Лекции.Орг


Поиск:




Халықаралық қатынастар факультеті

ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ

Халықаралық құқық мамандығы 2 курс студенті Мадияр.Т.Қ

Ылыми жетекші: Халқаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Мукашева А.С.

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

 

Бул мақалада Қазақстандағы шағын бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, мемлекеттік қолдауды жүзеге асырубарысындағы кемшіліктер мен олқылықтар туралы қарастырылған. Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы елдердің (Германия, Франция, Ұлыбритания, Жопония және Ресей) шағын кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі туралы айтылады.

В данной статье рассматривается госудрственная поддержка субъектов малого бизнеса и их не достатки при его осуществлений. А также, рассматривается об опытах развитых стран (Германия, Франция, Великобритания, Япония и Россия) по поддержке малого предпринимательство.

This article discusses about the state support of small businesses and deficiencies in the implementation. Besides says about experience of developed countries(Germany, France, Great Britain,Japan, Russian Federation)with the support of small business

 

 

Кілттік сөздер: кәсіпкерлік, бизнес, шағын кәсіпкерлік, мемлекет, қолдау.

 

Кәсіпкерлікті дамыту - кез келген елдің экономикасының негізі болып табылады.Соның бірі шағын бизнесті дамыту және қолдау,себебі шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Шағын бизнес субьектіліріне орташа жылдық қызметкерлер саны 50-ден астам емес тұлғалармен жеке кәсіпкерлер және қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан және жыл бойғы активтерiнiң орташа құны 60,000-еселік АЕК артық емес заңды тұлғалар жатады /1,6-бап/. Кәсіпорындардың ең көп саны 33%-ы сауда және қызмет көрсету сегментінде шоғырланған.Қазақстанда ресми статистикаға сәйкес шағын кәсіпкерліктің нарық қатысушыларының жалпы санының 87% құрайды. Мысалы, шағын және орта бизнес сауда үлесінің саласында 98,7% жұмыс істеп жатыр, 98,4% - ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы, аквакультура және балық шаруашылығы - 92,4%, құрылыста - 90,1%, қонақ үйлер және мейрамханалар - 98,2%, көлік және коммуникация - 98,2% құрайды. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi /2,10-бап/. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет тарапынан қолдау жоқ шағын кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, өйткені әрбір 10 кәсіпорынныңтек 2-3 жұмыс істеуін жалғастырады, сондықтан шағын және орташа бизнес ең қауіпті мәселе болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытудың негіздері:

1) қаржылық қолдау көрсету;

2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;

4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру /1,19-бап/;

Заңға сәйкесшағын бизнеске арналған мемлекеттік қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;

2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;

3) оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi /1,18-бап/.

Шағын бизнестің дамуы мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары ҚР Президентінің Жарлығымен бекітіледі және бүкіл Республиканың аумағында, мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер үшін міндетті күші бар. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» қаулысынан бастау алады. Кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәіпкерлік туралы» заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды.Қазақстандағы бизнесті дамыту шеңберінде қаржылық және консультациялық қызмет көрсетуге бағытталған 1997 жылы «Даму» арнайы мемлекеттік қоры бар. 2011 жылы арнайы бағдарлама шетелдік, оның ішінде шағын бизнес субъектілері үшін қолданыстағы сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу және топ-менеджментін оқыту құру арқылы жұмыссыздықпен күрес, экономиканың шикізаттық емес секторларында жергілікті кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін жасауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шағын бизнес субъектілеріне оған сервистік қолдау көрсетті. «Жұмыспен қамту - 2020» микро-несие және кәсіпкерлерді оқыту арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту алға жылжыту үшін, жұмыспен қамту мәселелерін қарастырады.Сонымен қатар Қазақстан бойынша кәсіпкерлерге көмек көрсетуші мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіби бірлестіктер жұмыс жасайды.Атап айтқанда Қазақстандағы барлық кәсіпорындардың одағын біріктіруші «Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы». Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау көне үкіметтік емес мекемелердің бірі 1992 жылы құрылған «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» болып табылады.Сонымен қатар 2014 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерлікті дамыту үшін іргелі жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойғанын жариялады. Қаулыға сәйкес Елбасы 2015 жылдың 1 қаңтарынан дейін, 2 сәуірде бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Жоспарлы тексеріс жүргізу тәжірибесі тоқтатылған болатын.Президент әкімшілігімен жасалған жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек заңнаманы бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлерге ғана тексеріс жүргізіледін хабарлап,бұл мәселенің болашақта қайта қаралатынын және ол жарамсыз шағын кәсіпкерліктердің 30% жабуға ықпалын тигізітіндігін айтқан /3/.Сонымен қатар 2014 жылғы 11 қарашада Елбасы «Нұрлы Жол»атты жолдауында /4/ «Жаңа Экономикалық Саясат» туралы жариялай отырып шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажеттігін атап өткен. Ол тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіндігін айтты.Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік компаниялар:

