Лекции.Орг


Поиск:




Ылым мен инновациялыҚ технологиялар




Ғылым мен инновациялық технологиялар қазіргі әлемде экономиканы дамытудың шешуші факторлары болып табылады. Әр түрлі бағалаулар бойынша дамыған елдерде өндіріс өсімінің 70-тен 90%-ға дейінгісі инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі екен. Тек жаңа технологиялар елге өндірістің тұрақты өсуін кепілдендіруі, сондай-ақ дүние жүзілік шаруашылық байланыстар жүйесіне экономиканы үйлестіру интеграциясын қамтамасыз етуі мүмкін.

Ғылым тұтас алғанда рыноктық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына жатады: мәселен, іргелі ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Ғылыми қызметті және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсаттарында Қазақстанда «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, оның жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайды. Қоғам қызметінің негізгі мәні елде ғылыми зерттемелерді практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін, басымдық, бастамалық, тәуекелдік зерттелімдерді дамытуға жәрдемдесу болып айқындалған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік етуге және оны пайдалануға құқық берілген.

Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржылық ресурстарды орталықтандыруды қажет етеді. Инновациялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі технопарктер болып табылады, өйткені олар – инновациялық инфрақұрылымның негізі. Технопарктердің негізгі миссиясы мынада: өндірістік алаңдар мен бизнес-қызметтердің инновациялық жобаларын бастамашыларға (ынтагерлерге) пайдалануға беру арқылы ғылыми зерттемелерді коммерциялау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Ұлттық деңгейдегі технопарктің міндеті бүкіл экономикаға мулътипликациялық нәтижесі болатын жүйе құрушы салаларды дамыту болады, өңірлік технопарктерді жасаудың мақсаты жекелеген өңірлердің шеңберінде экономиканың барлық сапаларында инновациялық қызметті ынталандыру болып табылады. Ұлттық деңгей технопарктерінің ерекшелігі – оның арнаулы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесінің болуы. Бұл ұлттық технопарк аумағында жұмыс істейтін компаниялардың айтарлықтай салықтық және кеден преференцияларының болатынын білдіреді. Өңірлік технопарктердің ұлттықтан айырмашылығы олардың катаң салалық бағыттылығының болмайтындығы, олар өңірдің жергілікті өнеркәсібіне жұмыс істейді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1743 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

773 - | 779 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.