Лекции.Орг


Поиск:




АДАЛАНҒАН АЛБАСТЫЛАР 23 страница




– Көкеңнің үйреткен бұл кәсібі сіздерге тым алал кәсіп емес-ау, жігіттер, біз өзара әй-шәй десіп көрмеген адамдармыз ғой! – деп күлімсірей келіпті. Бұл сөзге үн де қатпай, жол да бермей, көлегейлеп тоса тұрып алған біреуін қолының сыртымен сырып қана өте берген екен, шекесіне бір жұдырық шақ ете түсіпті.

– Шырағым, мынауың шының ба, қалжың ба? – деп қарай бергенде, жұдырыққа жасырынған тастың бірнешеуі қатар келіп тиіпті:

– Өзің неге қағасың?

– Қаймана тұрған адамды неге ұрасың?

– Шын болғанда қайтпек едің?..

Жарыса шыққан осы сөздерді ести құлаған Нұрасылдың артындағы Биғазы көшедегі халыққа айқай салғанда, жендеттер бет-бетімен жөнеле беріпті. Тападай тал түс, ап-ашық күні көшеде соққыға жығылған Нұрасыл Биғазының демеуімен тұрыпты да, басы-көзі күп болып, сақшы мекемесіне барған екен. Нұрасылдың арызын тыңдамай, мына сиқына ғана қараған қара сұры тергеуші сақылдап күліпті келіп.

– Кімің ұлыды? – деп қазақша шала тілмен тікірейе қалыпты сонан соң. Нұрасыл өзін ұрған топтың өзі танитын төрт-бесінің атьш атап, адресіне дейін айтьш берген екен.

– Мақұл, біз сұлайды, қамайды, сен қайтады, – деп басын кекшеңдетіпті.

– Сіз олардың аты мен адресін жазып алмай отырып, қалай тауып сұрайсыз?!

– Болыды, мен біледі, жазады.

– Тақсыр, сіз қазір жазып алып, шақыртыңыз!.. Олардың таспен ұратын осыншалық не себебі бар екен. Менімен беттестіріп тексеріңіз! Мүндай содырлар тергелмесе, жазаланбаса, іс жүзінде өзіңіз содырлыққа көмектесуші болып шығасыз. Біз де бірлесіп жалғыз-жарым жүрген алдамды ұра берсек бола ма?! Арамыздан адам өлуі де мүмкін!

– Адамы өледі шатақ, сені атылады!

– Бәсе, сондай шатақ шықпауы үшін оларды айдатып әкеліп тексеріңіз!.. Қайсынымызда қылмыс болса соны жазалауыңыз шарт!

– Ол көп хасақы, сен бір хасақы, сенікі шатақы болмаса, сені көп хасақы ұлымайды!

– Шатақ кімде болса, тексеріп соны жазаламайсыз ба, кәне!

– Болды, мақұл, елтең тексейледі. Сені қазылы қайтады! – деп тергеуші есікті нұсқапты.

– Сіз қазір сақшылық міндетіңізді орындамай отырсыз. Егер сіз содырларды шектемесеңіз, біз өзіміз өш алып, өзіміз тиюға тиістіміз. Біз де адам жиямыз, біз де ұрамыз. Алдымен қылмыс өткізген адамды тергемегендіктен оларға жауап қайтарған бізді де тергемейсіз, мақұл ма?!

– Бізі тексейіледі, бұл күні қызметі бар. Ертеңі шақылады.

– Мұныңыз мені шығарып салу үшін ғана айтылған сөз, адам ұрушыларды жазып та алмай тұруыңыз – соның дәлелі. Бірақ, біз сізге келіп мәлімдедік, ұмытпаңыз! Еш жазықсыз қаншалық жараланғандығымды көрдіңіз. Ертең бұдан да үлкен шатақ шықса, келмеді, көрмедім деуші болмаңыз!.. – Нұрасыл мен оны сүйемелдеген Биғазы шыға бергенде:

– Лаухаса да хүй ахуай лаухаса, суанл ба![18] – депті сақшы тергеуші екінші үстелде отырған серігіне қарап. Екі тергеуші күлісіп қалыпты да, екі арызшы бір-біріне дағдара қарасып кете беріпті.

