Лекции.Орг


Поиск:




Эритроцитттердің формасы мен құрылымы

 

Сурет

 

Эритроциттердің популяциясы формасы және мөлшері жағынан бірдей емес.Адамның қалыпты қан құрамында негізгі көлемді алып жататын екі бүйірі қысыңқы- дискоциттер (80-90%).Бұдан басқа жалпақ планоциттер (тегіс беткейлік) және эритроциттердің ескірген формасы- эхиноциттер,шар тәрізді- сфероциттер,күмбез тәрізді- стомациттер Эритроциттердің ескіруі екі жолмен өтеді:кренированияланған (плазмолеммада үшкір ұштардың болуы) және плазмолемма бөліктерінің инвагинациясы.

Ескірген эритроциттердің пайда болуының бір себебі,ол гемолиз жолымен гемоглобиннің жойылуы,сөйтіп эритроциттер «көлеңке» түріндегі тек қана қабықтары қанның құрамында қалып қояды.

Эритроциттердің ең жас түрлері (1-5) ретикулоциттер болып саналады.Бұларды арнайы бояулармен бояғанда цитоплазмасында рибосомалар мен эндоплазмалық торлар көрінеді де,эритроциттерге тор пішіндес түр береді.Азур ІІ эозин бояуымен бояғанда сұр-көк түске боялады.

Көптеген ауруларда эритроциттердің аномальды түрлері де байқалады.Мұндай жағдайларда эритроциттердің құрамындағы гемоглобині (Нв) өзгереді.Нв молекуласындағы бір аминқышқылының өзгеруі эритроциттердің формасының өзгеруіне себеп болады.Мысалы,эритроциттердің орақ тәрізді болып келуі анемияда байқалады.Эритроциттердің мұндай түрлерін пойкилоцитоз процесіне жатқызады.

Өзгерген формалық эритроциттер санының шамамен 15 жоғарылауы- физиологиялық пойкилоцитоз болып табылады.

Эритроциттердің мөлшері-қалыпты жағдайда құбылмалы,эритроциттердің д-7,5 мкм,бұларды нормоциттер дейді.Қалған эритроциттер микроциттер мен макроциттер.Микроциттер д-7,макроциттер-8 мкм.Эритроциттердің мөлшерінің өзгерулері анизоцитоз деп аталады.

Эритроциттердің плазмолеммасының құрамында шамамен тепе-тең болып келген билипидті қабаты мен белоктар бар сыртқы гликокаликс қабатында көмірсулар бар.Мембрананың сыртқы қабатында теріс заряд болады.

Эритроцимт плазмолеммасында 15 негізгі белок бар.Белоктардың 60% –тейі спектрин,ал қалғаны мембранадағы гликофорин мен жолақ -3 болады.

Спектрин белогы цитоқаңқаны түзеді де,эритроциттердің түрін құрауға өатысады(екі бүйірі қысыңқы дискоциттерді)Плазмолемманың ішкі жағымен байланысқан.Спектрин молекуласытаяқша тәрізді,цитоплазманың белсенді филаменттерімен байланысып, «түйінді кешен»түзеді.Цитокаңқалық ақуыз спектрин мен актинді байланыстырып,біруақытта гликофорин белогыменде байланысады.

Плазмолемманың ішкі цитоплазматикалық беткейінде иілгіш торлы құрылым пайда болады,ол эритроциттердің формасын сақтап тұрады және жіңішке капиллярлар арқылы өтетін қысымға төтеп бере алады.

Эритроциттер спектринінің тұқымқуалайтын аномалиялары сферикалық формаға ие болады.Анемия кезінде де спектрин жетіспеушілігінде сферикалық формаға ие болады.

Цитоқаңқаның спектрині мен плазмолемманың байланысуы жасушаішілік ақуыз анкеринмен қамтамасыз етіледі.Анкерин спектрин мен плазмолемманың трансмембраналық белогын (жолақ 3) байланыстырады.

