Лекции.Орг


Поиск:




Компьютерлердегі ақпаратты қорғаудың программалық құралдары.




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Жоба жұмысы

 

Тақырыбы: Компьютерлердегі ақпаратты қорғаудың программалық құралдары. Вирустардың болу белгілері. ДЭЕМ идентификациялау.

 

 

Орындағандар: Сарекенова Н., Маратова А.

Қабылдаған: Джумагалиева А.М.

 

 

Астана

2016 жыл


Жоспар

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлімі

1. Компьютерлердегі ақпаратты қорғаудың программалық құралдары.

2. Вирустардың болу белгілері.

3. ДЭЕМ идентификациялау.

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

Кіріспе

 

Есептеу техникасында қауіпсіздік ұғымының ауқымы кең болып табылады. Оған компьютердің жұмыс істеу сенімділігі, құнды деректердің сақталуы, қатысы жоқ ақпаратты қорғау, электрондық байланыстағы өзара хабар алысу құпиясын сақтау сияқты көптеген мәселелер кіреді. Әрине барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға заңдар бар, бірақ есептеу техникасының қатысты құқықты қолдану практикасы әлі толық дамымаған, ал шығару процесі технология дамуынан қалып отыр, сондықтан компьютерлік жүйелер жұмысының сенімділігі өзін-өзі қорғау шараларына келіп тіреледі.

Ақпаратты қорғау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпаратты қорғау құралдары - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, программалық және басқа да құралдар, олар жүзеге асырылған құралдар, сондай-ақ, ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары.

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі праметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.

Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:

- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;

- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;

-ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;

- пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;

- орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;

- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау

«Компьютерлік вирустар» термині соңғы жылдары пайда болған компьютерлік жүйенің құрамында болатын бағдарламалардың бірі болып табылады. Вирусы бар жүйе тез зақымдалады және бір жүйеден басқа жүйеге тез таралады. Вирустың алдын алуда маңызды рөл - профилактика атқарады. Вирусты анықтауда Фред Кохен ұсынған формула бойынша «компьютерлік вирус - бұл бағдарлама, ол, өзінің модифицирленген көшірмесін енгізу арқылы басқа бағдарламаларды зақымдайды». Вирустар тектен-тек жайылмайды, ол компьютерді құрту үшін жайылады, мысалы файлдарды жою және компьютердің бағдарламалық қамтуын зақымдайды. Көп вирустар компьютердің жұмысын баяулатады және де мәліметтерді жояды.

 

Компьютерлердегі ақпаратты қорғаудың программалық құралдары.

 

Есептеу техникасында қауіпсіздік ұғымының ауқымы кең болып табылады. Оған компьютердің жұмыс істеу сенімділігі, құнды деректердің сақталуы, қатысы жоқ ақпаратты қорғау, электрондық байланыстағы өзара хабар алысу құпиясын сақтау сияқты көптеген мәселелер кіреді. Әрине барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға заңдар бар, бірақ есептеу техникасының қатысты құқықты қолдану практикасы әлі толық дамымаған, ал шығару процесі технология дамуынан қалып отыр, сондықтан компьютерлік жүйелер жұмысының сенімділігі өзін-өзі қорғау шараларына келіп тіреледі.

Компьютерлік вирустар – бұл жұмыс істейтін компьютерде рұқсат етілмеген іс-әрекеттерді орындауға арналған программа коды. Ол кодта басқа программаға немесе құжатқа деректер тасымалдаушылық белгілі бір аумақтарына ендіріледі.

Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

· Программалық вирустар

· Жүктелетін вирустар

· Макро вирустар

Программалық вирустар. Программалық вирустар- басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодтардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық код іске асырылады. Бұл код қатты дискіде және басқа программа файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Мысалы., вирустар, коды басқа программалар денесінде өзін-өзі қайталайды. Бұл процестің көбейуі деп атайды. Белгілі бір уақыт өткеннен соң көшірмелердің белгілі бір санын құрған соң, программалық вирусты бұлдіру әрекетіне көшеді: - программа мен ОЖ-ның жұмысын бұзады, қатты дискідегі ақпаратты жояды.

Ең нашар бүлдіру вирустары қатты дискіні форматтауға дейін барады. Дискіні форматта - ұзақ процесс, оны пайдаланушы міндетті түрде байқайды, сондықтан көп жағдайда программалық вирус қатты дискідегі деректер сол қалпында қалады, бірақ арнайы құралдар көмегімен ғана пайдалануға болады. Өйткені дискідегі қай файл, қай секторға жататынын анықтау қиындық келтіреді. Теориялық тұрғыдан деректерді қалпына келтіруге болады, бірақ оған кететін еңбек өте хор.

Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұқпайды.