Жексенбі күні еді, Нұрасыл соққыға жығылыпты дегенді естіп, жүгіріп барсам, ауыз үйінде кішкене-кішкене бес баласы үркердей ұйлығып, үн-түнсіз отыр екен. Бәрі бесіктегісінің маңайында үдірейісіп-үдірейісіп қалыпты. Бәрінің қабағы қаяулы, есті ересек адамдарша қайғырып отырғандай. Сол көзінің алдында кішкене қана тыртығы бар мүсінді қара торы жеңгеміз сәл сұрғылт тартып ширап алыпты. Шай қайнатып жүр. Қара құрым жыртық киіздің шетінде ғана отырған әжімді қара кемпір:

– Сұмдық-ай, не жазығы бар еді ол иттің балаларына! – деп аузын сылп еткізгенде кірдім мен.

– Жазығы – Дәмешті зорлап, байлап бермегендігі ғана! Бұл байлап беруге ол көнер ме, ел көнер ме! – деп күрсінді жеңгеміз. Теріс қарап күйбендеп жүріп сөйледі де, маған жалт қарады!

– Япырмау, көріп тұрғаным рас па, өтірік пе! Үйінен шықпайтын үндемес қайным да келіпті ғой, жоғары шық! Бағдаржанды іздеп үлкен үйдің терезесін қаққаны болмаса, басқа үйге аттап баспайтын бұл сойылға жығылып қалмаған болса, дәл қазір шашу шашар едім!

Нұрасылдың Бағдарқан атты, маған құрбы інісі төр үйден шыға келіп, менің қолымнан ұстай алды да, өксіп қалды. Менің де көз жасым іркіле қалып еді.

– Үй, жігіттер, жаман ырым бастамандар! – деп қунақылық еткен жеңгеміз де бас жаулығының ұшымен көзін сүрте қойды!

– Қайтсін, бұлардың да қаны қызады ғой! – деп кемпір күрсінді. Бағдарқан төргі үйдің есігін ашты. Ағайлардан Құрышбек бастаған бірнешеуі келіп отыр екен. Бәрі де жер төсегінде жатқан Нұрасылға қарап, соның балпылдай шыққан сөзін тыңдап отыр. Бір тізерлеп отырған Құрышбек менің сәлеміме иек қаға салды да:

– Мұндайға тыйым салатын сақшымыздың сиқы сол болды де! – деп тісін баса түсті. Бет-аузы адам танығысыз, күп болып көгеріп кеткен Нұрасылдың ерні икемге келмесе де құса ширықтырып жатыр екен:

– Іле ұйғырларын "Тараншы ұлты" деп атап, не үшін ұйғырдан басқа санайды десем, бір ұлт халқын бөлшектеп ыдыратуды-ірітуді, сөйтіп, бір-біріне салып қырқыстырып, қырық пышақ етуді көздейді екен ғой!.. Мұны сақшы тергеушісінің қабағынан оқыдым, қазақтың етін қазақ жесе қарық боп қуанатынын көрсетті. "Екі қарға таласса, бір құзғынға жем түседі ғой”. Егер сол бұзақыларды жазаласа қазаққа оқыстан ынтымақ орнап қалар деп қорқатын көрінеді.

– "Ұры бүлікке құмар, шыбын шірікке құмар". Төрелердің тірлігі қаралар арасына салған бүлігінде емес пе! – деп Құрышбек түйіндеді оның сөзін. Бұл екеуінен жасырақ Кеңесбай атты кесек денелі қара жігіт сөз аңғарына ызамен қарсы шыққандай болды:

– Сөйтіп, туысқан жауымыз өлтірсе де көнейік, оның қамшысымен шіріп, қанжығасында күн көрейік, жұдырығының астында жидіп, "береке–бірлігінде" өлейік деп отырсыздар ма, қалай?!

