Лекции.Орг


Поиск:




ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ




Мақсаты: «Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері» пәні курсының мақсаты - болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектермен таныстыру.

Пән типтік бағдарламасы бойынша аударма ісінің тарихы, теориялық негіздерін танытатын бөліктерден тұратынбазалық пән. Аударма теориясының негіздерін ғылым ретінде дамуына қысқаша тарихи шолу жасалынады және отандық, шетелдік тіл білімінің дамуының негізгі бағыттары қарастырылады, ғылымдардың аталған ғылымға қосөан үлесіне баса назар аударылады. шетел тілінің даму кезеңі мен танысу, санғасырлық даму тарихы бар тілді біртұтас жүйе ретінде тану, қазіргі шет тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық заңдылықтарымен және ерекшіліктерімен болашақ аудармашыларды таныстыру.

Нақты тілдік материалды қолдана отырып, ғылыми талдау мен зерттеу әдістерін жетілдіру,алған білімге теориялық тұжырымдама жатады.

Пәнінің міндеті – оқу үрдісінде студентерге мынандай мәселелерді меңгертуді көздейді:

– Пәннің құрамы мен мазмұнын, ондағы теориялық және практикалық мәселелерді;

– Аударма теориясының негізін оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптерін;

– Аударма түрлеріне байланысты жаңа технологияларды, интерактивті оқыту жүйелерін меңгеруді нысанаға алады.

Арнаулы семинарды оқыту барысында студент мынандай білік дағдыларды қалыптастыруы қажет:

– байқау, талдау оны қорытып жинақтау дағдыларын;

– аударма ісінің қалыптасу кезеңдеріне орай тарихи - әдістемелік жүйемен қарастыру жолдарын;

– студенттерге өздігінен жұмыс жүргізуі, ғылыми ізденістер жасау, дағдыларын меңгерту;

– зерттеу жұмысына қажетті әдістемелік, әдебиеттанымдық, биобиблиографиялық тағы басқа метериалдарды қарастыру жолдарын пайдаландыруға дағдыландыру;

– аударма байланысты жаңашыл әдістемелерді, оқытудың жаңа технологияларын, соңғы стратегияларды, интерактивті әдістерді қолдана білуді үйрету.

Арнаулы семинарды студент әзірлейтін баяндамасында өз ойын жүйелі құрастыра білуге оны ауызша және жазбаша ұғынықты қортынды жасай білуге, пайдаланған әдебиеттер тізімін жасауға, тағы басқаларға үйренеді. Студенттердің даярлайтын баяндамасы олардың тырнақалды ғылыми еңбегі іспетті, оған қойылатын талаптар мен оның қарастыратын тақырыптары әр алуан болуы мүмкін. Мұны студент оқытушының ақыл кеңесімен, ұсынуымен орындайды.

НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: Болашақ маман ретінде аударма теориясының негіздері, яғни, «Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері» пәнінің теориялық және практикалық ақпаратын терең меңгеруі.

Жалпы құзыреттілік: Пәнді игеру барысында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуы.

Кәсіби құзыреттілік: Пәнді оқытуға байланысты жаңашыл әдістемелерді, оқытудың жаңа технологияларын, соңғы стратегияларды, интерактивті әдістерді қолдана білу.

ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ:

a. Білу және түсіну: аудармашының кәсіби қызметі жайында толық мағлұмат ала отырып, болашақ мамандықтарына қазірден бейімделу.

b. Білімдерін қолдана білу және түсіну: кәсіби қызмет салалары мен элементтерін білу арқылы тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін ұғады.

c. Ойлау дағдыларын қалыптастыру: ол үшін студент берілген тапсырмаларды мұқият орындап, үнемі жаттығатын, зерттейтін, оқитын дағдыларды қалыптастыруға міндетті.

d. Коммуникативтік қабілеттер: тілдік қарым қатынасқа түсудің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға тырысулары қажет.

e. Оқудан алған дағдылары немесе оқуға деген қабілеттіліктері: таңдаған кәсіби мамандығына барынша қызығып, оқуға ынталы әрі белсенді болғандары абзал.

1. Пререквизиттері: тіл біліміне кіріспе, кәсіби шет тілі

 

2. Пәннің постреквизиттері: кәсіби қызмет негіздері, аударма теориясы, көркем аударма тарихы

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 968 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

775 - | 710 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.