ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен [1] министрліктің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің қайта аталуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен[2] комитет тура- лы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметгер көрсету жөніндегі функцияларды, арнайы атқарушылық және бақылау қадағалау функцияларын, техникалық реттеу жәнеметрология саласындағы қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің облыстарда және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік мекемелері — аумақтық бөлімшелері бар. Комитеттің негізгі міндеттері: өнімдердің, қызметтердің, процестердің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік пен жануарлар әлеміне қауіпсіздігін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өнімдердің, қызметтердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу; саудадағы техникалық тосқауылдарды жою; ҚР азаматтары мен экономикасының мүдделерін өлшемдердің шынайы емес нәтижелерінің салдарынан қорғау; іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемдердің шынайылығын қамтамасыз ету; аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу, еңбек шартының және адамдар тұрмысының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде өлшемдердің шынайы нәтижелерін қамтамасыз ету.
51. Техникалық реттеу саласындағы уакілетті органның құзыреті Мемлекеттік мекеме қызметінң мақсаты ауданның қоғамдық-саяси жағдайларына сараптама мен мониториг жургізу.
1. Қоғамдық – саяси және діни бірестіктер мен кәсіп одақ ұйымдары мен, саяси партияларының бірлесе іс-қимылдар жүргізу.
2. Қоғамдық байланыстар, аймақтық бұқаралық құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөу.
3. Аудан әкімінің ақпараттық – талдау жұмысымен қамтамасыз ету.
4. Аудандық бөлімдер мен мекемелердің, кент, ауылдық округтері әімдерінің ішкі саясат жөніндегі қызметін үйлестіреді.
5. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалу мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру.
6. Қазақстан 2030 стратегиясының жергілікті жерлерде жүргізілуін насихаттау іс-шаралары жұмыстарына кететін шығындары жайлы аудандық бюджет құруда ұсыныстар беру.
7. Ішкі саясат жүзеге асыру үшін нормативті-құқықты актілерді дайындау жұмыстарына қатысады.
8. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізіледі, жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырудағы аумақтық бағарламалардың қаржыландыра алады. Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасынәзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi;
4-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi;
5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
11-1) алынып тасталды - ҚР 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
13) алып тасталды.
14) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Стандарттау саласында:
1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;
2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.
Сәйкестiктi растау саласында:
1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш-декларацияның, тауар шығарылатын елдi анықтау жөнiнде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;
3-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.
Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.