– Мұндайда артық ақылдылықтың керегі жоқ! – деп қостады тағы бір жасырағы. – Қанға – қан, жанға – жан, соққыға – соққы! Қандастығын, қазақтығын қой оның!

– Жоқ, біз ессіз-есесіз ынтымақ іздеп отырғанымыз жоқ, шырақтар, – деп Құрышбек орнығып малдасын құрды. – Адам баласы береке-бірлікке кемдікпен емес, теңдікпен қана жете алады. Ынтымақ кеңдікте емес, теңдікте. Бірақ, осыған қайткенде жете аламыз, үлкендермен сөйлесіп көрелік!

– Алдымен аузын қан қылмай тұрып, Кәкімбай теңдік береді екен деме! – деп Кеңесбай кесе түсті сөзді (Дәмешті ұзатып салатын күні келіп, "Кәке" аталған бұзақы осы Кәкімбай екен). – Біреудің қызын байлап бермедің деп осынша өшігер ме! Құреке, Кәкімнің сөзін естіп жүрмін мен: "өлтірмей өшім қайтпайды" депті ол! Біз өлімші етіп, жүрегіне бір тиіп қоймасақ, ол өлтіруден қайтпайтын қансұйық!

– Кеңесжан, біз оларды бірер сапар "өлімші” ете алармыз-ау, не істесек те артын ойлап істейік. Біз – бытырап, несібе іздейтін қырғауылымыз да, ол қырғи жиған қиямпұрыс қой. Ақшасы көптің жоқшысы көп, малы жоқтың қалы жоқ. Біз есе қайтаруды да, дес алуды да осы парқымызбен қосып есептелік, ағаларға айталық!

Бұл ағалардың сөзі осыған тіреле бергенде, олардың ақылдаспақшы болған Ерсұлтан бастап төрт-бес ағасы келіп кірді. Нұрасылдың аядай үйінде табанымыз сыяр жер қалмаған соң, Бағдарқан екеуміз далаға шыға жөнелдік.

– Шіркін-ай, Құрышбек ағаның сөзі-ай, – деп шықты Бағдарқан, – неше күн сөйлесе де кірпік қақпай тыңдар едім!

Қазақтың нағыз зейінді баласына бітетін барлық мінез осы қызыл қоңыр, бүйрек бетті Бағдарқанға тұп-тұтас біткен еді. Ол сыртынан қарағанда моп-момақан, аузың қайсы десе мұрнын көрсететіндей жуас көрінгенмен, іштесе кеткенде ағыны қатты дарынды да, тау бұлағындай сылдыраған сыршыл да екенін осы бірер жылда анық көрсетіп келе жатыр еді. Үздіксіз озат төрт жыл оқып, мен былтыр бітірген алтыншы класқа осы күздің басында түскен болатын. Ішім пыса қалғанда осыны тауып, аз уақыт әңгімелесіп қайтсам, көңілім самал желпіген мамықтай жеңілдеп, көтеріліп қайтатын болғанмын. Құрышбек сөзіне Бағдарқанның өзінің сүйінгеніндей, осы сөзіне мен де сүйініп, момақан жүзіне қарай-қарай шықтым.

– Ағалар ызаға шыдамай, сол шошқалармен түртіседі-ау енді! – деді ол көшеге шыға бере, – ит таласын көргендей сақшылар тағы күлісіп рақаттанады ғой!

– Құрышбек аға соғыспай болмайтын жағдайда ғана соғысар, ол кісі жеңбейтін жерде ұрыспайтън.

– Қан төгіле ме деп қорқам!.. Айтпақдайын, Биқа, естідің бе? Совет Одағына Германия бар күшімен бір-ақ басып кіріпті. Орыстар зор қырғынға ұшырап жатыр дейді!