Гликофорин -трансмембраналық белок,бір тізбекті спираль түрінде плазмолемманың өткізгіштігін арттырады,оның көп бөлігі эритроциттәі сыртқы беткейінде болады,15 бөлек олигасахаридтер тізбегі байланысқан жерінде теріс заряд болады.Гликофориндер мембрандық гликопротеиндер класына жатады және рецепторлық қызмет атқарады.Гликофориндер тек эритроциттерде табылады.

Жолақ 3 -трансмембраналық гликопротеид,бұл полипептидті тізбек.Негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуына қатысып гемоглобинді эритроциттің цитоплазмасындағы негізгі белокпен байланыстырады.

Гликолипидтердің және гликопротеидтердің олигосахаридтері гликокаликсті түзеді.Ол эритроциттердің антигеннің құрамын анықтайды.Бұл антигендердің антиденелермен байланысуы кезінде агглютинация рекциясы жүреді.Эритроциттердің антигендері агглютиногендер,ал соған сәйкес келетін қан плазмасының антиденелері-агглютининдер.Қалыпты жағдайда қан плазмасында агглютининдер жоқ,бар болған жағдайда эритроциттердің аутоиммундық бұзылыстары дамиды.

Қазіргі кезде эритроциттердің антигендің құрамы бойынша 20-дан астам қан топтарын бөледі.Эритроциттердің плазмолеммасында «А»мен «В» агглютиногендердің бар екені анықталған.Бұлардың құрамындағы полисахаридтер эритроциттердің қан плазмасында болатын a,b-аглютининдермен жабысады.Агглютиногендер «А» және «В» және аглютининдердің(a.b,) қанда болуына байланысты қанның топтарын анықтайды.Эритроциттердің тұну жылдамдығы(ЭТЖ) дені сау ер адамдарда сағатына 4-8 мм,ал әйелдерде 7-10 мм.Бұл процесс қабыну кезеңінде аздап өзгеруі мүмкін.Эритроциттердің цитоплазмасының құрамында су -60%,құрғақ зат-40% болады.Құрғақ заттың қалғаны гемоглобин.

Эритроциттегі гемоглобиннің саны түсті көрсеткіштер арқылы анықталады.Электрондық микроскоппен көрген кезде гемоглобин эритроциттің гиалоплазмасында көптеген диаметрі 4-5 нм тығыз гранулалар түрінде көрінеді.

Гемоглобин-4 полипептидті глобин тізбектері мен гем-нен тұратын күрделі белок (құрамында темір бар),оттегімен (О2),көмірқышқылгазымен (СО2),улы иісті газбен(СО) байланысуға өте қабілетті.Гемоглобин оттегімен байланысып оксигемоглобинді,ал тіннен бөлінген СО2 эритроциттерде Нв байланысып немесе қосылып карбоксигемоглобинді түзеді.

Эритроциттердің бұзылуы немесе гемолизі құрамындағы гемоглобиннің жойылуынан байқалып отырады.Ескіріп,тіршілігін аяқтаған эритроциттер көк бауырдағы,бауырда, сүйек кемігіндегі макрофагтар арқылы ыдырап,гемі бар бөлігі темірлі жаңа эритроциттердің түзілуіне қатысады.

Эритроциттер аминқышқылдарды және полипептидтерді тасымалдайды,олардың қан плазмасындағы коецентрациясын реттеп отырады,сонымен қатар буферлік жүйе қызметін атқарады.Аминқышқылдарының және полипептидтердің тұрақтылығы эритроциттердің көмегімен атқарылып,адсорбциялап,әртүрлі тіндер мен мүшелерге таратады.Қорыта айтқанда,эритроциттер аминқышқылдары мен полипептидтердің депосы болып саналады.

Эритроциттердің орташа тіршілік ету мерзімі шамамен 120 тәулік.Күнделікті ағзада 200 млн эритроциттер жойылып отырады.Ескірген эритроциттердің плазмолеммасында бірқатар өзгерістер байқалады;цитоқаңқаны түзетін белок спектрин өзгереді де,ол болса эритроциттердің пішінін өзгертеді.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ан плазмасы | Гранулоциттер немес түйіршікті лейкоциттер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1177 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

766 - | 715 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.