Сондықтан интернеттен алынған барлық деректер қауіпсіздікке тексеруден өтуі қажет, ал егер қай жерден алынғаны белгісіз болса, оларды қарап шықпай-ақ көзін құрту керек.

Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар программалық файлдарды емес, магниті тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.

Әдетте, жүйелік аумағын да жүктелетін вирус бар компьютер іске қосылғанда оның магниттік тасушыдан жұғу басталады. Мысалы компьютерді иілгіш дискіден іске қосқанда вирус алдымен жедел жадыға, содан соң қатты дискінің жүктеме секторына барады, одан ары қарай компьютердің өзі, вирусты ары қарай тарату көзі болады.

Макровирустар. Вирустың бұл түрі макро команданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Microsoft Word мәтіндік редакторының құжаттары жатады. Шабуыл нәтиже сі арқылы юоуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін апара алады.

Компьюетрлік вирустардан қорғану әдістері. Антивирус қорғау құралдары.

Компьютерлік жүйенің қауіпсіздену қаупі – бұл потенциалды мүмкін болу жағдайы, жүйенің өзінде кездейсоқ болуы мүмкін, сондай-ақ бұр жерде сақталған ақпаратта. Компьютерлік жүйенің бұзылуы –қауіпке әкелетін дұрыс емес сәтсіз мінездеме. Басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік жүйенің бұзылуынан жағдайлар орындалады.

Қорыта келгенде, компьютерлік жүйеге шабуыл жасау – сол немесе басқа бұзылу орындалғанда және ізделгенде жаман ойлаушының атқаратын қызметі Сондықтан шабулы дегеніміз қауіп төндіруді орындау.

Шабуылды қарастыру - қауіп элементін кездейсоқ анықта уды болдырмау, яғни тәжірибеден білеміз кездейсоқ немесе алдын ала жасалған қауіптерді білу мүмкін емес, бұған қорғаушы жүйе тез жұмыс істеуі қолайлы.

Зерттеушілер қауіпсіздену қалпының ұш негізгі түрін анықтаған – бұл қауіпті ашу, толықтыру немесе қызмет көрсетуден бас тарту.

Вирустар жұмыс амалдарына байланысты екі типті болады: резидентті және резидентсіз

Егер программа өшсе вирус та жұмысын аяқтайды. Резидентті вирустар бұдан да қауіпті мұндай вирустар бұзылған программа қосылғанда іске асады, бірақ бұл вирус компьютер жадысында өзінің резиденттік бөлігін қалдырады. Компьютер жадысында қалған вирус операциялық жүйенің және басқа программалардың ішіне енеді. Резиденттік вирустар жедел жадыда жүйе тоқтағанша шейін жұмыс атқарады.

Вирус программасы программа жұмыс істеп отырған уақытта қауіпті. Резидентсіз вирус бұзылған программа қосылғанда жұмыс атқарады.

Резидентсіз вирус бұзылған программа қосылғанда жұмыс атқарады. Вирус программасы программа жұмыс істеп отырған уақытта қауіпті.

Компьютерлік вирустан қорғайтын үш аралықты қарап кетуге болады:

· Вирустың келуін тоқтату

· Егер вирус тауып компьютерге енсе, онда вирустық шабуылдарды тоқтату

· Шабуыл егер болса, онда одан кейін болатын қатерлерден сақтау.

Қорғау әдістерін таратудың үш түрі бар:

· Программалық қорғау әдістері

· Аппараттық қорғау әдістері

· Ұйымдастырылған қорғау әдістері.

Вирусқа қарсы қорғау құралдары.

Компьютерлік вирустардан қорғау үшін қолдануға болады:

· Ақпаратты қорғаудың жалпы құралдары

· Вируспен бұзылудың жағдайларын азайтатын қорғау профилактикалық шараларды;

· Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар.

Компьютерлік вирустан және вирустан қорғау құраларының түрлері:

· Ақпаратты көшіру –дискінің жүйелік аймақтарын және файл көшірмесін құру;

· Сұранысқа тосқауыл – ақпаратты санкцияланбаған қолданудан тосқауылдау, яғни дұрыс жұмыс істемейтін программалар мен пайдаланушылардың қате қимылдарынан деректер мен программаға өзгерістер енгізуге тосқауыл қою.

Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар

1. Детекторлар программалары бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.

2. Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды «жазады» (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін «тістеп алу» арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей қалыпқа келтіреді.

3. Ревизор (тексеруші) программалар –бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кей ін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.

4. Ревизор докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерден автоматты түрде бастапқы күйге келтіруге бар жағдай жасайды.

5. Фильтр программалары резидентті түрде компьютердің жедел жадысында орнатыла ды да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.

6. Вакцина – программалары, дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2123 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

809 - | 736 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.