Мен тіксіне қалдым. Гитлер "он жыл соғыспау" шартын да, Совет шекарасын да бір-ақ бұзып, биыл 22 июньде тосаттан үш қаланы басып алғанын естіп едім. Бірақ, мүндай, "зор қырғын" Совет Армиясы оған қырғыза қоймайтын сияқты еді ғой?!

– Әлгі бір "соғыспау шарты" бойынша алдап соққан сияқты. Батыс шекарада Совет Армиясы тым аз екен дейді. Неміс танкісі мен аэропланы жер-көктен бір-ақ қаптап, Батыс Ресейді қанға бояп жіберіпті. Қазір Ленинград пен Москваға төнген көрінеді. "Совет Одағын бір айда алып боламыз" деп жариялапты Гитлер.

– Жүр онда, Ораз сақауға барып қайтайық. Газет календырынан бәрін естиміз. Сөйтіп, қала ішіне бір-ақ тартық. Күз соңының батысқа еңкейген сары күні қарсымыздағы қалың сұры бұлтқа "сүңгіп" кеткен. Қыс ызғары сол сұры бұлтпен, жете соққылағанына қарамай, құлағымызды ғана анда-санда бір сипап қойып, құлақшынды түсірмей жеттік.

Жалғызын қолынан шығарғысы келмейтін ата-ананың "Оязы” биыл бізбен бірге емтихан тапсыруға да бара алмай қалған. Ол да үйінде, ыңғай газет-журнал мен бұрашора ғана зерттейді екен.

– Келіндей, балалай! – деп қарсы алысымен-ақ "лекциясын" бастай жөнелді.

– Халпеәбзи, "ыр" дыбысымен татулассаңшы енді! – дедім мен, – жақында қатынды да боларсың. Жеңге әбзитайымызға сонда: "менің аузыма қара" демекші болсаң, не деп былжырамақсың!"

Бұл сөзге ауыз үйдегі қартаңдау шешесі де күліп жіберді, естіп қойыпты.

– Шияғыммаған... "ыр–ыр–ыр” ыңның керегі жоқ еді, мына сөзің батып кетті! – деп жымыңдаған Ораз біздің қузауымызбен "лекциясын” жалғастырды. "Ыр” дыбысының енді түсінгендей ынтыға айтып, тым жай сөйледі бірақ. Кейінірек толық білгендерден естуіме, газеттен тауьп оқығаныма, қарағанда совет-герман соғысының алғашқы аужайынан Ораздың сол кездің өзінде-ақ едәуір толық хабардар екенін түсіндім. Ол үйінде отырып-ақ қақас жібермей оқьп отырыпты.

Шешесі бізді жігі–жапар болып отырғызып шай қайнатты.

– Ы..ыр-ыр ыс тілінен кешкі курс ашылыпты, орыс мектебінде, енді содан оқимын. Сен оқимысың? – деп Ораз маған қарады. Бағдарқан күліп жіберді бұл сөзге:

– Енді, "пыр.. ор..ома пир ро..ро..рот" деп жаңа тапқан бар "ырыңды” бірақ шашпақсың ғой!

– Шырағым, "ыр–ыр–ыр” енді табылады. Ор..р..р..ыс шо...р..р..р турасын айта салатын, көңіліне іркілтпейтін халық еді, енді азайып кететін көр..і..неді. Біз де о..ыр..с болсақ деймін. – Біздің сөйлесуімізге мәз болып отырған шешесі бұл сөзге келгенде күрсініп, мұңая қалды.

– Орысқа қырғын болса, ондағы біздің қазаққа да оңай тимес! Мен де сол кешкі курстан орысша оқуға Оразбен келісіп қайттым.

Үйі бізге көршілес отыратын Бектемір атты жігітшеге ертеңіне айтып едім, қуана қарсы алды бұл, өзі жазда жалшылық істеп, қыста орысша кешкі курстан оқитын екі-үш жылдық дағдылы курсант еді. Биыл ұры-қарының көбейіп кетуінен кеште жалғыз жүруді қауіпсініп бара алмай жүр екен.

