Лекции.Орг

Поездка - Медвежьегорск - Воттовара - Янгозеро: По изначальному плану мы должны были стартовать с Янгозера...

Построение спирали Архимеда: Спираль Архимеда- плоская кривая линия, которую описывает точка, движущаяся равномерно вращающемуся радиусу...

Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...

 

Категории:


Архитектурное бюро: Доминантами формообразования служат здесь в равной мере как контекст...


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки): Структурная и функциональная единица нервной ткани и он состоит из тела...

Эпидемиологиясы. Жалпы ҚБО өте сирек дамитын сырқат



Жалпы ҚБО өте сирек дамитын сырқат. Оған барлық локализациялы обырдың 1%-ы және обырдан дамитын өлім көрсеткішінің 0,5%-ы тиесілі. ҚБО жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100 000 адамға 0,5–10 жағдайды құрайды. АҚШ-та жыл сайын ҚБО-ның жаңа 18 000 жағдайы тіркеліп, жылына 1200 адам дүниеден өтеді. ҚБО көптеген кездерде түйінде жемсаумен сырқаттанған науқастарды диагностикалау барысында анықталады (3.8 бөлімді қараңыз). Жоғарыда көрсетілгендей түйінді жемсау құрылымында ҚБР-ына 1–4 % жағдай тиесілі болады. Басқа сырқаттар әсерінен алынған ҚБ тінін гистологиялық тексеру барысында кездейсоқ анықталған ҚБО жағдайларының жиілігі 10–20%, бірақ мұндай ісіктердің клиникалық маңыздылығ шектеледі. ҚБО жиі 40–50 жас аралығында анықталады, сирек балалар мен жасөспірімдерде дамиды. Жалпы алғанда әйел адамдарда жиі дамиды (2:1 — 3:1), бірақ егде жаста сырқаттанған ерлер саны салыстырмалы жоғары болады (3.33 кесте).

 

3.33 кесте.ҚБО эпидемиологиясы

 

ҚБО ҚБО-ның жалпылама сырқаттануы ішіндегі тиесілі бөлігі Манифестация жасы
Папиллярлы 70-80% 30-50 жас
Фолликулярлы 15% 40-50 жас
Медуллярлы 5% Спорадикалық: 50–60 жас Отбасылық: 40–50 жас КЭН-2 кезінде: 10–30 жас
Анапластикалық <5% 60-80 жас

 

Клиникалық көрінісі

Қазіргі таңда басым жағдайда ҚБО пальпация және ҚБ УДЗ-сі нәтижесінде анықталған науқастарға ЖИАБ-ны жүргізу мәліметтері бойынша анықталады. ҚБО-ның гистологиялық жеке түрлерінің ерекшеліктері төмендегі кестеде көрсетілген (3.34 кесте).

 

3.34 кесте.ҚБО жеке гистологиялық түрлерінің клиникалық көріністерінің ерекшеліктері

 

ҚБО Клиникалық ерекшеліктері
Папиллярлы Баяу дамиды, бір сатыда он жылдан астам дамуы мүмкін. Мультифокальды 30 % жағдайда. Науқастардың 95 % жағдайында зақымдану мойын шекарасынан асып өтпейді, науқастардың 15–20% мойын лимфа түйіндеріне метастаз береді. Лимфогенді метастаз беру тән.
Фолликулярлы Агрессивті, жиі өкпеге гематогенді метастаз береді.
Медуллярлы ҚБ С-жасушаларының мультифокальды гиперплазиясы тән. Үдемелі дамиды; метастаз беру сатысында жиі дамитын симптом — диарея (30 %). Кальцитонин деңгейі жоғарылайды (гипокальциемия дамымайды), басқа гормондар сирек жағдайда жоғарылайды (эктопирленген Кушинг синдромының дамуымен АКТГ).
Анапластикалық Тез инфильтративті өседі, кеңірдек, ірі қантамырларды қоршап, респираторлы симптоматиканың дамуына жол ашады.

 

Түйінді жемсаумен сырқаттанған науқастардың анамнезін және клиникалық көрінісін зерттеу барысында анықталған түйіннің қатер қаупін жоғарылататын төмендегі белгілерге ерекше назар аудару қажет:

• анамнезінде бас пен мойынның сәулененуі;

• туыстарында дамыған медуллярлы обыр немесе ҚЭН-2;

• 20 жастан кіші немесе 70 жастан жоғары жас шамасы;

• ер адамдар;

• түйінді түзілістің жылдам өсуі;

• түйіннің тығыз немесе қатты консистенциясы;

• мойын лимфаденопатиясы;

• түйінді түзіліс ығысуының болмауы;

• үнемі дауыстың қарлығуы, дисфония, дисфагия немесе ентікпе.

Сирек жағдайда ҚБО, әсіресе жоғары дифференцирленген ҚБО кеш метастаз берумен манифестацияланады, әдетте алдымен мойын лифаденопатиясы дамып, кейіннен УДЗ бойынша ҚБО анықталады.

 





Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав


Похожая информация:

  1. Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
  2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі
  3. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
  4. Болжамы. ҚД-мен сырқаттанған науқастардың 2%-да соқырлық дамиды
  5. Болжамы. Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын
  6. Болжамы. АБПС кезінде дамитын гирсутизм емделмеген жағдайда менопаузальды кезеңге дейін үдемелі дамып
  7. Болжамы. Арнайы оқытылған науқастарда сырқаттың жақсы компенсациясы көрінісінде жеңіл гипогликемияның
  8. Болжамы. Инсулиндік терапияны қабылдамаған ҚД-1-мен сырқаттанған науқас кетоацидоздық комадан қайтыс болады
  9. Болжамы. Протеинурия көрініс берген ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 50%-да
  10. Көліктегі қылмыстардың жалпы сипаттамасы
  11. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
  12. Негізгі сұрақтар. 1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері


Поиск на сайте:


На сайте можно прочитать про:

Поездка - Медвежьегорск - Воттовара - Янгозеро: По изначальному плану мы должны были стартовать с Янгозера...

Построение спирали Архимеда: Спираль Архимеда- плоская кривая линия, которую описывает точка, движущаяся равномерно вращающемуся радиусу...

Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


© 2015-2017 lektsii.org - Контакты

Ген: 0.006 с.