларды бақ ішіне, ауладағы ағаштарға бекіту ұйымдастырылады. Құстар туралы тақпақ, өлең,жаңылтпаш,жұмбақтар айтып,сайысқа түседі.     Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізу,күйші композитор туралы түсінік алу.Ән мәнінін түсініп,таза айту,мазмұнын әңгімелеуді.

Меңгереді: әннің музыкасын әндете айтуды,дұрыс тыныс алуды,құстардың дауысын ажырата алуды.

Игереді: құстар туралы біліп,мағлұмат алады.Көктем әнін үйреніп,мазмұнын түсінеді.Аққу би элементтерін игереді.

Технологиялық карта.

Сәуір. Тобы: ересек

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Бақшадағы ән сауық».

Мақсаты: музыкаға қызығушылығын ояту,музыкалық шығармашылыққа қабілеттерін ұштауға баулу.Би қимылдарына,ойын әрекеттеріне қатысу белсендігін арттыру..

Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар,ойыншықтар,ойын карточкалары.

Сөздік жұмыс: қуыршақ мұңы,жас дәуір,түлек.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшінің іс -әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық «Біздің балабақша» әні ойналып, балаларды залда қарсы алады. «Тату достар» әуеніне өз беттерінше би қимылдарын ойлап тауып, жұптасып билеу ұсынылады -Балабақша туралы қандай тақпақ, өлең білесіңдер? -Балабақшада не үйренесіңдер?- деген сұрақтар қою арқылы бала бақша туралы әңгімелесу. Аяғы бар жүрмейді, Аузы бар күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не? Оыншық қуыршақтарды алып, «Ойыншықтармен би» қимылдарын үйретеді.Қуыршақтар ды бірге қозғап,қимлдарды бірқалыпты жасау. Музыка тыңдау: «Қуыршақ мұңы» әуенін тыңдау ұсынылады. «Қуыршақтар әуені» тыңдатып, екі әннің ерекшілігін сұрайды. Дауыс жаттығу: «Әлди,әлди» және «Ән шырқайық» орындалады. Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Ән үйрену: Жас дәуірдің түлегіміз. Қол ұстасып,өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.   Балабақша туралы тақпақ өлеңдер айтады.   Өз балабақшасы,достары туралы әңгімелейді.   Шешуі: Қуыршақ.   Қуыршақтарды ұстап,би қимылдарын бірге мәнерлеп орындайды.   Әуенді тыңдап,сезінеді, мағынасын түсінеді,әңгіме лейді.Ойнақы музыкаға қуыршақтарын билетеді.   Дауыс жаттығуына қуыршақтарын тербетеді. Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп,үйренеді.  
Ұйымдастырушылық -ізденістік Ойын: «Алтын қақпа».Ойынның сөздерін жатқа айтып,бірдей қимылдап,ойын шартының орын далуын қадағалайды. Би: «Аққу» биінің негізгі элемент терін үйретіп,мәнерлі орындауға дағдыландырады. Әуенді дидактикалық ойын: «Әуенді сағат» ойналады.Өткен әндерді орындап,ән мәтініне сәйкес бейнеленген суреттерді сағат тілімен көрсету. «Әуенді сағат» үлестірме карточкасын барлық балаға тарату. Ойынды қызыға ойнап, ұйымшылдықпен белсене араласады.Балалар тез, шап шаң қозғалады. «Құс қанаты», «құс тұмсық» би элементтерін үйренеді,мәнерлеп орындай ды. Үйренген әндерін еске түсі ріп,әуенді сағатта бейнелен ген мазмұнына сәйкес суретті тауып көрсету.
Рекфлексиялық –түзетушілік -Сендер барлық өнерді балабақша да үйренесіңдер. -Сендерге балабақша ұнай ма? -Сүйікті ойыншығың не? -Қандай өнер түрі ұнайды? Жатқа білер дос атын, Күнде бізді тосатын. Балабақша біздің үй, Басымызды қосатын. Оқу іс әректін қорытындылайды.   Балабақша,достары туралы тақпақ,өлеңдер,ән айтып сайысқа түседі.   Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп,өз ризашылық тарын білдіреді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әннің сипатын қабылдау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру,әуенге сай түрлі қимылдарды орындауды.

Меңгереді: өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды,әнді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды,тыңдап сезінуді,әңгімелеуді.

Игереді: музыка сипатына сай әртүрлі әуенді ажыратуды,салыстыруды,жаңа мәтіндік және музыкалық мағынасын түсінуді,би элементтерін..

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 913 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

789 - | 787 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.