– Екеуміз бірге барып қайтып түрсақ, төрт көз, төрт қол болғанымыз. Менде темір келсап та бар. Олай болса, оқыдық деп қой! – деп қуанды ол.

Жауып тұрған қарға қарамай күн бата Ағылық көшесінің аяғындағы орыс мектебіне барып едік, Дөрбілжіндегі орыс біткен сонда жиналыпты. Біз оқитын класта күжілдесіп, даурығысьш отыр. Көбі арақ ішіп алыпты, мас. Біз араларынан әрең өтіп барып, бір бос партаға отырдық. Мұғалім әлі келмепті. Айтысып отырған сөздерін тыңдап, Бектемірдің бозша көзі бадырайып кетті де, маған шошына сыбырлады:

– Үй, "Совет үкіметі аударылды" деп отыр ғой мыналар! Енді елге қайтайық, бізге неміс тиіспейді дейді әнеу ұзын мұртты кәрісі! Әне, анау дударбас оған қарсы шықты:

"Ленинград қоршауда, Мәскеуге он шақты километр қалды, бірақ Мәскеу жер астына түсіп кетсе де орыс берілмейді! Туыстар, оның Кутузов елі екенін ойлап қойыңдар!" деді. Кутузовы кім еді?.. Әне, "біз көшіп жеткенше большевиктер котлет болады" дейді анау бурылбас. "Котлеті" немене еді. Анау май шапанды қырма сақалың жарады: "Ресей қарғалары неміс етіне тояды, болғаны сол!" деді, хә-хә-хә-хә... "Қасқыр, түлкі, күзендер қарнын көтере алмай жатып қалады да, Совет азаматтары төрттен-бестен ішік киетін болады дейді..." Гитлер Москва күл төбесінде дарға асылады!" дейді... Ойпыр-ау... Мынау мұрттының аузы тым жаман ғой: "Ресейге басып кірген бүкіл Еуропа армиясы!.. Большевик берілмейміз десе, орыс жері түгел көрге айналады!" дейді... Мына қатар сөйлеген үш төрті: "неміс танкісі мен мотоцикл атты армиясы ендігі Оралға жетіп тыныққан шығар!" деп салды... "Күн жылына елге қайтсақ болар" деді әнеу біреуі... Ей осыларыңның көбі Советке қарсы ғой тіпті! Ақ патшаның бөлтіріктері екен-ау иә, жөндерін енді көрсетіп отыр!

Осы айтысқа өзі түскендей аласұрып отырған Бектемір енді тынышталды. Қара пальтолы қып-қызыл сұлу келіншек кіріп, жұп-жұмсақ үнмен бірдеме деп еді, гүрілдесіп отырған орыстар сыныптан шыға берісті. Мұғаліміміз осы келіншек екен. Жоқтама дәптеріне Ораз үшеумізді қосып жазып, сабағын бастады.

Біз осы сабақтан кешкі сағат он бірде қайтып келе жатсақ, Кеңесбай ағамыз бастаған сегіз-тоғыз жас жігіт Еміл көпірінің аузында тұр екен, араларында былтыр жаздағы менің құтқарушым – Ғаріпбек мықты да бар.

– Мыналарың кім? – деді беруі.

– Балалар ғой, – деді екінші бірі, – әй, сол иттер біз келуден бұрын өтіп кетті-ау!

– Жоқ, біздің мұнда тұрғанымызды алыстан көріп, бой тасалап жүр. Осы көпірден басқа өткел жоқ қазір.

– Жүріңдер, біз былай кеткен болайық! – деді Кеңесбай, – ей балалар, біздің мұнда тұрғанымызды ешкімге айтпандар, ә! Үй іштеріңе де айтпа, мақұл ма?

Біз мақұлдық білдіріп өтіп кеттік. Ағаларынан жасырын жиылып, өш алуға шыққандықтарын, мұнысының "қатерлі” екенін ойлай қайттым да, бара салып Биғазыға айттым. Құрышбек пен Нұрасыл білсін дегенім еді.

