Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

БИЛЕТ № 2




БИЛЕТ № 1

1.«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

Қазақстан Евразия орталығында орналасқан. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытай мемлекетімен, онтүстікте Орта Азия республикаларымен, батыста Каспий теңізімен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам. Жер көлімі 2 млн 756 мың шаршы шақырым. Қазақстан егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның егемендігін 25 қазан 1991 жылы алды. 1 желтоқсан 1991 жылы тұнғыш президент болып Нұрсултан Абишұлы Назарбаев сайланды. 1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды. Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар. Ол 30 тамыз 1995 жылы қабылданды. Қазақстан көп ұлттық мемлекет. Мында жүз отыз екі ұлттық өкілдері турады.

2.«Киіз үй» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Киіз үй деген не?

-Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.

-Ол немен ыңғайлы?

-Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшан тігуге ыңғайлы.

-Қыста қазақтар киіз үйді пайдаланып қалай қыстап шығады?

-Қыста қазақтар киіз үйдін сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген.

-Қазақтың киіз үйі ішкі қанқасы неге бөлінеді?

-Қазақтың киіз үйі ішкі қанқасы(ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай 4 қанат, 6 қанат, 12 қанат болып бөнеді.

-Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?

- Киіз үйдің іші4 – ке бөлінеді.

-Төрде қандай адамдар отырады?

-Төрде үлкен адамдар және қонақтар отырады.

-Сол жақ кімнің орны болып есептеледі?

-Сол жақ үйдегі үлкендердің орны болып есертеледі.

-Оң жақта не тұрады?

-Он жақта ыдыс аяқ тұрады.

3.Сөйлем. Сөйлем түрлері.

 

БИЛЕТ № 2

1.Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы туралы әңгімелеңіз.

Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит.

Онымен ағылшындар, итальяндықтар, француздар, немістер жазады. Латындар – римдік көне тайпалар. Олардың алфавиттері біздің дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырларда пайда болған.

Кеңес Одағы кезінде түркі тілінде сөйлейтін халықтардың арасынан шыққан көрнекті ғылым қайраткер Н.Н.Нариманов араб алфавитінен жалпы түркіге ортақ жаңа алфавитке көшу қажеттігі жайында ұсыныс жасады.

Бұл мәселе жөнінде Қазақстан ғалымдары да Қызылордада бас қосып, өзара пікір алысты.

Сонымен латын алфавиті 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзербайжанда, Өзбекстанда, Татарстанда кеңінен қолданыла бастады. Сөйтіп 1929-1939 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды.

Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика – орыс алфавиті қазақтардың уйнуіне, оқуы мен жазуына аса қолайлы еді. Сондықтан да жаңа алфавитке көшуге тіл білімінің көрнекті мамандары, ғалымдар С. Кеңесбаев, М. Балакаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев және тағы басқалары белсене қатысты.

1939-1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз арнаулы қаулы алды.

2.Туыстық атаулар бойынша диалог құрастырыңыз.

-Әкенің әкесі кім?

-Әкенің әкесі – ата.

-Әкенің шешесі кім?

-Әкенің шешесі - әже.

-Әке-шеше, ата-ана кімдер?

-Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар.

-Ұлдың міндетті неде?

-Ұлдың міндетті – ұрпақ жалғастыру, шаңырақ иесі болу.

-Қыздың міндетті неде?

-Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.

-Кім немере, кім шөбере аталады?

-Немере – ұлдың баласы, шөбере – немеренің баласы.

-Ағаның әйелі қалай деп аталады?

-Ағаның әйелі – жеңге.






Дата добавления: 2015-05-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1273 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.