· «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы».

· АҚ «Экспортты дамыту және алға бастыру Корпорациясы»

· АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту қоры»

· «Ұлттық инновациялық қор»

· АҚ «Қазақстанның инвестициялық қоры»

· АҚ «Қазақстанның Даму Банкі»

Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан –жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы саның ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 –нен 90 % дейіңгі мөлшерде қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімің 50% -не жуығын елдердің қамтамасыз етіп отыр. Мысалы: Жапондық мамандардын есептеуінше екінші дүние жүзілік соғыстан кейіңгі кезенде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден -бір себепші болған нәрсе шағын кәсіпкерлікті дамыту.Тұрақты экономикалық жүйеде төменде көрсетілген негіздерге сай шағын кәсіпкерліктің қолайлылы екендігін байқаймыз.

· тұтынушылардың сұранысының өзгерісіне тез бейімделе алады

· бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді

· жаңа жұмыс орындарын ашады

· жаңа кәсіпкерлік тап пне меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды

· елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен қаржы салаларын береді

Бүгінгі Жапониядағы шағын кәсіпорындар жоғары техналогиялық, химялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, телекоммуникация салаларына әр салаларды қамтып жатыр.Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол және Жапония үлкен тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқасында Жапония соғыстан қираған елден жоғары техналогиялық дамыған елге айналады.Жапонияның халық шаруашылығындағы шағын және орта бизнес субьектілерің саны, тауар айналымы басқа секторлар мен салыстырғанда саны алдынғы қатарда тұр. Ең бастысы мемлекеттік орган шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңартуға техналогияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуы көмек береді. Жапонияның шағынбизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландыруды, әрбір министірлерін, әр ведомство өз шығындар бюжетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға женілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады.Жапония шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ 73% -ына ие болып отыр.

Ресей Федерацяынан экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалып, жүзеге асырылды. 1995 жылы Ресей Федерацясында «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек.

- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады.

1994-1995 жылдары «Шағын Кәсіпкерлікті мемілекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама іске асырылғаннан кейін, Ресей Федерасиясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтын қорлар мен орталықтар кіреді. Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюжеттерден қаржылық көмек алады, жергіліті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие болды. 1999 жылдың басына есептелгенде Ресей Федерациясында 900 000 – нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды.Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны – 7 адамнан тұрады.

Ұлыбританияда шағын бизнес субьектілеріне: жылдың тауар айналымы 2 миллион фунт стерлинг аспайтын, активтер сомасы 1 милион фунт стерлинг және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызмет бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселеледі қалай шешу керек екенің, бухгалтерлік есепті қалай жүргізуді керектігі туралы, нарықта қалй зерттеу екендігі туралы кеңестер.

Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларында атап өткен жөн. Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар экономиканың ең басты бөлігі. Францияда шағын кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындар - 16500000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындар құруға кедергі келтіретін мәлім, сондықтан Франция үкіметі формальді мәселелерді қысқаруға көшті. Францяда шағын бизнесті несиелеу негізінде пайдасыздық өсімді мемлекет бонофикацилайды. Бонификция - бұл жеңілдету. Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуда да қаржыландырады, еңбек әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмысыздар өз кәсіпорның ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.