Біздің үйге там орнын беріп қоныстандырған Ерсұлтан ақсақал байлардың бәйге аттарын жарататын, ақысына көбінесе соғымдық мал алушы еді. Алдыңғы күні ғана бір ту бие сойған сол кісі Күнтуған шаңия мен Кәкімбай бастаған бірнеше мықтыны қонаққа шақырды. Үлкендер Нұрасылдың соңына түскен пәлені осылай ағайыншылық жолмен бітіруге келіскен көрінеді. Құрышбек күн еңкейе бергенде арақ әкелді.

Сенбінің кеші болғандықтан сабақты қойып, Бағдарқан екеуміз Ерсұлтан үйінің терезесінен сығалаумен жүрдік. Келген он шақты қонақтың жуан ортасынан Күнтуған шаңия мен Кәкімді ғана таныдым. Күнтуған шалқалай сөйлеп қақ төрде отырды да, оның сол жағындағы Кәкім өзінің төменгі екі жуанмен күбірлесіп, шұлғыса берді.

Төсек жағында қонақ иесі, шоқша ғана ақ сақалды Ерсұлтан, одан төмен Құрышбек жүгініп, шай құйып отыр.

Бір шәугім шай ішіліп бола бере дастарқанға бірнеше жерден қуырдақ қойылып, көк мойын бөтелке мен кішкене шынылар сапқа тізіле бастап еді. Қарсы үйде осы кезеңді күтіп отырған болса керек, басы мен мойнын тұтас таңып, малақайын баса киген Нұрасыл кіріп келді.

– Ассалаумағалейкум!

– Әликумуссалам! – деп шаңия үңіле қарады да, Кәкімбай мен қасындағылары бір-біріне қарап едірейесе қалды.

– Келе ғой, қалқам, келеғой, – деп Ерсұлтан ысырылып, Құрышбек екеуінің арасынан орын берді. Нұрасыл қонақтарға тегіс қарап, иіле амандасьш еді, Кәкім бедірейген бойы аузын да жыбырлатпай кекшие қалды. Құрышбек арақ құйған шыныны жағалата ұзатып, бұрын арақ ішпейтін Ерсұлтан қарттың алдына бір шыны қойып еді. Арақпен қоса берекенің сөзін бастап беруге қарт күні бұрын құдайына сыйынып, көніп қойған көрінеді, шынысьн жоғарырақ көтеріп алып сөйлеп кетті:

– Ал, құрметті қонақтар, менарақ ішпейтінмін, енді қартайғанда қай желіккен дерсіндер, "адам мың жасамайды, ұрпағы мың жасайды” деген, менен бәрің кішісіңдер, менен қалған өмірді сендер жасайсыңдар, сендерден қалғанын інілерің, балаларың, немере-шөберелерің жасайды... Мен оқымасам да ащы мен тәттіні көп көрген адаммын. Міне, мына тамақтарыңнан да сендермен бірге татып көрмекшімін. Соның алдында өзім өмірдің анық білген, жете түсінген адамгершіліктің-елдіктің ең тәттісін айта кеткім келеді. Ол – татулық, достық. Меніңше, татулықтан тәтті "тағам” жоқ. "Бірлік болмай тірлік жоқ". Айтар ағалығым осы ғана. Бір дастарқанға бас қостырғанда сендерден тілейтінім де осы. Ағайын ара береке сөздің қалғанын өздерің де айта жатарсыңдар, ал енді сол тілеуге алып жіберіндер!

Араққа болатын аттаныстың дәл осы мезгілдегі ең аталы сөзін басқалары кәдімгідей қауқаулап жіберіп, қылғытып салса да, Кәкім міз қақпай отырып алды, оның шыныны да ұстамағанын көрген қасындағы екеу алған шыныларын қолдары күйгендей қоя-қоя салысты.

Терезе сыртында бізбен бірге қарап тұрған Білеубай атты Бағдарқанньң сабақтасы түйіліп тісін басып тұр еді.

