Лекции.Орг
Лекции.Орг
 

Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

Этиологиясы. ҚД-2 көп факторлы тұқымқуалаушы бейімділікпен сипатталатын сырқат



ҚД-2 көп факторлы тұқымқуалаушы бейімділікпен сипатталатын сырқат. Бір жұмыртқалы егіздерде ҚД-2 конкорданттылығы 80%-дан асады. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың туыстарында да ҚД-2 ауыратындығы анықталады; ата-ананың біреуінде ҚД-2 дамыса, оның ұрпағында сырқаттың дамуы қаупі өмір бойында 40%-ды құрайды. ҚД-2 дамуына бейім полиморфизмді анықтайтын қандайда бір ген осы күнге дейін анықталмаған. ҚД-2-ге тұқымқуалаушы бейімділік көрінісінде сырқаттың дамуына сыртқы орта түрткілері, ең алдымен өмір сүру салты әсер етеді. ҚД-2 даму қаупін туғызатын себептерге жатады:

— семіздік, әсіресе висцеральды (11.2 бөлімді қараңыз);

— этникалық тиесілік (әсіресе, дәстүрлі өмір салтын батыстық өмір сүру салтына ауыстырғанда);

— жақын туыстарында дамыған ҚД-2;

— аз қозғалатын адамдардың өмір салты;

— емдәм ерекшеліктері (құрамында рафинирлі көмірсулар көп және аз мөлшерде торшалар бар тағамдарды қабылдау;

— артериальды гипертензия.

 

Патогенезі

ҚД-2 патогенетикалық зат алмасу бұзылыстарының гетерогенді тобы болып табылады, сондықтан бұл сырқаттың айқын клиникалық біркелкі еместігін көрсетеді. Оның патогенезінің негізінде β-жасушаларының секреторлы дисфункциясы көрінісінде дамитын инсулинрезистенттілік жатыр (инсулин әсерінен тіндермен глюкоза утилизациясының төмендеуі). Осылайша, инсулинге сезімталдықтың өзгеруі мен инсулин секрециясы арасындағы тепе-теңдік бұзылады. β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауына жауап ретінде инсулиннің «ерте» секреторлы бөлінуінің бұзылысымен түсіндіріледі. Секрецияның бірінші фазасы (жылдам), яғни инсулинге толы везикуланың босауы, шын мәнінде болмайды; 2-ші (баяу) секреция фазасы тұрақтанған гипергликемияға жауап ретінде үнемі тоникалық тәртіпте бөлінеді, бірақ инсулиннің артық бөлінуіне қарамастан, инсулинорезистенттілік көрінісінде гликемия дәрежесі қалпына келе алмайды (сурет 7.8).

Гиперинсулинемия нәтижесінде инсулин рецепторларының сезімталдығы мен саны төмендеп, инсулин әсерінен ынталанатын пострецепторлы механизмдердің тежелуіне (инсулинорезистенттілік) әкеледі. Бұлшықет және май жасушаларында глюкозаның басты транспортері (GLUT-4) мөлшері висцеральді семіздік көрініс берген науқастарда 40%-ға және ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарда 80%-ға төмендейді. Гепатоциттердің инсулинрезистенттілігі мен портальды гиперинсулинемия нәтижесінде бауырмен глюкозаның артық өндірілуінен, ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың басым бөлігінде, кейде аурудың бастапқы сатыларында дамитын ашқарынға гипергликемия анықталады.

Гипергликемия өз кезегінде β-жасушалардың секреторлы белсенділігінің дәрежесі мен сипатына кері әсерін тигізеді (глюкозаның уытты әсері). Ұзақ жылдар бойы дамыған гипергликемия ақыр соңында β-жасушалардан инсулин өндірілуінің азаюына (таусылуына) және науқастарда инсулин тапшылығы симптомдарының дамуына (дене салмағының төмендеуі, инфекциялық аурулармен ұштасатын кетоз) әкеледі. Дегенмен, кетоацидоз дамуының алдын алатын қалдықты инсулин өндірілуі ҚД-2 кезінде үнемі сақталады.

 





Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 263 | Нарушение авторских прав


Похожая информация:

  1. Болжамы. ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды
  2. Болжамы. Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын
  3. Болжамы. Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісінде жеңіл гипогликемияның
  4. Болжамы. Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады
  5. Болжамы. Протеинурия көрініс берген ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 50%-да
  6. Енді үш би бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен?- деген жиналған көп
  7. Салыстырмалы диагностикасы. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда естен танудың дамуына әкелетін басқа да себептер ескерілу керек
  8. Салыстырмалы диагностикасы. 1. Аналық бездің андрогенөндіруші ісіктері өте сирек сырқат болып табылады
  9. Салыстырмалы диагностикасы. Аса клиникалық маңызды болып саналатын ҚД-2 мен ҚД-1 салыстырмалы диагностикасының қағидалары 7.5 бөлімде
  10. Салыстырмалы диагностикасы. Ересек адамдарда гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігін дене салмағының айқын төмендеуіменсипатталатын бірқатар аурулармен
  11. Салыстырмалы диагностикасы. Жиі ФА мен Грейвс (ГА) ауруымен салыстырмалы даигностика жүргізіледі, себебі деструктивті тиреотоксикозбен көрініс беретін сырқаттарды
  12. Салыстырмалы диагностикасы. Созылмалы АИТ ҚБ көлемінің ұлғаюымен өтеді (Хашимото жемсауы), бұл кезде УДЗ бездің сырқатына тән


© 2015-2017 lektsii.org - Контакты

Ген: 0.009 с.