Лекции.Орг


Поиск:




Лекция №2. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі




 

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:

- қаржылык есеп берудің мақсаттары;

- бухгалтерлік есеп пен каржылық есеп берудің негізгі принциптері;

- қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудін негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай. субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға кажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратгы жинақтайды:

- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған - қаражатты клиенттің шоты бойьшша есептен шығару);

- Субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауга;

- басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Экономикалық шешімдерді кабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына, проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық кұрылымы, өтемділігін, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.

Өтемділік, төлем қабілеттілігі - каржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы туралы акпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау ушін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілетін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылык өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

Түсініктеме жазбада (пояснительная записка) пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымша мәліметтер болады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленді:

1) субъектінің, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларды шаруашылык кызмет жайлы толық және күмәнсіз сенімді ақпаратпен камтамасыз ету;

2) субъектінің шаруашылык іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сактауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге (есептеу мен үздіксіз қызмет) және саналык сипаттамаларға (негізгілері - түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі жэне салыстармалылығы) сәйкес жасалады.

Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудын негізгі құралы болып табылады.

Элементтер - қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы 7 элемент (активтер, міндеттемелер, капитал (таза активтер (ф. №1), кірістер, шығыстар, пайда, шығындар, зияндар (ф. №2)) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері (атрибуттары) болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:

Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылык есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалык шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте маңызды.

Үздіксіз қызмет. Субъект озінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымын елеулі түрде қыскартпақ емес деп шамаланады.

Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары:

Түсініктілік. Қаржылык есеп беруде үсынылған акпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.

Орындылық. Пайдаланушыға өткен, казіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, өткен бағалауды растауга немесе түзетуге комектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.

Ақпараттың орындылығына оның сипаты мен елеулілігі маңызды ықпал жасайды. Ақпарат егер оны қалдыру немесе дүрыс ұсынбау пайдаланушының экономикалык шешіміне әсер ете алса, елеулі деп саналады.

Сенімділік. Ақпаратта елеулі к.ателер мен бүрмалаулар жоқ және пайдаланушылар оған гаынайы деи сенуіне боладьт.

Шынайы корсету. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін каржылык; жағдай, операция нәтижелері, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат операцияларды және тағы басқа оқиғаларды шынайы көрсетуі тиіс.

Мәннің формадан артыкшылығы. Операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы ұсыну үшін олар тек зандық формамен ғана емес, оның мәні мен экоиомикалық шындығына сай есептеліп, ұсынылуы қажет.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету үшін акпарат нейтралды, яғни күні бұрын теріс түсінікте болмауы керек.

Байқампаздык (осмотрителъностъ). Активтер мен кірістер кемітілмей, ал міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін белгісіздік жағдайларында талап етілетін, есептесулерге пікір калыптастырған кезде сақтықтың белгілі бір деңгейін үстау.

Толыктылык. Сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы тиіс.

Салыстырмалылық. Қаржылық ақапарат пайдалы және мазмүнды болуы үшін есепті кезең салыстырмалы болуы тиіс. Пайдаланушылар субъектінің есеп саясаты, олардағы барлық өзгерістер мен мұндай өзгерістердің нэтижелсрі жайлы хабардар болуы тиіс.

Уақытылылық. Ақпарат ұсынуда акталуға келмейтін тежеу болған жағдайда ол өзінің орындылығын жоғалтуы мүмкін.

Пайда мен шығын арасындавы баланс. Ақпараттан алынагын пайда оны алуға кететін шығыннан асып түсуі тиіс. Пайда мен шығынды бағалау едәуір дәрежеде кәсіби пайымдаудың мәселесі болып табылады.

Сапалық сипаттаулар арасындагы баланс. Қаржылық есеп беруге арнальш қойылған негізгі тағайындауды орындау үшін көбіне тепе-теңдік немесе сапалык сипаттамалар арасындағы ымыра болуы қажст. Қаржылық есепті жасаушылар кәсіби пайымдаудың көмегімен әр түрлі жағдайларда сипаттамалардың салыстырмалы маңыздылығын айқындайды.

Шүбәсіз сенімді және әділ (объективті) көрсету. Негізгі сапалық сипаттамаларды және бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану, әдетте, шүбәсіз сенімді және әділ (объективті) ақпарат бар қаржылық есепті жасау мен алаламай корсетуді қамтамасыз етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1717 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

833 - | 667 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.