– Әкеңнің аузы тағы сойқан шығарайын деп отыр! – деп кіжінгенін сезбей қалды өзі. Бағдарқан екеуміз екі иығынан баса қойдық. Өзендегі біздің алты жайынның бірі осы болатын. Төбесінде теңгедей ғана тақыры болғандықтан "Білеубай” атына "тазды” қосатынбыз.

Білеубай "таз” бізден әлдеқайда қайратты да, қайтпайтын өжет еді.

– Осы біз кімнің үйінде отырмыз, – деген Кәкімбайдың сөзіне біз терезе сыртынан төніп, тіксіне түстік. Қонақтар да, күтушілер де тым-тырыс тына қалды. Күнтуған Кәкімге жымия қарады.

– Біз Ерсұлтан ақсақалдың үйінде отырмыз ғой, танымай қалдың ба!

–Таныс сияқты едім, әлгі "тәтті тағам”, татулық дегендерінен танымай қалып отырмын, біз тату болмай не қылып едік?

– Ой, Кәке, – деді Құрышбек, – татулықты айтудан не тақсырет тарта қалдыңыз! Татулықтан адам баласы не зиян тартып еді!

Кәкім адырая қарады оған:

– Сол сөзінен мына шалыңның құйрығы қайда жатқанын түсініп отырсаңшы!

– Осы "түсінуіңіздің" өзі қандай жақсы! – деп Құрышбек күліп жіберді, – айыбын өзі түсініп, өзі айтудан үлкен әділдік бар ма? Соған қарай татулықты айтудан тәтті сөз бар ма? Әсіресе, сізге пайдалы сөз ғой бұл! Құдай да, осы отырған көпшілік те куә шығар, қарттың осы сөзі "құйрық бұру" болса, дәл сізге бұрылған құйрық емес пе. Болыстық сөзге боқтау айтпас болар! Кел, екеуміз ендігі жердегі сол татулықтар үшін тартып жіберелік!

– Жоқ, мен бұл иесіз татулығыңды танымаймын!

– Мейлің, татулықты танымасаңыз танымаңыз, мені танырсыз, кел ішелік!

– Сені де танымаймын, ұрымен таныстығым жоқ!

– Ұрыны оның ағасы "қарақшы" танымаса кім таныр, кел, ағатай, танысалық!

Кәкім көпшіліктің күлкі–дабырын баса ақырды:

– Қарақшы болып неңді бұлаппын?

– Көпшілікке аян іс қой, бұлатпадың деп сен булыққалы қашан еді. Талатпадың деп таяққа жыққанды кім деп атауымыз керек, төрелігін өзің айтшы қәне! Сөзді тоса тұр!.. Бірақ біз үйге келгенде үйдей дау айтпақшы емеспіз. Мына қартымыздың ниетіне, татулық береке-бірлігіне ғана бас иіп отырмыз. Арты насырға шауып кетпеуі үшін сынған басымызды, тісімізге тісімізді басып әрең шыдап иіп отырмыз. Кәкім, сен ер болсаң, еңкейгенге артыңды теңкейтпе!

Кәкімнің көзі ақшиып орнынан көтеріле бергенде, Күнтуған шаңия жеңінен тартып отырғызды:

– Осы таластарыңның билігін маған беріңдерші!..
Құрышбек, арағыңды толтыра құй! – шаңия билігін шыны толы арақты бәріне қағыстырып ішіп алып айтты, – мен айтсам, әділі былай: "татулық" деген тағам емес, жел сөз ғой... Дүниедегі ең тәтті тағам — арақ, арақ! Енең...ді, ұқтыңдар ма!.. Арақтың құрметі үшін айтыссөз тоқтасын!.. Ішіңдер!

 

– Жоқ, мен мұнда арақ ішіп жарымайтынымды жамау бас кіргенде-ақ білгенмін! – деді Кәкім. Қамшысын ала атылып тұрып, дастарқан шетін баса, жанша тартты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 351 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

1001 - | 949 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.