Германяда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы: ең алдымен меншік құқығы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады; екіншіден – қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп,өңдірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтында бірдей мүдделігін, ынталығын тудыру; үшіншіден – кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.Төртіншісі–істі жанұялық негізде жүргізу,яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан болған мұра ретінде қалыптасуы. Бесіншіден –шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипаты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен, бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.Германияда 80 –жылдың аяғына қарай жоғарыда көрсетілген стратегиялық есептеу тәжірибесіне байланысты 1,9 милион шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізге бөлінеді: қолөнерінде -537, сауда-225, өнеркәсіпте -108, қызмет көрсету саласында -665, еркін мамандық секторы 360.Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип — өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады.Бағдарламаның мақсаты–шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабылетілігін артыруы. Салық салуға жеңілдіктер,концультатциялық қызмет саласында артыру. Мемлекеттік органдар,бір жағынан, кәсіпкерлерге арнайы мамандардың қызметі арқылы көмек көрсетеді,екінші жағынан, жеке концультатцияға жүргізген жағдайда фиирмалардың ол үшін жұмсайтын шығындардың айтарлықтай бөлігін өтеуді өз мойынына алады.

Шетелдік тәжірибеге қарап Республикамызда атқаратын іс-шаралар әлі көп екенің байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заң күшін жойды, осы заңды жетілдіретін басқа құқытық нормалар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы ескі заңда мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктердің кейбір түрлері және тағыда басқа қосымша бағдарламалар бойынша көрсетіліп жатқан қолдаулардың жоспарлы бағыттары жоғарыда атап өткен дамыған мемлекеттердің шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелелесіне байланысты атқарып жатқан жұмыстарына ұқсас екендігін байқаймыз.

Жоғарыда аталған артықшылықтары болғанымен кемшіліктерді де атап өту керек, мысалы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері көп жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты. Шағын кәсіпкерліктің дамуындағы негізгі кедергі туғызатын ол кәсіпкерлер қызметіндегі тәртіп бұзушылықтардың басым көпшілігін бақылау қадағалау жөнінен көптеген негізгі функциялар берілген мемлекеттік органдардың тексеру жүргізулері арқылы анықталып жатады.Қазақстан Республикасының«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп белгіленген[5]. Негізгі әкімшілік тосқауылдар ауыртпалығы болып (бюрократия) лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі келтіреді.Мысалы:

-шағын бизнес ашу барысында құжаттардың жасалу уақытының ұзақтығы;

-кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау үшін жасалған келісімдердің көптігі және орындалмауы;

- мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың көптігі;

-керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу;

-кейбір мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкіметтерін қысқартуға дайын еместігі.

-кейбір нормативтік құқықтық актілердің өзара қарама-қайшылық туғызуы.Алайда,кейбір мәселелерге қарамастан қазіргі уақытта еліміздегі салық комитеті, басқа да мекемелермен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа бастаған адамдарға нарықтың талаптары мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, бизнесті дамытудың жаңа жолдары туралы сабақ,«дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруы нәтиже беруде. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі жөнінде екінші деңгейлі банктермен бірлесе жұмыс жасауда.Жоғарыда айтылған мәселелерді қорта келе кемшіліктерге қарамастан мемлекет шағын бизнесті дамыту мақсатында кездесетін кедергілердің жойылуына аса көңіл бөлуде,себебі шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді және қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарламалардың,экономикалық даму бағыттарының жоспарлы түрде атқарылуынан бөлек әлі күнге дейін шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басты проблемасы несие,салық және құжаттамаларды толтыру мәселелері болып отыр.Бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында шағын кәсіпкерлікке байланысты

· нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

· шағын бизнестің экономикалық маңызын ұлғайту

· жұмыс орындарын көбейту

· шағын кәсіпкерліктердің арасындағы бәсекелестікті арттыру қажет.

 

[1] ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы. 31.01.2006 ж. Интернет желі: http://adilet.zan.kz/

[2]ҚР Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 01.07.1999 ж. Алматы: «ЮРИСТ», 2014 ж.

[3]«Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» ҚР Президентінің жарлығы. 27.02.2014. Астана, Ақорда.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Mary Grethond на коне по кличке Seer.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 670 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

622 - | 621 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.